«Деректану және архивтану: зерттеулердің жаңа парадигмалары» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

19.10.2017

Көрулер: 3726

 

      2017 жылдың 6 қазанында    әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультеті тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. Атабаевтың  70 жылдығына орай еске алуға арналған «Деректану және архивтану: зерттеулердің жаңа парадигмалары» атты республикалық  ғылыми-практикалық  конференция өткізді.

 

      Конференцияны  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігіне қарасты архив ісі және құжаттама Департаменті ұйымдастырды. Конференция Қазақстан тарихының деректануы шеңберіндегі  өзекті әрі түйінді проблемаларды талқылау арқылы өз мақсатына қол жеткізді. Конференцияның бағдарламасы  пленарлық мәжіліс және мына төмендегі міндеттерді шешуге бағытталған екі секцияның жұмысын қамтыды:

  1. Деректану және археографияның даму перспективалары;
  2. Ақпараттық  қоғамдағы архивтердің рөлі.

      Ғылыми Конференция материалдары «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында архивтану мәселелерінің өзекті екендігін, архив құжаттарын деректанулық талдаулардан өткізудің маңыздылығын, құжаттану саласы бойынша терең тиянақты ізденістердің қажеттілігін көрсетті. Осыған орай конференцияның пленарлық және секциялық отырыстары қорытындылары мен ғалымдар арасындағы пікірталасты  бағалай отыра  төмендегідей қорытынды жасауға болады:

- деректану, археография, архивтану және құжаттану салалары бойынша маңызыд және өзекті теориялық, методологиялық және қолданбалық зерттеулерді  жүйелі әрі жан-жақты жүргізуді жалғастыру;

- деректану, археография, архивтану және құжаттану салаларындағы теориялық, методологиялық және қолданбалық зерттеулерді жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалғастыру және олардың тиімділігін арттыру;

- деректану, археография, архивтану және құжаттану салаларындағы ғылыми ізденістердің нәтижелерін ғылыми басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды кеңейту;

- конференция материалдарын гуманитарлық мамандықтарға арналған оқу пәндерін дайындау және ұсыну;

- ғылыми пікір-талас алаңдарын, дөңгелек үстелдерді деректану, археография, архивтану және құжаттану салаларының  проблемалары және  тәжірибелері бойынша еркін пікір алмасу мақсатында шетелдік зерттеушілермен, ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып ұйымдастыру;

- деректану және архивтанудың өзекті мәселелері бойынша отандық мәліметтер базасын құру бағытында кешенді жұмыс жүргізу және  ақпараттық технологияларды тәжірибеге енгізуді кеңейту;

- республика архивтерінің отандық тарих мәселелері бойынша мәліметтер базасын құрудағы тәжірибесін  насихаттау және басылымдарда жариялау;

- «Құжаттану негіздері» пәнін университеттің барлық мамандықтарының оқу жоспарларына енгізіу;  

- РММ «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының» «Ұлт мұрасы - халық игілігі» жобасы бойынша жазба мұраны жинақтауға  ат салысу.