Арнайы кеш

19.09.2018

Көрулер: 3192

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында 1 курс студенттеріне арналған кеш өткізілді. Тәрбие жұмысының белсенді түрде жасалуының нәтижесінде кафедра студенттері үнемі көптеген жарыстар мен байқауларға қатысып, үздіктер қатарынан көрініп жатады. Ал осы жолы кафедрада оқуға түскен 1-ші курсты жыл сайынғы студенттер қатарына қабылдау кешін өткізді. Бұл іс-шараға Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, оқытушы-профессорлар құрамы, 1-4 курс студенттері, сонымен қатар ҚазҰУ-да білім алып жатқан жапон студенттері қатысты. Осы жылы студенттер саны өткен жылмен салыстырғанда біршама артық. Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі Наталья Борисовна Ем құттықтау сөз сөйлеп, жапон бөлімінің тарихы, оның дамуы мен жетістіктері жайында баяндап, оқытушыларды таныстырды. Әр курс концерттік номерлерін көрсетіп, танымдық ойындармен көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар ҚазҰУ-да білім алып жатқан Жапон студенттері де сөз сөйледі. Негізгі бөлімнен кейін шетелден оралған жоғарғы курс студенттері өз тәжірибелерін, саяхаттары мен оқулары жайлы баяндап, кештің көңілді өтуіне атсалысты. Мардымды әрі тартымды өткен кеш университеттің табалдырығын жаңадан аттаған студенттерге үлкен бағдаршам сияқты білімнің соқпақ жолдарына нұр шашып, сүрінбеу өтуіне септігін тигізетініне сенімдіміз.  

Қиыр Шығыс кафедрасы