«Қытай тілі көпірі»

15.04.2018

Көрулер: 3270

«Қытай тілі көпірі»

14 сәуір күні қытай тілі бойынша汉语桥 -  «Қытай тілі көпірі» сайысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ университеттері арасында өтті.
1-ші турда студенттер қытай тілінде өздерін және өздерінің шығармаларын таныстырып, жюридің сұрақтарына жауап берді.
2-ші турда қатысушылар қытайлық мәдениет туралы білімдерін және өнерлерін көрсетті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының келесі студенттері  Жанель Онланова  бірінші орынға ие болса (2 курс),  3 орынды  Ляззат Өмірзақова, Баян Бурхан, Арай Азбаева (4 курс)жеіп алды.
1-ші турда Жанел Онланова 哈中关系桥梁 (Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардын көпірі) атты эссе ұсынса, 2-ші турда,  相声 (дәстүрлі қытай комедиялық ауызекі орындау жанры) мини-спектаклді орындады.
Байқауда 1-ші орын алған 2-курс студенті Қытайдағы кез-келген университетте бір жылдық грантға ие болады.
Конкурстың жеңімпазы, аударма ісі мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенті Жанел Онланова 24-25.04.2018 Қарағанды қаласында өтетін республикалық деңгейдегі олимпиаданың финалына қатысады.