Шығыстану факультетіндегі елші сағаты

22.09.2016

Көрулер: 3451

Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасына Корей Республикасының бас консулы - Джон Сынг Мин келіп, «Қазақстан Республикасы - Еуразия материгінің ортасы» тақырыбында арнайы дәріс оқыды.

Бұл дәріске Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің студенттері мен магистранттары қатысты. Кездесу барасында Корей және Қазақстан арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар және олардың тарихы мен дәстүрлері туралы тереңірек айтылды. Лекция тындалып болғаннан кейін бас консулға студенттер өз лебіздерін білдіріп, қошемет көрсетті.

Дәріс соңында корей бөлімінің студенттері мен оқытушыларын Джон Сынг Мин мырзамен бірге уақыт өткізіп, қыдыруға шақырды. Қызықты ойындар мен дастархан үстінде бас қосудың арқасында барлық қатысушылар бір-бірімен жақсы танысып, достасты. Осылайша, Қиыр Шығыс кафедрасы мен Алматы қаласындағы Кореяның бас консулдығының арасында шағын дәстүр пайда болды. Аталмыш кездесу достық карым-қатынастарды және ынтымақтастықты одан әрі қарай нығайтуға өз септігін тигізді.