Цукуба университетінің жаңа студенттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да

29-нау-18

Көрулер: 3507


Кампус ішіндегі кампус бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанына төрт жыл болды және осы оқу жылының қазіргі семестрінде Қиыр Шығыс кафедрасы Ортақ білім беру бағдарламасы аясында Жапония, ТМД, Балтық елдеріндегі мультилингвистік жүйе бойынша экономика және ғылым саласындағы кадрларды даярлау мақсатында Цукуба университетінің жаңа студенттерін қарсы алуда (15 ақпан, 2015 жылғы келісіміне сәйкес).

«Аймақтану. Орталық Азияның саясаты, экономика және мәдениеті» бағдарламасы теориялық білім берумен қатар, Орталық Азияның тарихи жәдігерлерімен танысуды қамтитын практикалық білім беруді қамтамасыздандырған.

Жыл сайын бағдарлама неғұрлым тартымды бола түсуде, ал ең бастысы, жапон студенттері арасында танымалдылығы артуда. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туралы видеороликті Цукуба университетінің әр корпусында көруге болады. Жапония және Орталық Азия бойынша ғылыми-зерттеу орталығы жаңа пәндерді, сондай-ақ далалық зерттеу бағытын ұсынады.

Аталмыш бағдарлама нәтижесі ретінде Цукуба университеті Гуманитарлық білім факультетінің төрт студенті үшін Қазақстан жайлы жаңа білім алып, сертификаттармен марапатталуды қамтитын 2018 жылғы жаңа Қысқы мектептің ашылуы болды. Қорытынды іс-шара ретінде шетел студенттері Қазақстан жайлы әсерлермен, өздерінің ғылыми қызығушылықтары және болашақтағы жоспарларымен бөліскен семинар өткізілді. Магистратура бағдарламалары бойынша ҚазҰУ-ға қош келдіңіздер!

Қиыр Шығыс кафедрасы