Аймақтану бойынша Х республикалық пәндік олимпиада

29-нау-18

Көрулер: 3339

Олимпиадаға республиканың алты оқу орнынан аймақтанушы студенттерінің 10 тобы қатысты: Алматы Менеджмент Университеті, М. Өтемісұлы ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Абылай хан ат. ҚазХҚ және ӘТУ, «Туран» университеті. Олимпиаданың қатысушылары халықаралық қатынастардың жүйелі тарихы, әлем халықтары мен аймақтарының тарихы бойынша өз білімдерін паш етіп, тәуелсіз Каталонияның құрылу мәселесіне қатысты дебаттарда өздерін көрсетті. Сайыста әл-Фараби ат. ҚазҰУ (қазақ бөлімі) және Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ (орыс бөлімі) топтары жеңіске жетті. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚазҰУ дипломдары мен сертификаттарына, сыйлықтарға ие болды.