Әзербайжан елшісімен өткен кездесу

19.04.2018

Көрулер: 2501

Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов шығыстану факультеті студенттерімен кездесіп, елші сағатын өткізді.

Шараны ұйымдастырғанына алғыс білдірген елші Әзірбайжан демократиялық Республикасының 100 жылдық мерекесін тойлау аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, шығыстану факультетінің Түрксой кафедрасында Әзербайжан ғылыми-білім беру орталығы ашылатынын жеткізді. «Орталықта Әзербайжан тарихы мен мәдениеті, тілі мен әдебиеті терең зерттеліп, түркітануға қатысты бірлескен шаралар өткізілетін болады», - деді Рашад Маммадов. Сондай-ақ елші биылғы жылы Әзербайжан ақыны Гусеин Жәуидтің 100 жылдығы. Осыған орай халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы тарапынан тойланатын ақынның мерейтойын ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде атап өтілетіндігі жайлы да хабардар етті.

Кездесу барысында тараптар студенттік алмасу, бірлескен жобалар әзірлеу, тәжірибе алмасу, оқытушылардың біліктілігін арттыру бағыттарын талқыға салып, ҚазҰУ-мен Бакудегі мемлекеттік университет арасында келісім жасасу мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс айтты.

Түрксой кафедрасы