Төзімділік - халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімділіктің жалпы және бірегей принципі

30.11.2017

Көрулер: 4706

Өтетін орны: ХҚФ, 303 аудитория, Қарасай батыр 95.

Өтетін уақыты: 30 қараша 2017 жылы, сағат 16:00-де.

Ұйымдастырушылар: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы Сатыбалдина Н.К., әлемдік экономика, аймақтықтану, халықаралық құқық, аударма мамандықтарының бірінші курс магистранттары.

Қазақстанда тұратын халықтардың мәдени қарым-қатынасы тұрғысынан ерекше тарихы бар. Халықтардың өзара қарым-қатынасы өмірдің барлық салаларына – тілге, мінез-құлқына, өмір салты мен ойлауға, менталитетке енеді. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді және көптеген жылдар бойы біздің елімізде төзімділікке негізделген этносаралық мінез-құлықтың ерекше моделі қалыптасқан. Осы мәселені зерттеу үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде, 30 қарашада, сағат 16:00-де, 303 аудиторияда «Айналайыңды нұрландар» жобасының аясында жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы Сатыбалдина Н.К. және аударма ісі, әлемдік экономика, аймақтану, халықаралық құқық мамандықтарының 1 курс магистранттары ұйымдастырған «Төзімділік - халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімділіктің жалпы және бірегей принципі» атты тәрбиелік іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға Қытай мен Тәжікстаннан келген магистранттар қатысты. Олар Қазақстан Республикасында этносаралық толеранттылықтың жоғары деңгейін және осы мәселеде қазақ халқының ұлы еңбегін атап өтті.

Іс-шараның барысында «төзімділік» ұғымы ашылып көрсетілді, психологияда төзімділіктің түрлері, артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды, төзімділік пен шыдамдылықтың айырмашылықтары анықталды, төзімділіктің Қазақстанда дамуы көрсетілді. Оқытушы Сатыбалдина Н.К. сұрақтар қойды, магистранттар талқылауды ұйымдастырды. Магистранттар Қазақстандағы төзімділікті дамытудың негізгі бағыттары туралы презентацияны дайындады. Презентацияда бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 17 діни конфессияға жататын 140 ұлттың өкілдері үйлесімділік пен тұрақтылықта өмір сүріп келе жатқанын ескере отырып этносаралық төзімділіктін идеясы сәтті іске асқаны көрсетілген. Магистранттар Қазақстанда Президент Н.Назарбаевтың ұлтаралық төзімділік пен қоғамдық келісім моделін дамытқанын айтты. Модельдің таныстыруы ЕҚЫҰ-да, сондай-ақ БҰҰ-да өткізілді. Сонымен қатар магистранттар М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің тарих факультетінде Ресей университеттерінің студенттеріне арналған «Қазақстанның этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің моделі» атты арнайы оқыту курсы өткізілетінін атап өтті.

Қазақстандағы төзімділік туралы айта келе, магистранттар қазақ мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторы ретінде азаматтық бейбітшілік пен этносаралық келісімді нығайтудағы мақсатты күш-жігерін жұмсайтындығын атап өтті. Іс-шара барысында магистранттар қазақстандық патриотизмге және этносаралық келісімге, сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға және қоғамдағы төзімділікке негізделген жалпыұлттық идеяны белсенді талқылады.

Сонымен қатар, магистранттар еліміздің жетістіктерінің бірі - ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, Қазақстан халқының бірлігі екенін атап өтті.

Іс-шара барысында магистранттар аудиторияны түрлі-түсті шарлармен безендіріп, плакаттар мен түсті иллюстрациялар қолданды.

Іс-шара Қытай мен Тәжікстаннан келген шетелдік студенттердің қатысуымен жоғары деңгейде өтті және халықаралық сипатта болды.