Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

06.12.2017

Көрулер: 187

ҚазҰУ-да кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі болып өтті.

Шараны «Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру орталығы» ҚҚ ұйымдастырды. Аталған жәрмеңке «Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығымен» бірлесе отырып, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асты. Биылғы жылдың күзінен бастап іске қосылған Алатау аудандық жастар орталығы бірқатар түрлі бағыттағы шараларды жүзеге асыруда. Жәрмеңке әдеттегідей, жұмыс іздеушілер, студенттер, ЖОО бітірушілер және жалпы жастар қауымына арналды.

Басты мақсат - азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдем жасау, бос жұмыс орындар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және еңбек нарығындағы мәселелер туралы мәлімет беру болып табылады. Жәрмеңкеге жұмыс беруші 50-ден астам компаниялар өздерінің 600 –ден астам бос жұмыс орындарын ұсынады. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырушылар жұмыс берушілер мен жұмыссыз жастар арасында өзара тиімді еңбек қатынастарын орнатуға, сондай-ақ оларға қолдау білдіруді меңзейді. Жәрмеңкеге келуші азаматтар сұранысқа ие жұмыстар жайлы, кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары туралы және өзге де пайдалы ақпаратқа қанық болды.

Баспасөз қызметі