«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы

25.05.2016

Көрулер: 14865

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2005 жылдан бастап «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына қабылдау жүргізіліп келеді. Университетте дене шынықтыру мамандарын дайындау 2005-2015 жылдар аралығында биология және биотехнология факультетінде, ал 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Медициналық факультеттің қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебінде іске асырылуда.

Біздің басты мақсатымыз: физикалық және рухани саулық, ынталы, дене шынықтыру саласындағы жоғары білікті мамандарды дайындау.

Мұнда дене шынықтыру саласындағы маман медицина-биологиялық, кәсіби және жалпы білім беру пәндері бойынша түбегейлі дайындық алады. Оқытушы-профессорлық құрамы республикадағы ең үздік ғылыми-педагогикалық  (профессорлар, ғылым докторлары мен үміткерлер, еңбегі сіңген бапкерлер, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберлері және спорт шеберлігіне үміткерлер ) мамандармен қамтылған.

Мамандық ҚР ЖОО арасындағы дене шынықтыру-спорт саласының ұлттық рейтингісінің нәтижесі бойынша үздік орында тұр. Басты орын жоғары маманданған оқытушы-профессорлық құрамның оқу үрдісіне қатысуы мен оның жоғары потенциалымен негізделеді.

Кафедра таяу және алыс шығыстағы шетелдердің көптеген ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғарғы оқу орындарымен ғылыми байланыс жасап тұрады. Оқытушы-профессорлық құрамның және студенттердің ғылыми зерттеулері дене шынықтыру және спорт, спорт психологиясы, физиология, ұлттық спорт түрлері және басқа да бағыттардың өзекті мәселелері бойынша жүргізіледі.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері өздерінің спорттық шеберліктерін оқу-жаттықтыру, республикалық және халықаралық әртүрлі дәрежедегі жарыстарда: ҚР, Азия, Әлем, Еуропаның чемпионаттарында, Олимпиадалық ойындарда, Бүкіләлемдік студенттік ойындарда және т.б.жетілдіреді. 

 Университетте дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалынған ҚР ЖОО арасындағы ең үздік студенттік спорттық база орналасқан. Жазғы демалыс уақыттарында спорттық-сауықтыру жұмыстары Ыстық көл (Қырғызстан) жағасында орналасқан университет лагеріне ауысады.

  Студенттерді оқуға және спортқа ынталандыру мақсатында университетте «Атаулы шәкіртақыны игеру туралы» ережелер негізінде жоғары дәрежелі студент-спортшыларға 4-ші категория бойынша атаулы шәкіртақы беріледі.

 

Оқыту келесі мамандықтар бойынша іске асады:

 

Бакалавриат

«5В010800 – Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы 2005 жылдан бастап енгізілген. Оқыту 2, 3 және 4 жылдық дайындық мерзімде күндізгі бөлімде өткізіледі. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының бакалавриат түлектеріне «Дене шынықтыру және спорт бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Магистратура

«6М010800 –Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы 2010 жылдан бастап енгізілген. Мамандық бойынша кадрларды дайындау күндізгі бөлімде екі жылдық ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша іске асады. Дайындықтың ғылыми және педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасын толық игерген, кешенді емтиханды тапсырған және магистрлік диссертацияны қорғаған магистранттарға 6М010800- Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша «педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Докторантура

«6D010800 –Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойыншаPhD докторантурабілім беру бағдарламасы2015 жылдан бастап енгізілген. Докторанттарды дайындаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағыты бар және 3 жылдық оқу мерзімімен  6D010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәреже берілумен іске асады. Оқыту күндізгі бөлімде мемлекеттік білім беру тапсырыс негізінде жүзеге асады.

 Г.Б. Мадиева

КазНУ им. аль-Фараби