ҚазҰУ-дың бірегей жобасы

20.09.2018

Көрулер: 3498

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен ғалымдары Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегей әрі өзгелерге үлгі боларлық ғылыми-білім беру орталығын құрды. Бұл туралы ҚазҰУ ұжымымен өткен кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко мәлімдеді.

Елімізде 2015 жылдан бастап жоғары оқу орындарының бастамасымен ҚХА орталықтарын құру бойынша жұмыс басталған болатын. Бір атап өтерлігі бүгінгі таңда әлемде мұндай тәжірибе жоқ. Маңызды әрі алар орны ауқымды жұмыс елдегі әлеуметтік үдерістерге сай студенттердің арасында қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі туралы білімді қалыптастырады.

«ҚазҰУ көпке үлгі боларлық әдістемелік әрі сенімді бағытты ұстанған. Өйткені этносаралық қатынастар өте мұқият қарауды талап етеді. Әрбір этностың философиялық, тарихи, психологиялық сұрақтарының маңыздылығын ескермей қоғамдағы этно-әлеуметтік үдерістерді дамыту мүмкін емес. Жоғарыда айтылған маңызды құрамдарсыз біз этносаясаттың маңызды моделін құра алмаймыз»,– дейді Леонид Прокопенко.

2016 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың базасында яғни саясатттану және философия факультетінде құрылған ҚХА орталығы, жастардың қоғамдық-саяси үдерістердегі ерекшеліктер мен әлеуметтенуіне бағытталған 30-ға жуық гуманитарлық кафедраның қызметін біріктіреді. Орталық жалпы әлеуметтік-гуманитарлық кафедралардың жұмысын және жастарға жалпыұлттық және конфессияаралық келісім қағидаттарын түсіндіру бойынша қызмет жасайды.

«Университет үшін басты мақсат – білікті мамандарды дайындау ғана емес сонымен қатар мемлекет пен жалпы әлемнің рухани-адамгершілікке бай азаматтарын тәрбиелеп шығару. Осы орайда ҚазҰУ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Университет 4.0» атты қарқынды даму моделін әзірлеген болатын. Бұл өз кезегінде университет ұжымын БҰҰ-ның өркениет альянсы қолдаған ізгілікті қоғам азаматтарын қалыптастыруына себепші болды. Бүгінде аталмыш жоба БҰҰ-ның «Жаһандық азамат» бағдарламасына кірді»,– деді ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов. Осы орайда атап өту керек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық Хабы болып табылады.

Сонымен қатар университет ғалымдары мен оқытушылары Конрод Аденауэр Қорының қолдауымен көптеген әлеуметтік инжинирингтің әлеуметтік зерттеулерін жүргізді. Және де «Қазақстандағы этникалық топтардың өмір сүруі» атты монография шығарылған болатын. Аталмыш қор ҚХА ғылыми-білім беру орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.

«Бүгінде Университеттің тіл кафедралары орталық әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста ауқымды жұмыс жасауда. Университетте оқу-тәрбие үрдісінің барлық субъектілер бойынша қарқынды жұмыс жасауы– патриотизмді тәрбиелеу, жалпы ұлттық келісімнің негізгі қағидаларын қалыптастыру бойынша жауапкершілігін көрсетеді»,– деп атап өтті ҚазҰУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Жаманбалаева.

Сонымен қатар Л. Прокопенконың университет аумағындағы СҚО "Керемет", Әл-Фараби атындағы кітапхана, мен жағдаяттық басқару орталығын аралап жұмыстармен таныс болды.

Баспасөз қызметі