ҚазҰУ-да Дүниежүзілік корей форумы өтеді

01.08.2017

Көрулер: 3452

2017 жылдың 2 тамызында Алматыда «Әлемдік көп этникалық және мультимәдени дәуірде бейбіт өмір сүру, алмасу мен ынтымақтастық» атты 18-ші Бүкіләлемдік корей форумы өз жұмысын бастады. Форумды Қазақстанның корей қауымдастығы және Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Жаһандық корей қоры ұйымдастыруда. 

Бүгінде Қазақстан адамзаттың жаһандық мәселелерін реттеу бойынша үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы бейбіт бастамасы мен идеялары әлемдік бірлестік тарапынан қолдау тауып, қызу талқылануда, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінде маңызды рөлге ие және оны көпшілік мойындады.

Жаһандық корей қоры Еуропа, Азия, Солтүстік Америка мен Австралия елдеріндегі жетекші жоғары оқу орындарында 17 форум ұйымдастырды. ҚазҰУ БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасының жаһандық хабы ретінде  әлемнің 12 елінен 150 қатысушыны қабылдайды. Олардың арасында танымал саясаткерлер, дипломаттар мен ғалымдар, кәсіпкерлер, журналистер және қоғамдық ұйымның жетекшілері бар.

Пленарлық және секциялық отырыстарда «Корей түбегі және әлем», «Кореяның бөлінуі және Корей түбегіндегі әскери іс-әрекеттер кезеңі», «Мульти-полярлық кезеңдегі Азия», «Корей түбегі үшін бейбіт келісімге қол жеткізу», «Орталық Азиядағы диаспоралық қауымдастықтар», «1937 жылғы күштеп жер аудару туралы тарихи естелік» сияқты тақырыптар талқыланатын болады.

Форум жұмысына 23 шілдеде Владивосток қаласынан (РФ) шығып, 80 жыл бұрын он мыңнан астам корейлер күштеп жер аударылған Үштөбе қаласына (ҚР) 1 тамыз күні келіп жеткен Естелік поездының 80-ге жуық қатысушысы атсалысады. Делегация өкілдері Үштөбеге жақын Бөстөбе жотасында орналасқан мемориалды кешенде жер аударылған корейлерді еске алу кешін өткізіп, атамекенінен қоныс беріп, үлкен қолдау көрсеткен қазақ халқының қонақжайлығына өз ризашылықтарын білдіреді.

Форум шеңберінде Корей театры әртістерінің қойылымы көрсетілмек және корей қоғамы, БАҚ өкілдерімен кездесулер жоспарланған.

 

Баспасөз қызметі