«Инклюзивті экономикалық даму: бағыттары, басымдықтары, қозғаушы күштері»

27.11.2017

Көрулер: 3388

ҚазҰУ-да «Инклюзивті экономикалық даму: бағыттары, басымдықтары, қозғаушы күштері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференцияның мақсаты – алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелерді талқылау және инклюзивті экономикалық дамуды адамдардың экономикалық тәуелсіздікке теңдей және әлеуметтік топтардың арасында кедергісіз өзара іс-қимылдарына қол жеткізуі тұрғысынан тұжырымдар жасауға бағытталған.

Шара барысында мамандар Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамытудың негізгі бағыттары және осы салаға мамандарды даярлау, инклюзивті өсуді қамтамасыз етудегі қаржылық технологиялар, Қазақстан Республикасының тәуекелдері мен әлеуеті, мемлекеттік аудитті ұйымдастырудағы әдістемелік тәсілдердегі халықаралық тәжірибе, нарықтық экономикадағы табыстарды бөлуді талдау, Қазақстан Республикасында цифрлық экономиканы қалыптастыру және дамыту, Қазақстан Республикасындағы адами капиталды дамыту мәселелерін қарастырды.

Соңғы 30 жылда әлемде орын алған кіріс теңсіздігінің қарқынды өсуі әлеуметтік шиеленісті және экономикалық даму қарқынының баяулау қаупі барған сайын арттырып келеді. Экономика саласы мамандарының пікірінше, осындай қиындықтарды шешудің бір жолы - бұл тұжырымдама негізгі әлеуметтік және экономикалық жеңілдіктерге қол жеткізу арқылы халықтың кең ауқымын қамтамасыз етуге ықпал ететін инклюзивтік дамуға  ерекше мән беру керек дейді.

Сондай-ақ шараға қатысушылар әлемдік экономика, қаржылық бақылау, инвестицияларды тарту, альтернативті энергия тасымалдаушыларын енгізу, крипто-валюта, өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту және біздің заманымыздың көптеген өзекті мәселелерін талқылады. Ғалымдар «инклюзивті даму» шеңберінде шұғыл және перспективалық мәселелерді шешудің жолдары мен құралдарын айқындады. Бұл өте маңызды мәнге ие және көптеген аспектілерде жүзеге асырылады.

Елдің жетекші ғалымдары өңірлік экономиканың және инновациялық дамудың проблемаларына үлкен мән берді. Оның ішінде инклюзивті дамуға ықпал ететін инновациялық механизмдердің пайда болуының маңыздылығы. Осындай механизмдер ретінде жергілікті банктер кедейлерге микрокредит беріп, бүкіл қауымдастықтың кепілдігімен қамтамасыз етілген Үндістан мен Бангладеш сияқты елдерде дәлелденген микрокредит беру жүйелерінің тәжірибесін қайта қарауды ұсынды.