"Жас архивист" үйірмесінің отырысы

25.11.2017

Көрулер: 2612

2017 жылдың 25 қарашасында сағат 13-00-де 402 аудиторияда «Жас архивист» клубының кезекті мәжілісі өткізілді. Мәжілісте ұйымдастыру мәселелері және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ережесі таныстырылды.

Мәжілісте 4-курс студенті Әзиза Есеболат «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық архивінің жеке тектік қорлары» тақырыбындағы баяндама жасады. Клуб мүшелері тақырыптың жекелеген мәселелерін тереңірек қарастыру мақсатында сауалдар қойды. мүкіндік тудырды. Әзиза қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің сатылары туралы және өз тәжірибесін ортаға салды.

Екінші «Құжаттама және оның заманауи проблемалары» атты баяндаманы 2-курс студенті Бағлан Әбеу оқыды. Бағлан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында бірқатар ұсыныстар айтты. Баяндама қызу пікірталас тудырды. Клуб мүшелері сауалдар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

Мәжілістің соңында әрбір мүшеге нақты тапсырмалар берілді. Клубтың келесі мәжілісінің өткізілетін күні анықталды.

дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы