Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовпен кездесу

29.01.2018

Көрулер: 3236

 «Айналаңды нұрландыр» және «Саламатты өмір» жобасы аясында Шығыстану факультетінде боксшы, 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиада ойындарында олимпиада чемпионы, «Олимпиадалық бокс орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, Ермахан Ибраимовпен кездесу өтті. Кездесуді Шығыстану факультетінің деканы және Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті Ықтияр Палтөре кіріспе сөзімен ашты.  Олимпиада чемпионы өз сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ бағдар: рухани жағыру» стратегиялық мақаласында айтылған қоғамдық сананы жаңғырту мәселесін көтерді. Е. Ибраимов өзінің өмірлік тәжірибесінен тәуелсіздік жылдары Қазақстанда болған оң өзгерістердің мысалдарына сүйене отырып, Қазақстандағы одан әрі дамуы үшін қоғамдық сананы жаңғыртудың маңыздылығын айқын дәлелдеді және озық білімді жастарды белсенді түрде қатысу арқылы Президенттің бастамасын қолдауға шақырды.

ХХІ ғасырға лайық Қазақстандықтар үшін ең маңызды сипаттар жиынтығына сілтей отырып, оның ішінде компьютерлік сауаттылық, мәдени ашықтық және шет тілдерін білу сияқты факторларға тоқтала отырып, Е. Ибраимов шет тілдерін білу перспективалы және қажетті дағдылар екенін атап өтті.

Кездесу соңында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының магистранттары, докторанттары мен профессорлық-оқытушы құрамы Олимпиада чемпионымен есте қаларлық фотосуретке түсіп, қонаққа сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға жауап беру барысында ол өзінің карьерасының басталуы туралы және Сиднейдегі Олимпиаданың қызықты сәттері жайлы айтып беріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және Президенттің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» бағдарламасын іске асыруға ат-салысуға шақырды.