“Сандық технологиялар адамзатқа жаңа қауіп әкеледіме әлде жаңа мүмкіндіктерме?”

23.11.2017

Көрулер: 4278

Сандық технологиялар адамзатқа жаңа қауіп әкеледіме әлде жаңа мүмкіндіктерме?

Иммерсивті журналистика – виртуальды шынайылық жүйесіндегі ақпарат тарату, репортаж жасаудың жаңа сандық платформасы. Қазақстандағы БАҚ-тың жаңа түрі, әрі оның аудиторияға әсерін зерттеуді талап етеді.

Алғаш рет кешенді зерттеуді математика, физика, психология, социология, журналистика магистранттары қазақстандық мазмұндағы медиа дизайн сюжетін компьютерлік физика мен виртуалды технология көмегімен жасап жүргізетін болады. Семейде атом сынақтары қалай жүргізілгенін немесе Аралдың қалай құрғағанын, Алатау шыңдарындағы мұздың қалай еріп жатқанын және Алматының ішінде не болып жатқанын көруге болады. Шындыққа жақын көріністі беру үшін компьютерлік моделдеу мен компьютерлік физика, медиа дизайн әдістері қолданылатын болады. Психология мен социология кафедраларының  магистранттары жаңа медианың оң әрі кері әсерлерін зерттеу үшін психологиялық және социологиялық сала зерттеулерін жүргізеді. Иммерсивті журналистика зор психологиялық әсерге ие болғандықтан журналистердің жауапкершілігі арта түседі. Зертхана ғалымдары CNN, The New York Times, The Guardian  тәжірибелерін негізге ала отырып  виртуалды шындықты зерттеу модельдерінің сыни-салыстырмалы талдауын жүргізеді. Биыл ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 18 магистранты Остин университетінің, (Техас, АҚШ)  «Иммерсивті журналистика. Виртуальды шынайылық» атты қашықтықтан оқыту курсын өтті.

Сәлемдесу мен құттықтау сөзін Ғылым және ғылыми инновациялар департаментінің директоры С.К.Мұхамеджанов алды. Өз сөзінде ол «Виртуальды шындық технологиясын пайдаланумен жасалған зертхана бірінші рет жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар ғалымдарын біріктіреді әрі университет ғылымының «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға елеулі үлесі болып табылады» - деді. Журналистика факультеті деканы С.Медеубек «Зертхананың құрылуы медиа мен коммуникация саласы ғалымдарының сапалық дайындығын, қазақстандық журналистердің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын» атап өтті.. Лестер университетінің халықаралық байланыстар бойынша проректоры, профессор Сара Диксон мен сол универстет қызметкерлері Dr Майкл Грин и  Dr Allister Smeeton Университеттің медиа және коммуникация мектебі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірге мультимедиа саласында ғылыми жобаларды бірге жүзеге асыратынын атап өтті. АҚШ, Стэнфорд университетінің Virtual Human Interaction зертханасының өкілдері де өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. Зертхана жетекшілері саясаттану мен журналистика ғылымы профессоры Галия Ибраева мен физика – математика ғылымы профессоры Гульнар Балакаева «Зертхана зерттеулері елдің журналистикасының дамуына, ақпараттық қауіпсіздіктің негізі болатынына және жаңа сандық медиадағы ақпарат алудың психологиялық жайлылығына үлкен үлес қосатынын атап өтті». Журналистика факультетінің магистранттары «Иммерсивті журналистиканың пайда болуы мен қазіргі замандағы рөлі» тақырыбында қойылым көрсетті.