ҚазҰУ QS-те ілгері жылжыды

01.03.2018

Көрулер: 5581

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан жоғары оқу орындары арасында гуманитарлық ғылымдар бойынша QS пәндік рейтингінің 150-тобына енген жалғыз университет.

QS «WUR by Subject» рейтингінің қорытындысында ҚазҰУ алғаш болып «заманауи тіл білімі» мамандығы бойынша әлемнің үздік ЖОО-ларының 101-150 тобына енді. Бұл – ҚазҰУ-да әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу негізінде жүргізіліп жатқан үлкен жүйелі жұмыстың нәтижесі.

2018 жылы QS пәндік және салалық рейтингінде әлемнің 1130 жоғары оқу орны 48 мамандық және «Жаратылыстану ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар», «Гуманитарлық ғылымдар және өнер», «Өмір және медицина туралы ғылым», «Техникалық ғылымдар мен инженерлік іс» сияқты бес пәндік салада тексерілді.

Тексеру әдістемесі: академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, бір мақала бойынша келтірілген дәйексөздер саны және h-индекс сияқты төрт индикатор негізінде құрылған. Өткен жылы QS ғаламдық рейтингінің қорытындысында ҚазҰУ әлемнің үздік ЖОО-лары қатарында 236 белесті бағындырған. Бұл топқа ТМД елдерінен тек екі университет –Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енген.