Екпелік алдын алу бойынша республикалық конференция

29-нау-18

Көрулер: 3511

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «ҚР-да жұқпалы аурулардың екпелік алдын алудың өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің РМК «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медициналық факультетінің эпидемиология және гигиена кафедрасы, және «Вакцинология» ҚБ-ның ұйымдастыруымен өтті.

Конференция жұмысына ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттерінің дәрігер-эпидемиологтары, педиатрлар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, Алматы және Астана қаласы мен облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының иммунды профилактиканы ұйымдастыру мәселеріне жетекшілік етуші мамандар, сонымен бірге жеке егу кабинеттері мен орталықтарының мамандары, еліміздің медициналық жоғарғы оқу орындарының профессорлық оқытушылар құрамы және де магистранттар мен студенттер қатысты.

Аталмыш конференцияда иммунопрофилактика саласының жетекші сарапшылары мен ғалымдары екпелік алдын алуды ұйымдастыру мен қатар қазіргі екпелердің тиімділігі, инфекциялық аурулар эпидемиясының алдын алу мақсатында халықты екпемен қамту деңгейін арттыру жолдарының өзекті мәселелерін талқыланды. Шараға атақты шетелдік мамандар, оның ішінде Ресейден - «Федералдық медициналық-биологиялық агенттіктің балалардағы жұқпалы аурулар ҒЗИ» ФМБА жұқпалы аурулардың алдын алу бөлімінің басшысы С.М Харит, МББМ «Оңтүстік-Орал мемлекеттік медицина университеті» терапия кафедрасының меңгерушісі Г.Л. Игнатова, Мәскеу қаласының Балалар жұқпалы аурулар ОӘА бас маманы А.Ю. Ртищев, «Санофи Пастер» компаниясы өкілдігінің медициналық сараптама бөлімінің жетекшісі А. Гольдштейн, сондай-ақ «GlaxoSmithKline» Ресей және ТМД-дағы екпелердің медициналық бағытының жетекшісі Е. Шпеер (Ұлыбритания) және Өзбекстандағы ДДҰ өкілдігінің ұлттық маманы Р. Латыпов өз баяндамаларын оқыды.

 

Эпидемиология және гигиена кафедрасы