Оңтүстік Бароккода өткізілген көктем

19-нау-18

Көрулер: 3351

«Шетелдік тағылымдама» терминнің жиілігіне қарамастан, оған қатысу өте қиын, оны ұйымдастыру одан бетер қиын жол болмақ. Дегенмен, осы жолдың қиындықтары деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасарын, Баубекова Алмагуль Сериковнаны қорқытқан емес. Бұл жол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті және Саленто Университетінің (Италия) арасындағы серіктестік келісімшарттың түзілуі бойынша алғашқы қадамдары мен тағылымдама кезінде болатын жоспардан тыс, төтенше жағдайларды шешу бойынша қашықтан қолдау және көмектесу мәселесін ажыратады.

2017 жылдың қыркүйек айында серіктестік бойынша келісімшартқа қол қою бойынша жұмыс басталған, әрі жұмсалған еңбектің жемістері бір айдың ішінде көрінді. Осылай, Баубекова А.С. және оның жасаған келісімшарты арқасында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «INTER-ASIA» атты халықаралық проектіге қосылды. Бұл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология және Биотехнология Факультетінің бакалавриат және магистратура студенттеріне Италияға жолын ашты. Аталмыш университеттерінен басқа проектіде келесі ЖОО қатысты: Цзинань Университеті (Гуанчжоу, ҚХР), Сари ауылшаруашылық ғылымдар және табиғи ресурстар университеті (Сари, Иран), Ғылым және технология Ұлттық Университеті (Исламабад, Пакистан) және Тегеран Университеті (Тегеран, Иран). «INTER-ASIA» халықаралық проектіне қатысуға арналған регистрация 2017 жылдың 11-ші қазанында жабылды, нәтижелері қараша айының басында жарияланды. Осыған сәйкес Лечче қаласында төрт айлық тағылымдамадан өту үшін әр университеттен 5 студент таңдалды, ал Саленто Университетінен Азия университететтерінде тағылымдамадан өту үшін 5 студент таңдалды.

«INTER-ASIA» халықаралық проекті Саленто Университеті және Азиялық аумақтың университеттері арасындағы ғылыми серіктестіктің дамуына бағытталған. Осы проекттің шеңберінде біздің студенттеріміздің Саленто Университетіндегі Жаратылыстану ғылымдары факультетінде академиялық мобильділік жүзеге асып отыр. Саленто Университеті 2015 жылы жарияланған Times Higher Education World University Rankings тізіміне сәйкес «Әлемнің ең үздік университеттері» бойынша 251-275 орынды, ал Италияда бесінші орынды алады.

Тағылымдамадан өту үшін магистранттарды келесі лабораторияларға жіберді: «Теңіз экологиясы», «Клеткалық биология», «Генетика» және «Өсімдіктер экологиясы». Бижанова Назерке және Утебаева Гульмира Теңіз экологиясы лабораториясында жұмыс жүргізеді, бұл лабораторияның зерттеу жұмыстары, негізінен, Балықшылық және су дақылы зерттеу институтында жұзеге асады, оның негізгі мақсаты Акуатина аумағының (Acquatina di Frigole) биоалуантүрлілігін зерттеу болып табылады. Тәңірбергенова Әсем Клеткалық биология лабораториясында тағылымдамадан өтуде әрі иммунды клеткалардың құрылымын, макрофагтардың белсендірілу жолдары мен ісіну үрдісінің иммундық реакциясын зерттейді. Байжигитова Диана Генетика лабораториясында геном тұрақтылығының бұзылыстарына әкелетін үрдістердегі piRNA жолдарын экспериментальды зерттеуде қатысады. Мамирова Айгерим тағылымдама барысында Өсімдіктер экологиясы лабораториясы ұжымына қосылды, бұл лаборатория Olea europaea түрінің Xylella fastidiosa түрімен (бұл бактерияны  оның жиілігі мен жоғары қауіптілігі үшін «зәйтүн алапес» деп атайды) әрекеттесуі кезіндегі қорғану жүйесін зерттеуімен, жеке айтқанда, аталмыш бактериямен жұғуына жауап ретінде азелаин қышқылының концентрациясының өзгеру корреляциясын зерттеуімен айналысады. Саленто Университетінің лабораториялары барлық керекті озық құрылғылармен жабдықталған, бұл лаборатория мүшелерінің ғана емес, сонымен қоса, біздің студенттерінің зерттеу жұмысының өнімділігіне себептеседі.