Түлектермен кездесу

26.01.2018

Көрулер: 4049

Шығыстану факультетінде Қазақстан республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10-қаңтарында Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға орайластырып ұйымдастырылған көптен күткен түлектермен кездесу өтті.

Факультетке 1994 жылдан бастап 2017 жылдар аралығындағы әр жылдары бітірген түлектер келді. Шығыстану факультетінің түлектері – талантты дипломаттар мен қоғам қайраткерлері, жас ғалымдар мен басқару орындарында жұмыс істеушілер, табысты бизнесмендер мен  шетелдік компаниялардың топ-менеджерлері.

Университет есігі әрқашан айқара ашық шығыстанушылар үшін арнайы бағдарлама әзірленген. Іс-шара Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының профессоры Г.Н. Надированың құттықтау сөзімен және концерттік бағдарламамен басталды. Факультет деканы Ы.М. Палтөре сөз алып, факультет түлектері үлкен жетістіктерге жете отырып, дамудың ұлттық стратегиясын жүзеге асыратын лауазымды жұмыс берушілер екенін еске салды. Декан сондай-ақ, шет тілін, соның ішінде шығыс тілдерін меңгерудің Президент Жолдауында айтылған мәселелер аясындағы маңызын атап өтті. Концерттік бағдарламаға университетпен, оның қызметтік бағыттарымен танысқан Қарасай ауданының «Әл-Фараби атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде білім беретін мамандандырылған гимназия» МҰ оқушылары да қатысты. Кейін түлектерге факультеттен естелік сыйлықтарға ие болу үшін ұтыс ойындары ұсынылды. Іс-шараға әрбір төрт кафедрадан арнайы дайындалған сыйлықтарды, түлектердің арасында бес бағы жанған адам  ұтып алды.

Экскурсия барысында түлектерге факультеттің жаңарған корпусы, оның көрікті жерлері мен Шығыс Музейі көрсетілді. Сондай-ақ, қытай және араб жазбасының каллиграфиясынан шеберлік дәрісі өтіп, түлектер түлеп ұшқан кафедраларына барып қайтты.

Шығыстану факультеті шынымен де өз түлектерімен мақтанады және іс-шараға қатысқандары үшін алғыс айта отырып, оларға әлі де талай биік белестерді бағындыруларына, алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдіреді!