ЖЕКЕ ҮЛГІ- САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ

25.05.2016

Көрулер: 3254

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Жұмысшыларды уәждеу және еңбек өнімділігін өсіру мақсатында, біздің университетімізде «Мықты денсаулық және сымбатты дене» атты жоба жүзеге асырылуда. Бұл жоба бойынша дене шынықтыру және спорт кафедрасы, «Парасат» кәсіподақ комитеті мен спорт клубы бірігіп, профессорлық-оқытушы құрам мен қызметкерлер арасында: спартакиадалар, дәстүрлі «Денсаулық»  спартакиадасын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханасы мен оқу корпусының қызметкерлері арасында дәстүрлі түрде өткізіп отырады.

Адам денсаулығын сақтаудағы жоспарлы және жүйелі жұмыстар, спортпен айналысатын оқытушылар, жұмысшылар санын үш есе көбейтуге септігін тигізді.

Бірлескен спортты-сауықтыру іс-шаралары адамның рухани күйіне, психикалық хал-ахуалына позитивті түрде әсер етеді және ұжымды біріктіріп, университеттің жұмыс нәтижелігін өсіруіне әсер ететін қолайлы психологиялық жағдай жасайды.

Салауатты өмір салтын насихаттау тиімділігін арттыру әл-Фараби атындағы КазҰУ-дың ректоры, дзю-до күресінен спорт шебері – Ғалымқайыр Мұтановтың басты ұстанымдарының бірі болып табылады. Ол өзінің көрсеткен үлгісімен, жұмыскерлерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Бүгінде университет ұжымында еңбектеніп жатқан адамдардың саны 5000-нан асады, солардың басым бөлігі спортпен айналысады.  Бұл насихат нәтижесінде қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығы үшін жауапкершілікпен қарау және салауатты өмір салтын насихаттау үрдісі кең етек ала бастады.

Оқытушылар Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастыратын велошеру жарыстарына белсене қатысады. Ректордың өзі жаттығу бөлмесінде дене шынықтырумен, ҚазҰУ-дың ашық жарыстарында дзю-домен айналысады. Көптеген студенттер мен оқытушылар дзю-до бойынша шеберлік сабағына жиі қатысады.

Кіші-футбол бойынша факультет декандары "Декан кубоктары" атты жарыста белсенді түрде қатысады. Профессорлар Арещенко А.И. және Жатқанбаев Е.Б. көптеген жылдар бойы үлкен тенниспен айналысып, керемет спортты дене бітімін сақтауда.

Жеке мысал – салауатты өмір салтын жүргізудегі насихаттаудың ең тиімді де, нәтижелі әдіс болып табылады.

 

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ

Мадиева Ғ.Б.