ҚазҰУ студенттері жүлделі орын иегерлері

30.05.2017

Көрулер: 3581

ҚазҰУ студенттері жүлделі орын иегерлері

«Олимпийский» спорт кешенінде өткен бильярд спорты  бойынша  «Мәскеу Мері Кубогі»  атты IV халықаралық жарыс өз мәресіне жетті. Жарыста әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, медицина факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Ернар Чимбаев күміс жүлдегері атанды.

Артынша ҚазҰУ-лықтар Гонконгта өткен Азия Чемпионатына қатысып, нәтижесінде Максим Раков дзюдодан Азия Чемпионы атағын алса, Ислам Бозбаев күміс жүлдеге ие болды. Екі спортшы да ҚазҰУ-дың «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы, медицина факультетінің студенттері. 

Сондай-ақ медицина факультетінің тағы бір студенті Жансай Смағұлов Азия Чемпионатында 73 келі салмақ дәрежесімен 3 орын иеленіп, Қазақстан құрама командасы қоржынын тағы да бір медальмен толықтырды.  Жалпы есеп бойынша Қазақстан ерлер құрамасы төртінші орынды иеленді. Азия Чемпионаты Қытайда 26-28 мамыр аралығында өтіп, оған 29 Азия елінің 244 спортшысы қатысты.

Өткен демалыста аяқталған «Алматы Барысы 2017" ұлттық қазақ күресі жарысында Виктор Демьяненко қола жүлдесінің иегері атанып 100 000 теңге сыйақысын алды. Жарысқа қатысқан мықты 24 спортшы қатарында ҚазҰУ студенттері, самбодан Азия чемпиондары Виктор Демьяненко, Ерасыл Болат және Амангали Жартыбаевтар бар.

Спортшыларымызға алда тек жетістіктер мен жеңіс тілейміз!