«Ғылыми-техникалық прогресс: оның даму рөлі мен болашағы»

25.10.2017

Көрулер: 4423

25 қазан күні Алматы қ. Қарасай батыр көшесі 95, халықаралық қатынастар факультетінің 311 ауд. мекенжайы бойынша «айналаңды нұрландыр» жоба аясында, «Ғылыми-техникалық прогресс: оның даму рөлі мен болашағы» тақырыбына, «Әлемдік экономика» мамандығының орыс бөлімінің 1 курс магистранттардың қатысуымен іс-шара өтті.

Ұйымдастырушылар: з.ғ.к., халықаралық құқық кафедрасының доценті Досымбекова М. С., з.ғ.к., доцент Татаринов Д. В. Іс-шараның мақсаты: заманауи технологиялардың жалпы қоғам өміріндегі рөлі мен әсерін көрсету және ғылыми-техникалық прогресінің даму перспективаларын қарастыру.

Міндеттері:

 1) ғылыми-техникалық прогресінің қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін әсерін корсетіп, оның зиянды әсерінен қорғау жолдарын қарастыру.

2) ғылыми-техникалық прогресті дамытудың қауіп-қатерлерін және перспективаларын қарастыру.

Кездесу қорытындысы:

Іс-шара соңында

Іс-шара нәтижесінде қатысушылар жаңа технологиялар саласында жаңа білім алып, заманауи технологиялар денсаулыққа және қоршаған ортаға жақсымен қатар кері әсерін де тигізіп жатыр деген қорытындыға келді. Сондай-ақ, іс-шара барысында жаңа технологиялардың зиянды әсерлерінен қорғау тәсілдері талқыланды.