Флоренция қонақтары

26-нау-18

Көрулер: 2719

Тарих, археология және этнология факультетінің археология, этнология және мұрағаттану кафедрасының ұйымдастыруымен Италияның Офифичо Дель Пьетр Дюра (Флоренция) бас реставрация институтының делегациясымен кездесу болды.

Аталмыш кездесуде археология, этнология және мұрағаттану кафедрасы меңгерушісі Ғ. Омаров пен студенттер, оқытушылар қатысты. Делегация құрамында, асыл тастарды қайта өңдеу мектебінің директоры және халықаралық тренингтер жобасының бас менеджері Летисия Монтальбан, археолог, мозаика және асыл тастарды қалпына келтіру бөлімінің директоры, археологиялық қызмет директоры Анна Патера мен ITP жобасының үйлестірушісі (International Trainig Projects) Анналиша Лусуарди болды. Өз істерінің маманы атанған шеберлер археологиялық заттарды қалпына келтіру және сақтау жолдары туралы айтты. Мозаикаларды тазалау және сақтау жұмысына кеңінен тоқталып, жұмыс кезеңіндегі суреттерді көрсетті. Сондай-ақ тас мүсіндерге реставрациялық жұмыстар жүргізу технологиясын да айтып түсіндірді. Делегация ұжымы Италияның реставрация институты туралы студенттер мен оқытушыларға, гранттар алу жолдары мен онда оқу, тәжірибеден өту, біліктілікті көтеруге арналған курстар туралы айтып, келушілердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар реставрация институтында оқып жүрген және бұрын оқыған студенттердің немен айналысқандығын, жалпы оқу процесі қалай, қанша уақытта іске асатындығы жайлы толық мағлұмат берді.  

 

                            Археология, этнология және мұрағаттану кафедрасы