Көктем мерекесі

20.02.2017

Көрулер: 4133

ҚазҰУ-дың қытайтану кафедрасы Қытай елінің жыл сайын тойлайтын ұлттық «Көктем мерекесін» атап өтті.

Аталмыш мереке өзінің сән-салтанатымен басқа мерекелерден ерекшеленеді. Қытайтану кафедрасының өнерлі студенттері қытай тілін меңгерумен шектелмей, бұл елдің мәдениетін де назарларынан тыс қалдырмауда. Оған осы мейрамды жоғары деңгейде көрсете білуі дәлел бола алады. Онда студенттер қытай елінің әнін әуелете шырқап, қытай жаңа жылы қарсаңында орындалатын айдаһар мен тайзичуан биін биледі. Сондай-ақ, «Қытайтану апталығы» аясында қытай тағамдар күні, шешендік өнер сайысы, каллиграфия және қағаз қию өнері сияқты іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекені тамашалауға келген Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттері мен Конфуций институтының өкілдері өзгеше әсер алғанын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

 

Қытайтану кафедрасы