Сайыстағы саңлақтар

11.01.2019

Көрулер: 3250

Волейбол және шахматтан өткен жарыста ҚазҰУ-дың отызға жуық оқытушылары мен қызметкерлері сайысқа түсті.

Ең жоғары көрсеткіштерді физика-техникалық, механика-математика, халықаралық қатынастар факультеттерінің шахматшылары көрсетті. Үздік ойыншылар болып физика-техникалық факультетінің доценті міндетін атқарушы Иван Цыганов пен механика-математика факультетінің аға оқытушысы Гүлнар Рзаева танылды. Үшінші орынды халықаралық қатынастар факультеті иеленді.

Волейбол бойынша спорттық жарыстар жанкүйерлердің қолдауына ие болды. Дәлдеп лақтыру мен үздік соққыларды заң факультетінің командасы көрсетті. «Жеңіліске мүмкіндік жоқ» деген ұранмен шыққан әскери кафедра командасы екінші раундта жақсы өнер көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты. Алайда, әскери кафедра командасы қысқа сетте заң факультетіндегі әріптестеріне жол беріп турнирлік кестеде екінші орынды иеленді.

Философия және саясаттану факультетінің тағы бір үздік командасы волейболдан жарыс кезінде ерекшеленіп, өз шеберліктерін танытты. Тең деңгейдегі күрес кезінде олар тек үшінші орынға табан тіреді. Үздік волейболшылар болып әскери кафедра циклінің басшысы Воронин Владимир және заң факультетінің аға оқытушысы Ақынқожа Жаныбеков танылды.

www.kaznu.kz