Жас ғалымдар премьер-министрмен кездесті

22.12.2018

Көрулер: 3183

Ағымдағы жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының жас ғалымдарымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстандағы ғылымның қазіргі жағдайы мен даму келешегі турасы айтылып, ғылымды басқару жүйесі мен докторантура бағдарламасын дамыту, жоғары білім беру мекемелерін заманауи техникамен жабдықтау, ғылыми дәреже беру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Кездесуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінің директоры, PhD Әмірхан Темірбаев, физика-химиялық зерттеу және талдау орталығының жетекшісі, профессор Болат Кеңесов қатысты.

Басқосу аясында Болат Кеңесов жоғары оқу орнының ғылымына және ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын студенттерді тарту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ перспективті университеттерді соңғы заманауи техникамен жабдықтауды, PhD-докторанттар стипендиясын 150 мың теңгеге дейін арттыруды, бітіруші-докторанттарға арналған ұлттық бағдарламаны енгізуді ұсынды.

www.kaznu.kz