«Noblesse oblige» идеясын іске асыру және Қиыр Шығыс кафедрасы

30.01.2018

Көрулер: 2486

2018 жылдың 29-шы қаңтар күні Алматыда ҚазҰУ-дың ректоратында «Шинхан банк Қазақстан» АҚ-ның жылдық шәкіртақыны табыстау салтанаты өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің жеті студенті 100 000 теңге көлемінде шәкіртақы алды. «Шинхан банк Қазақстан» АҚ-ның шәкіртақы ұсыну рәсімі 10 жылға жуық уақыттан бері іске асып келеді. Осылайша «Шинхан банк Қазақстан» АҚ жылда «Noblesse oblige» идеясын іске асыруда. Осындай іс-шаралар студенттердің корейтануға деген қызығушылығын көтеріп, «Шинхан банк Қазақстан» АҚ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы оқу-білім және ғылым салаларындағы қарым-қатынасты нығайтуда. Қарым-қатынасты осылайша нығайту әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дамуына үлес қосып, корейтану бөлімінің студенттеріне көмек көрсетеді. Шәкіртақыға ие болған біздің студенттерді құттықтаймыз және өздерінің білімі мен болашағына нық сенімді жоғары дәрежелі маман болуына тілектеспіз.