Жазғы мектептен алған ұмытылмас әсерлер

23.06.2016

Көрулер: 3416

Жазғы мектептен алған ұмытылмас әсерлер

 

Германияның академиялық алмасу қызметі (DAAD) Алматы технологиялық университетімен (АТУ) бірлесіп Тау-Түрген демалыс үйінде неміс тілінің жазғы тіл мектебін өткізді.

Жазғы мектепке Алматы, Қарағанды, Өскемен және Қостанай қалаларынан барлығы 21 адам қатысты. Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген студенттер де болды. Сондай-ақ халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Серикжанова Инабат пен Омарова Роза да жазғы мектеп жұмысына белсене араласты. Сабақтарды Алматы мен Қарағанды қалаларынан Германияның академиялық алмасу қызметі (DAAD) оқытушылары жүргізді. Солардың ішінде ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Так Флориан да бар.

Сабақтар күніне екі рет жүргізіліп, қатысушылар екі жаңа тақырыппен танысып отырды. Семинар тақырыптары грамматикадан бастап диалектіге, кәсіби тілден спорт және музыкаға дейін қамтыды. Семинарлардың интерактивті түрі шет тілін үйренудің тиімді жолын қамтамасыз етті. Бос уақытында, қатысушылар шетелдіктермен сөйлесуге және қызықты конкурстар жүргізуге, презентациялар жасауға және сол арқылы өздерінің тілдік дағдыларын жақсартуға мүмкіндік алды.

Жазғы мектеп жағымды эмоция ғана сыйлап қоймай, сонымен қатар, тәжірибелік дағдылар мен жаңа таныстар сыйлаған керемет тәжірибе болды.

Жазғы тіл мектебі 2016 жылдың 5- 15-ші маусым аралығында өтті.