№ 6 мектеп-интернат

29.11.2017

Көрулер: 3334

Даму интеллектуальдық қабілеті төмен балаларға арналған №6 арнайы (түзету) мектеп интернатына бардық. Балаларға арнап әр түрлі тәттілер,жемістер,тағамдар алып бардық және сол жердегі балалармен танысып,әңгімелесіп,оқуларына көмектесіп,сол жердегі тәрбиелеушілерден жағдайларын сұрадық. Ол жердегі балалардың жартысының ата-анасы бар,өкінішке орай жартысының ата-аналары тастап кеткен екен. Бұл балалар даун,аутизм және т.б басқа аурулармен ауырады екен.Балалар барынша бізді қуанышты қарсы алып,жылы шырай танытты.Бірақ-та жанарларында бір мұң жатты қаншалықты қуанышты болып тұрғанымен....  Әр бала бақытты болуға, ата-ана махаббатына бөленуге лайықты және де бұл аурумен ауыратын балалар ерекше дарын иесі. Әкесінен де,анасынан да айырылған балалар ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты сезінгісі келеді.   Дүниеге келген әрбір бала отбасының қасында болсын,ата-анасының мейіріміне бөленіп жүргей.