ҚазҰУ-да ЖОО басшылары бас қосты

15.06.2017

Көрулер: 3459

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары оқу орнында онлайн-порталдарының және студенттерге қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастырудың әдіснамалық және практикалық негіздері» атты семинар өтуде. Семинарға Қазақстанның әр аймағынан жоғары оқу орындарының өкілдері жиналды. Атап өту керек, шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі басқармасының бас сарапшысы  Бақытжан Биекова арнайы келіп атсалысты.

Пленарлық мәжілісті ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ашып, студенттерге қызмет көрсетудегі ҚазҰУ тәжірибесі туралы қысқаша әңгімелеп берді. Шара барысында білім жүйесіндегі сандық сервистер – онлайн-порталдар, қызмет көрсету орталықтары жайы қозғалып, оның принциптері мен жолдарына ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар институтының директоры Ж. Мамықова кеңінен тоқталды. Оқу орнының оқу-әдістемелік басқармасының бастығы Ж. Саксенбаева өз кезегінде жаппай ашық онлайн-курстардың ұлтық платформасы тақырыбында хабарлама жасап, қатысушыларға ҚазҰУ жүйесі жайлы баяндады. Мәжіліс 2015-2025 жылдар аралығындағы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының дамуы аясындағы «Университет жемқорлықтан тыс» жобасы жайында әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Жаманбалаеваның баяндамасымен жалғасын тауып, ірі шараның тиімділігі мен артықшылығы айтылды. Сондай-ақ проректор өз сөзінде білім ордасында жүзеге асырылып келе жатқан жобаларды да тілге тиек етті. Спикерлер қазіргі күні университетте негіз тапқан сандық жобаларға сілтеме жасап, көптің қызығушылығын аударды. Қатысушалар жасалған баяндамалар төңірегінде сұрақ қойып, ойларындағы сан түрлі сауалдарына жауап алды. Сонымен қатар, ҚР рейтинг агенттігінің президенті Б. Шайкенов университет қызметтерінің сандық бағамдары барысында ақпарат оқып, олардың әлемдік рейтингтерден көріну деңгейіне шолу жасады. Жиын соңында сандық кітапхана залының тұсаукесері болып, Univer ақпараттық-бағдарламалық кешен қорындағы «Керемет» СҚКО электронды қызмет сервисі туралы және ЖОО-дағы бизнес-талдау көмескі қызметтерінің қолданылулы, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының құрылымы мен саясаты туралы секция жұмыстарына ұласты.

 

Баспасөз қызметі