Жоғары қуат векторы

19.10.2016

Көрулер: 3281

Еуропалық ядролық зерттеу ұйымының өкілдері халықаралық қатынастары бойынша директоры Шарлотта Линдберг Варакаулленің басшылығымен ҚазҰУ болып қайтты.

Университет басшылығымен өткен кездесу барысында, ғылым-білім саласындағы қарым-қатынастар жөніндегі мәселелер талқыланды. Сонымен бірге GRID технологиялары мен халықаралық IT мектебінде жас ғалымдардың қатысуы, ядролық физика саласының CERN жобасында, астрофизика, ядролық медицина, энергетика және бірлескен ғылыми конференцияны өткізу туралы сөз қозғалды.

 «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ядролық физиканы дамыту және бейбіт атомды пайдалану бойынша бірсыпыра халықаралық ғылыми-зерттеу ұйымдарымен қарым қатынас жасайды. Университет студенттері зерттеу тәжірибелік тағылымдасынан өтіп, СЕRN-нің ғылыми жобаларын бірлесе отырып жасауға мүдделі»,-деп атап өтті ректор Ғалым Мұтанов.

СЕRN жұмысына отандық сарапшылар мен мамандарды жұмылдыру Орталық Азиядағы жаңа халықаралық ғылыми-техникалық және технологиялық орталығын құрып, ультразаманауи технологиялық новациялық байланыс каналдарын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.

«Біздің ұйым мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында орнаған институционалдық қарым-қатынастарға үлкен сенім артуда. CERN университетпен бірлесіп инженерлік маман кадрлерін оқытып дайындауға мүдделі болып отыр»,-деді CERN халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі директоры Шарлотта Варакаулле.

ҚазҰУ мен CERN ұйымының арасында орнаған қарым-қатынастардың оңтайлы тәжірибесі бар. 2011 жылы университеттің тоғыз студенті физиканың жоғары қуаттары мен үдемелі физика бойынша жазғы мектеп бағдарламасы бойынша дәріс алып қайтса, 2014 жылы бір топ жас ғалымдар ғылыми орталықта екі апта бойы тәжірибелік тағылымдамадан өтті.

 Бүгінде ҚазҰУ-да әлемдік деңгейдегі заманауи зерттеу ЖОО-на трансформациялану бойынша бағдарлама жүзеге асырылуда. Оның тұжырымдамасы инновациялық өндіріс, ғылым мен білімнің тығыз интеграциясына негізделген. Университет ядролық ғылым мен техника саласындағы қолданбалы және фундаменталды зерттеулер жүргізуде.

Ядролық зерттеулер жөніндегі Еуропалық ұйым 1954 жылы құрылып, әлем бойынша 21 мемлекетті біріктіруде. CERN дүниежүзі бойынша физиканың қарайым бөлшектер жөніндегі ең ірі және жалғыз ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.

  Сондай-ақ, олар әлемдегі үздік университеттер мен институттардың ресурстары мен мүмкіндіктерін, ғылыми әлеуеті жоғары инженерлер мен атақты ғалымдардың білімдерін біріктіре отырып, CERN адамзат үшін бірнеше ірі ғылыми жаңалық ашты.

 Cоның бірі, CERN ғалымдары әлемге интернет силады. Бүгінге ұйымның басты жаңалығы, әлемде ең ірі болып саналатын эксперименталды үлкен адрондық коллайдер құрылғысында - бозон Хигссасының ашылғандығы. Сонымен қатар, сарапшылар материаның қуатқа айналу процесі жөнінде бірегей деректерге қол жеткізіп, әрі күнгірт материаның заманауи теориясын, қосымша кеңістік өлшемдерін, қыл және суперқыл теориясын тексермек.