«ЕО Мини-моделі - 2017»

31.10.2017

Көрулер: 3566

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің және Қазақ-неміс университетінің отыздан аса студенті адам құқықтары бойынша «ЕО Мини-моделі - 2017» интерактивті ойынына  қатысты. Іс-шараны Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі мен әл-фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Еуропалық ақпараттық орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

«ЕО Mини-Mоделі - 2017» ойыны ЕО елдері мен Қазақстанның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және туризм салалары) тақырыбында ынтымақтастық мәселелерін қозғайтын рөлдік интерактивті ойын.

Ойынның негізгі мақсаты студенттердегі критикалық ойлауды дамыту, көпшілік алдында сөз сөйлеу және келіссөздер жүргізу дағдысын жетілдіру, зерттеулер жүргізу техникасы мен әдіснамасымен танысу, ой-өрісті кеңейту, адам құқықтары жөніндегі негізгі құндылықтарды көтеру болып табылады.

Атап өту керек, аталмыш шара Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің #EU4HumanRights хэштегі аясында өтетін адам құқықтарына арналған медиа-кампаниясының басталуына негіз салды.

Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің басшысы Траян Христеа атап өткендей, ЕО адам құқықтарын қорғау мен алға жылжытуды ұстанады. «Біз адам құқықтары жөнінде Қазақстандағы әр түрлі форматтағы пікір-сайыстарға қатысуды жалғастырамыз. Аталмыш студенттік ойын осындай пікір-сайыстар үшін платформалардың бірі» , -деді өз сөзінде.  

«ЕО Мини-моделі - 2017» ойынына Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы, елші Траян Христеа, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, халықаралық қатынастар факультетінің деканы Сағынғали Айдарбаев, Еуропалық ақпараттық орталығының директоры Кұралай Байзақова және сарапшылар қазылық етті. Олар студенттердің көрсеткен ойындарына ризашылығын жеткізіп, адам құқықтары мен бостандықтары туралы білім деңгейлеріне оң бағасын берді. Шара соңында ойынға қатысқан барлық қатысушыларға сертификатар мен сыйлықтар тапсырылып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Халықаралық қатынастар факультеті