Жоғары білім модернизациясы

20.10.2016

Көрулер: 2946

Еуропалық комиссия ҚазҰУ қатысуымен жүзеге асырылған IV Темпус халықаралық жобалар институционалды мониторингін өткізді. Кездесудің басты мақсаты жүзеге асырылған жобалардың аралық және соңғы қорытындыларын сараптау, сондай-ақ университеттің табысты тәжірибесін меңгеру болды.

Аталмыш мониторинг аясында іске асырылған жобалар үйлестірушілерінің жұмыс қорытындылары бойынша 13 есебі тыңдалып, келесі жылға арналған келешек іс-жоспары талқыланды.

Халықаралық ғылыми және академиялық қатынастарды дамыту, ғылым мен білімді интернациоландыру әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің әлемдік ғылыми кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыратын күшті құрал болып табылады. Жоғары білім модернизациясы саласында ҚазҰУ Темпусы Еуропалық Комиссия бағдарламасы халықаралық жобаларға қатысуы бойынша Орталық Азия және ТМД жоғары оқу орындары арасында көшбасшы орынды иеленіп отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанда университеттің қатысуымен Орталық Азиядағы инженерлік білім сапасын арттыру (QUEECA), Ресей және Қазақстанға арналған Еуропалық біліктілік шеңберінде (PICTET) ақпараттық- коммуникациялық технологиялар бойынша кәсіби дайындау (АКТ), зерттеу – ғылым – өндіріс» (PERSEUS), принципі бойынша қоғамдық пайдалы университеттер құру, Израиль, Әзірбайжан, Қазақстан т.б. экологиялық жүйе мониторингін ғарыштан қашықтықтан бақылап басқару саласындағы білімді жетілдіру (SESREMO) халықаралық Темпус жобалары жүзеге асырылуда.

2014 жылдан бастап Erasmus+ халықаралық бағдарламасы Темпус және Еразмус Мундус бағдарламаларын қоса алғанда бірнеше еуропалық бағдарламаларды біріктірді. Erasmus+ бағдарламалары шеңберінде ҚазҰУ студент жастарды жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуді, білім саласындағы саяси модернизациялау, диалог өрбіту және академиялық ұтқырлық пен кооперация көмегімен мәдениетаралық өзара түсіністікті орнатуды мақсат етеді. Осылайша, Еразмус бағдарламалары аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және оқытушылардың Еуропаның көшбасшы университеттерімен кіріс және шығыс академиялық ұтқырлығын жүзеге асырады.

Бірнеше жылдар бойы университет Эразмус Мундус “Silkroute – SilkRood Universities Towards Europe”, GSmart – Spatial ICT Infrastructures for Smart Places, Central Asian and European Universities Consortium бағдарламаларының үйлестірушісі болып табылды.

Эразмус+ бағдарламалары EACEA Департаментінің жетекшісі Ральф Радерс ҚазҰУ-да жүзеге асырылатын жобалар тақырыптарының өзектілігін және атқарылған жұмыстың жоғары сапалылығын атап көрсетті. Институционалды мониторинг аясында тұңғыш рет Қазақстандағы Темпус жобаларының бүкіл үйлестірушілерінің кластерлі кездесуі өтті. Еуропалық комиссияның өткізген іс-шаралар қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды жасалынады.

Темпус жобаларының институционалдық мониторингі Еуропалық комиссияның білім саласы, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігімен (EACEA), Қазақстандағы Ұлттық Эразмус+ кеңсесі (НЭО) тарапынан ұйымдастырылған. Кластерлі кездесуге EACEA сарапшылары, ҚР Білім жəне Ғылым министрлігінің өкілдері және ҚазҰУ жоба үйлестірушілері қатысты.

 

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ