Жаңалықтар

ҚазҰУ-да «Университет – бизнес – қоғам: тәжірибе және серіктестік болашағы» атты жұмыс берушілер форумы және «Табысқа жету жолы!» бос орындар жәрмеңкесі болып өтті

30.05.2014

Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мем­ле­кет­тің жаңа саяси бағыты» атты Қазақ­стан халқына Жолдауында «Қазақ­стан-2030» Стратегиясының орындалу қо­ры­тындыларын шығара отырып, алды­мыздағы 40 жыл ішінде Қазақ­станның даму көкжиектеріне бағдар берді. Президент: «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру»,- дей келе, «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясының негізгі 7 бағытын белгілеген болатын. Соның 4-уін «Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдары»,- деп атап, Елбасы бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек екендігін нақты көрсетті.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

30.05.2014

27 Мамыр 2014, 22:16
«ҚазАқпарат» ХАА жеңімпаз атанды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай университет өмірін дәріптеуде үздік шыққан БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы өтті.

Ары қарай оқу >>

"Маssaget.kz" сайты

30.05.2014

ҚазҰУ Түлектерінің алғашқы Форумы шақырады!

Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 80 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев баса айтқандай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының көшбасшысы" болып табылады. Өзінің көп жылдық тарихында ҚазҰУ біздің қоғам экономикасының барлық саласының дамуы мен қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып жатқан түлектердің мыңдаған армиясын дайындап шығарды.

Ары қарай оқу >>

«Интеллектуалды оқудан - интеллектуалды ұлтқа» ұранымен халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтті

29.05.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған мерейтой онкүндігі аясында «Интеллектуалды оқудан - интеллектуалды ұлтқа» ұранымен «AlmatyBookExpo» халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтті. Шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның Жазушылар одағы және Баспагерлер мен кітап таратушылар қауымдастығы ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

«Университет ғылымға негізделген Қазақстан экономикасының қалыптасуының маңызды элементі ретінде» атты ғылыми-практикалық симпозиум өтті

28.05.2014

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елімізде ғылымның, білім мен бизнестің берік байланысына негізделетін «ақылды экономиканың» іргетасы қалануда. Оқу ордамыздың сексен жылдық мерейтойына қатысты салтанатты шаралар легін толықтырған «Университет ғылымға негізделген Қазақстан экономикасының қалыптасуының маңызды элементі ретінде» атты ғылыми-практикалық симпозиум осынау көкейтесті тақырыптың практикалық қырын ашып көрсеткен салиқалы мәжіліс болды. 28 мамыр әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркінің коференц-залында өз жұмысын бастаған, ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры Т.С. Рамазанов жүргізіп отырған алқалы ғылыми басқосуға зиялы көпшілік молынан жиналыпты.

Ары қарай оқу >>

Журналистика факультетінде «Егемен Қазақстан» ақпарат орталығы ашылды

28.05.2014

Еліміздің бас газетінің 95 жылдығы мен университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай «Егемен Қазақстан» – Ел газеті» атты салтанатты жиын өтті. Кездесуге «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» Акционерлік қоғамының Президенті Сауытбек Абдрахманов және редакция мүшелері, Алматы бөлімшесінің жетекшісі – Қорғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан» газетінің ардагері – Мамадияр Жақып, шолушылар – Гүлзейнеп Абдрахманова, Шарафаддин Әміров, Айнаш Есали, тілші Қанат Ескендір қатысты.

Ары қарай оқу >>

«ҚазҰУ – Қазақстан элитасының ұстаханасы» атты байқау қорытындысының салтанатты марапаттау рәсімі өтті

28.05.2014

27 мамырда «Әл-Фараби» Ғылыми кітапханасында ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойының онкүндігі аясында Журналистер одағы және Журналистер академиясының қолдауымен отандық әрі шетелдік БАҚ пен журналистер арасында ұйымдастырылған «ҚазҰУ – Қазақстан элитасының ұстаханасы» атты байқау қорытындысының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шараға халықаралық, республикалық, аймақтық БАҚ басшылары мен журналистері қатысты.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған мерейтой онкүндігі аясында «Интеллектуалды ұлттан интеллектуалды оқуға» ұранымен «AlmatyBookExpo» халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтеді

27.05.2014

29-30 мамырда сағ. 9:00-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған мерейтой онкүндігі аясында (университет ректоратының алдындағы алаңда) «Интеллектуалды ұлттан интеллектуалды оқуға» ұранымен «AlmatyBookExpo» халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Республикалық ғылыми – әдістемелік семинар “Foreign languages: theory and practice of foreign language teaching”

27.05.2014

11 сәуір 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 80-жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Б. Мәдиеваның басшылығымен Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы дәстүрлі “Foreign languages: theory and practice of foreign language teaching” атты тақырыпта мектеп және жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған Республикалық ғылыми – әдістемелік семинар ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

«Еуразиялық алуантүрлілік және тұрақты дамуда университеттердің алатын рөлі» Азия университеттерінің III Форумы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Арье Варшельдің дәрісі болып өтті

26.05.2014

24 мамырда VII Астана экономикалық форумы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығын тойлау шеңберіндегі «Еуразиялық алуантүрлілік және тұрақты дамуда университеттердің алатын рөлі» Азия университеттерінің III Форумы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Арье Варшельдің дәрісі болып өтті.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

26.05.2014

26 Мамыр 2014, 17:20
Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығы - бүкіл қазақ халқының тойы - Әбілфайыз Ыдырысов

АЛМАТЫ. ҚаАқпарат - Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығы - бүкіл қазақ халқының тойы. Бұл туралы бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Қариялар - алтын қазына» атты салтанатты жиында тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілфайыз Ыдырысов мәлім етті.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

26.05.2014

26 Мамыр 2014, 17:57
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 150 мыңдай маман даярлаған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 80 жыл ішінде 150 мыңдай маман даярлаған. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Қариялар - алтын қазына» атты салтанатты жиын барысында осы білім ордасының тәрбие жұмыстары жөніндегі департамент директоры Меңдігүл Ноғайбаева мәлімдеді.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

26.05.2014

26 Мамыр 2014, 12:59
Алматыда «Ақсақалдар - асыл қазынам» атты салтанатты жиын өтуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына арналған онкүндік аясында «Ақсақалдар - асыл қазынам» атты салтанатты жиын өтуде. Онда университеттің ғылыми және педагогикалық қызметінің ардагерлеріне құрмет көрсетіледі.

Ары қарай оқу >>

Жазғы семестр ашылды

26.05.2014

24 мамырда сексеннің сеңгіріндегі киелі қара шаңырақ ҚазҰУ-да жазғы семестрінің ашылуы әл-Фараби ғылыми кітапханасының мәжіліс залында өтті.

Ары қарай оқу >>

24 мамыр күні ҚазҰУ қалашығындағы «Жастар алаңында» Студентттік құрылыс жасағының еңбек маусымы салтанатты түрде басталды

26.05.2014

Қазақтың бас ақыны Абай: «Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле», – дейді. Сол адамды адам еткен еңбекке жастарды баулу, оны бағалай білуге үйретудің маңызы зор. Сондықтан да елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы студенттік құрылыс жасағын қайта жандандыруды ұсынғанда ҚазҰУ алғашқылардың бірі болып оны қолға алған еді. 24 мамыр күні ҚазҰУ қалашығындағы «Жастар алаңында» Студентттік құрылыс жасағының еңбек маусымы салтанатты түрде басталды. Шараға экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор М. Бектемесов, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш. Жаманбалаева, ҚазҰУ қалашығы басшысы Ә. Сейтжанов және СҚЖ ардагерлері мен жауынгерлері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 19-24 мамыр 2014 жыл

26.05.2014

  • Тақырып жалғасы Елбасы Н. Назарбаевтың Мәскеу университетінің профессорлары мен ғалымдары алдында тұңғыш рет Еуразиялық интеграциялық одақ құру туралы ғылыми негізделген баяндамасы туралы пікірлер
  • 24 мамырда ҚазҰУ-дың 80-жылдығына арналған веложарыс өтеді
  • «Шығыс мұражайының» ашылуы өтті
  • Тақырып жалғасы Азия университеттерінің ІІІ форумы
  • Журналистика факультетінде «Kmlab» Коника Минолта озық технологиялар зертханасының тұсаукесері өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ-ға – 80 жыл
  • Оқытушы-профессорлар мақалалары
  • ҚазҰУ ғалымдары жайлы
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған онкүндік аясында БАҚ және журналистер арасындағы университет қызметін үздік насихаттауда «ҚазҰУ – Қазақстан элитасының шеберханасы» атты байқау қорытындысының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді

25.05.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биыл 80-жылдығын 21-31 мамыр аралығында тойлауда. Осыған орай 27 мамыр 2014 жылы, (сағ.: 16:00, «Әл-Фараби» Ғылыми кітапханасында (4-қабат) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған БАҚ және журналистер арасындағы университет қызметін үздік насихаттауда «ҚазҰУ – Қазақстан элитасының шеберханасы» атты байқау қорытындысының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ – студенттік спорттың көшбасшысы

24.05.2014

ҚазҰУ-да мерейтойлық онкүндік негізгі іс-шаралар өтуде. Соған орай, «ҚазҰУ – студенттік спорттың көшбасшысы!» деген ұранмен қалалық веложарыстың ашылу салтанатында университеттің үздік спортшыларына құрмет көрсетілді.

Ары қарай оқу >>

"Егемен Қазақстан" газеті

23.05.2014

Университет темірқазығы

Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­­­верситетінің 80 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Осы университеттің ең беделді құрам­дас бөлігі – заң факультеті екендігі баршаға аян.

Қазақстанда заңгер дайындау тарихына назар аударсақ, республикамыздағы бірінші арнайы оқу орны – Кеңес мем­ле­кетінің құрылысы және құқық институты. Кейінірек бұл инс­ти­туттың негізінде Алматы мем­лекеттік заң институты құры­лып, 1955 жылы осы институт заң факультеті болып Қазақ мем­лекеттік университетінің құрамына кірді. 1997 жылы заң факультеті экономика факультетімен қо­сылып, осы факультеттердің не­гізінде экономика және құқық институы ашылды. Осы жылдары аты аталған факультеттердің аты өзгергенімен мазмұны және оның негізін құрайтын кафедралар өзгермей, өз қызметтерін жалғастыруда. Ал оның мақсаты елімізге білімді заңгер, экономист мамандарын даярлау. 2001 жылы бұл институт жабылып, заң және экономика факультеті дербестік алып, жеке факультеттер болып қайта ашылды.

Ары қарай оқу >>

"Алматы ақшамы" газеті

23.05.2014

Сенің оқу орның — сенің мақтанышың

Бүгінгі күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қазақстандық жоғары оқу орындары арасында Қазақстан Республикасы Президен­тінің «Сапа облысындағы жетістіктері үшін» сый­лығының лауреаты. ҚР БҒМ-нің Ұлттық аккредитация­лық орталығының бағалауы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қазақстандық жоғары оқу орындар арасында 2011жылы Ұлттық рейтингте көш бастап тұр. Сонымен қатар 29 бакалавриат мамандығы бойынша бірінші орында, жеті- екінші орында, екі-үшінші орынды иеленген. Жүлделі орындар ҚР БҒМ-нің Ұлттық аккредитация­лық орталығының сертификатта­рымен марапатталған. Quacquarellі Symonds (QS, Великобритания) агенттігінің жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша университет әлемдегі дамудың сапалық көрсеткіштерін бағалау бойынша жоғары деңгейді иеленген.

Ары қарай оқу >>

"Қазақ әдебиеті" газеті

23.05.2014

ҒЫЛЫМ-БІЛІМНІҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ

Отандық білім-ғылымның қарашаңырағы – әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық университеті биыл 80 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Осынша ұзақ уақыт ішінде қаншама қазақстандық бұл университетті тәмамдап, жоғары білімді мамандық иесі ретінде үлкен өмірге жолдама алды десеңізші! Қаншама адамның тағдыры осы оқу орнымен байланысты екені өз алдына бөлек әңгіме. Ғасырға жуық тарихы бар қарт ҚазҰУ-дің қол жеткізген жетістіктері де орасан зор.

Ары қарай оқу >>

"Қазақ әдебиеті" газеті

23.05.2014

УАҚЫТТЫҢ ТАЛАБЫНА САЙ ӨРКЕНДЕУ

Бүгін, қазақ білімінің қарашаңырағы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің мерейтойында, біз өзінің 80 жылдығын тойлап жатқан биология факультетінің тарихынан кейбір кезеңдерді еске түсіргіміз келеді. Биология факультетіне сонау 1934 жылдың қаңтар айында 22 студент қабылданған екен. Ол уақытта факультет құрамында Қазақстанның өсімдіктер және жануарлар әлемін зерттеуге кадрлар дайындау үшін 2 кафедра ашылды: ботаника және зоология. Айта кетерлігі, факультет өмірінің алғашқы жылдарынан бастап Алматыға Мәскеуден, Ленинград, Киев, Қазаннан қоныс аударған ғалымдардың тобы жұмыс істеді. Факультет өте қарқынды дамып, нәтижесінде кафедра саны сегізге жетті. Ал 1936 жылы зоологиялық музей, ботаникалық бақ және аумағы 30 га жететін ғылыми тәжірибелік шаруашылық ашылды. Жыл сайын ғылыми жұмыстар мен көрмеге материалдар жинау үшін экспедициялар ұйымдастырылып тұрды. Көптеген оқу экспонаттары мен препараттары факультетіміздің студенттері мен оқытушыларының қолдарымен жасалынды.

Ары қарай оқу >>

"Қазақ әдебиеті" газеті

23.05.2014

БІЛІМНІҢ БИІК ОРДАСЫ

Өткен жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарының орта шені. Жасөспірім шағымыз, мектептің оныншы-он бірінші кластарында оқып жүрдік. Ол тұста, аудан орталығында газет-журнал сататын бір ғана киоскі-дүңгіршек болатын. Қолымыз босаған бетте сол жерден барып ақпараттанамыз. Көбінесе, бізді қатты қызықтыратын екі парақ қағазбен шығатын «Қазақ әдебиеті» газеті еді. Бар-жоғы екі тиын тұратын. Газет бетінде жарияланған материалдарды таласа-тармаса, түгін қоймай қақтап оқимыз. Ес жиып қалғандықтан да бүкіл ой-санамыз, екі көзіміз Алматы жақта. Бір жаңалық күтіп, елеңдеп жүреміз. Өйткені, астанамыз Алматы болғандықтан, бар жақсылық, шапағат сол жақтан тарайтын. Әрі қазақтың ең менмін деген бетке ұстарлары: ақындар, жазушылар, әртістер және ең атақты неше түрлі жоғары оқу орындары, толып жатқан зиялы қауым өкілдері – баршасы Алматыдан орын тепкен.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситетінің 80 жылдығына арналған қалалық веложарыстың және университеттің үздік спортшыларына құрмет көрсету спорттық мерекесі өтеді

22.05.2014

2014 жылдың 24 мамыр күні әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық унивеситетінің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында қалалық велошеру өткізіледі. Велошеруге Алматы қаласының тұрғындары, қала қонақтары, қаладағы ЖОО студенттері, велоспорттың жанкүйерлері мен кәсіпқой спортшылар (чемпиондар, ардагерлер), қала әкімі А.С. Есімов және қалалық әкімшіліктің қызметкерлері, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситетінің ректоры Ғ.М. Мұтанов қатысады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Нобель сыйлығы иегері Арье Варшель дәріс оқиды

21.05.2014

2014 ж. 24 мамырында VII Астана экономикалық форумы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдығын тойлау шеңберіндегі «Еуразиялық алуантүрлілік және тұрақты дамуда университеттердің алатын рөлі» Азия университеттерінің III Форумы шегінде өткізілген, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Арье Варшельдің дәрісі жүргізіледі.

Ары қарай оқу >>

Оңтүстік Калифорния университеті профессорларының дәрістері

21.05.2014

2014 жылдың 6 – 23 мамыры аралығында философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасында Оңтүстік калифорния университетінің профессорлары Шерон Энн Ллойд пен Златан Дамьяновичтің кафедра оқытушыларына, магистранттары мен докторанттарына арналған дәрістері өтті.

Ары қарай оқу >>

Университеттің 80-жылдығына арналған мерейтойлық онкүндік аясында «Болон үдерісінің ұстанымдары: білім беру реформаларын әкімшіліктендіру тәжірибелері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы оқу-әдістемелік секция мәжілісі өтеді

21.05.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2014 жылдың 23 мамырында сағат 10. 00-де «Болон үдерісінің ұстанымдары: білім беру реформаларын әкімшіліктендіру тәжірибелері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы оқу-әдістемелік секция мәжілісі өтеді. Бұл іс-шара универерситеттің 80-жылдығына арналған мерейтойлық онкүндік аясында өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Корейтану және жапонтану кафедрасында Global Class-тың ашылу салтанаты өтті

20.05.2014

2014 жылдың 15 мамыр күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Корей қорының (Korea Foundation) гранттық қолдауымен корейтану және жапонтану кафедрасында Global Class-тың ашылу салтанаты болды.

Ары қарай оқу >>

Қасиетті қарашаңырақтың мерейтойына арналған шығармашылық байқау

20.05.2014

Қасиетті қарашаңырақ ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай журналистика факультеті, баспа ісі және дизайн кафедрасының ұстаздары мен студенттік оқу-тәжірибелік «Шуақ» жастар журналы университеттік шығармашылық байқауының қорытындысын жариялады.

Ары қарай оқу >>

«Сәтті жұмысқа тұрудың алғышарттары мен мүмкіндіктері» атты тақырыпта семинар-тренинг өтті

19.05.2014

Қытайтану кафедрасының оқытушылары мен Алматы қаласындағы ҚХР Банкісінің қызметкерлері бірлесіп «Сәтті жұмысқа тұрудың алғышарттары мен мүмкіндіктері» атты тақырыпта семинар-тренинг өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 12-17 мамыр 2014 жыл.

19.05.2014

  • Шығыстану факультетінде Корей қорының гранттық қолдауымен корейтану және жапонтану кафедрасында Global Class-тың ашылу салтанаты өтеді
  • Тақырып жалғасы Елбасы Н. Назарбаевтың Мәскеу университетінің профессорлары мен ғалымдары алдында тұңғыш рет Еуразиялық интеграциялық одақ құру туралы ғылыми негізделген баяндамасы туралы пікірлер
  • ҚазҰУ-ға – 80 жыл
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушы-профессорлап құрамының бос жұмыс орындарына байқау жариялайды
  • Азия университеттерінің ІІІ форумы
  • ҚазҰУ ғалымдары жайлы
  • Оқытушы-профессорлар мақалалары
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Kmlab» Коника Минолта озық технологиялар зертханасының тұсаукесері өтеді

19.05.2014

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2014 жылы 19 мамырда (сағ.: 12.00) журналистика факультеті № 219 «Kmlab» зертханасында журналистика факультетінде «Қазақ университеті» баспасының қолдауымен «Kmlab» Коника Минолта озық технологиялар зертханасының тұсаукесері өтеді.

Ары қарай оқу >>

Ұлт болашағы бүгіннен басталады

17.05.2014

Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы, «Мәдениеттану» және «Дінтану» мамандықтарының 1-3 курс студенттері 17 мамыр күні сағат 11.00-де философия және саясаттану факультетінің акт залында 2014 жылғы ҚазҰУ-дің 80-ші түлектеріне арналған «Ұлт болашағы бүгіннен басталады» атты мерекелік-құттықтау концертін өткізді.

Ары қарай оқу >>

«One Asia» халықаралық білім беру жобасы

16.05.2014

16 мамыр күні екінші жыл қатарынан философия және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасы және Жапония үкіметімен бірлесе нәтижелі түрде жүзеге асырылып келе жатқан «One Asia» халықаралық білім беру жобасы өз мәресіне жетті. Жоба координаторлары – профессор Чанг Бен Сун және Мионг Сун Ок.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

16.05.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері корей елінің профессорларынан онлайн дәріс алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде корей қорының қолдауымен «Global Classroom» ашылды.

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін корейлік «Кунмин банк» пен корей қоры 19 мың доллар АҚШ доллары көлемінде грант бөлген.

Ары қарай оқу >>

"Түркістан" газеті

16.05.2014

Білім берудің жаңа сипаты

Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алып отырған бүгінгі жастардың рухани-адамгершілік ұстанымдары жоғары, жан-жақты толыққан тұлға ретіне қалыптасуы үшін тәрбие жұмысының мазмұны мен түрлерін жандандыру қажеттігі аса айқын мәселелер қатарына жатады. Бүгінгі таңда жастармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жалаң сөз бен ұранға толы формальді ұстанымдардың күні келмеске кетіп отыр. Себебі ашық ақпараттық ортада өмір сүріп отырған әрбір жас өмірдің ақ-қарасына толы хабарларға еркін қол жеткізе алады. Сондықтан жастардың жалаң ағымдар мен теріс пиғылы топтардың ақпарттық шырмауына түсіп, шалыс баспаулары үшін барлық жағдайды жасау аға буынға міндет. Ұлт данасы Абайдың «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген сөзі бар. Сондықтан, студент-жастардың бо­йына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіруде, еліміздің ертеңін сеніп тапсыра аталын азаматтың тұлғасын қалыптастыруда университеттік қауымдастыққа жүктелер міндет жүгі ауыр.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

16.05.2014

Қазақстан Азия университеттерін біріктіреді

Қазақстанның елордасы Астана қаласы биылғы жылы кезекті рет жаһандық мәселелерді талқылау мен шешуге бағытталған ең ірі халықаралық сұхбат алаңына айналған VII Астана экономикалық форумының (АЭФ) жоғары санатты қонақтарын қарсы алады. Форум жұмысына әлемдік сараптамалық қауымдастықтың көшбасшылары – танымал саясат және қоғам қайраткерлері, бизнес-қауымдастық, аса ірі халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компания өкілдері, Нобель сыйлығының лауреаттары және ғалым-экономистер қатысады.

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласындағы ҚХР Банкісімен бірлесіп өткізген тренинг

16.05.2014

2014 жылдың 16 мамырында сағат 15.00-де 423 дәрісханада қытайтану кафедрасының оқытушылары мен Алматы қаласындағы ҚХР Банкісінің қызметкерлері бірлесіп «Сәтті жұмысқа тұрудың алғышарттары мен мүмкіндіктері» атты тақырыпта тренинг –семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

16.05.2014

15 Мая 2014, 08:38
В рамках VII АЭФ пройдет III Форум Азиатских университетов

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - В рамках насыщенной программы VII Астанинского экономического форума (АЭФ) на базе КазНУ имени аль-Фараби состоится важное событие - III Форум Азиатских университетов «Евразийское разнообразие и роль университетов в устойчивом развитии», сообщает пресс-служба учебного заведения.

«Форум соберет более 100 руководителей вузов из 40 стран мира. Пленарное заседание «Интернационализация университетов Евразийского пространства» состоится 21 мая в Астане во Дворце Независимости. Продолжит работу форум 22-23 мая в Алматы в КазНУ имени аль-Фараби. Это мероприятие откроет юбилейную декаду, посвященную празднованию 80-летия университета», - говорится в сообщении.

Ары қарай оқу >>

«Шығыс мұражайының» тұсаукесер салтанаты болып өтті.

16.05.2014

2014 жылдың 16 мамырында сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен университеттің серпінді жобаларды жүзеге асыру бағдарламасы аясында Шығыс Мұражайының ашылу салтанаты өтті.

Ары қарай оқу >>

"ӘДІЛЕТ" ұлттық апталық басылым

14.05.2014

Вторник, 06 Май 2014 13:58

БІЛІКТІ МАМАН – ҰЛТТЫҢ АЛТЫН ҚАЗЫНАСЫ

Сонау алыс армандарға талпыныс жасап, ертеңгі болашақтың баспалдақтарын таңдай бастаған тұстан үкілі үмітімізге айналған Қазақ ұлттық университетінің табалдырығын аттаған сәтіміз бәріміздің де есімізде. Бойымызды қорқыныш пен күдік билеген біздерді қасиетті алтын ұя сондай бір жылылықпен қарсы алды. Арман жүзеге асты, студент атандық, білім алдық, білікті маман болып шықтық. Есейдік, ер жеттік. Бірақ осынау қасиетті қара шаңыраққа деген ризашылық сезім жүрек түкпірінен саналы ғұмырда өшпестей орын алды. Сол үшін де туған университетіміз біз үшін қадірлі де қастерлі.

Ары қарай оқу >>

"Егемен Қазақстан" газеті

14.05.2014

Қарашаңырақ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақтың жетекші классикалық университеті мәр­тебесіне ие. Бүгінгі күні Қазақстан білімі мен ғылы­мының ірі орталығына айналып отыр. 75 жыл­дық аса бай тарихы бар университет бұл сала­дағы инно­вациалық дамудың ұлттық көшбасшысына айналып отыр. Қазақ ұлттық университеті еліміздің бар­лық білім беру жүйе­сінің тірегі, білікті ордасы. Уни­верситеттің мыңдаған түлектері қазақстанның оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етіп жүр.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

14.05.2014

Global Class ашылады

14.05.2014
Дуанабай Жолдасбек

15 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде 543 аудиторияда Корей қорының гранттық қолдауымен корейтану және жапонтану кафедрасында Global Class-тың ашылу салтанаты өтеді.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану факультетінде Global Class-тың ашылу салтанаты өтеді

13.05.2014

15 мамырда (сағат 10.00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде (543 ауд.) Корей қорының (Korea Foundation) гранттық қолдауымен корейтану және жапонтану кафедрасында Global Class-тың ашылу салтанаты өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері, түлектерінің назарына! Мерейтойлық онкүндікке шақырамыз

12.05.2014

Баршаларыңызды айтулы мереке – университеттің құрылғанына 80 жыл толуымен құттықтаймыз әрі айтулы мерекені тойлауға арналған мерейтойлық онкүндікке қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті

11.05.2014

Шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қазақ салт-дәстүрі мен идеологиясының жанашыры Зейнеп Ахметованың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 5-10 мамыр 2014 жыл

11.05.2014

  • Тақырып жалғасы Елбасы Н. Назарбаевтың Мәскеу университетінің профессорлары мен ғалымдары алдында тұңғыш рет Еуразиялық интеграциялық одақ құру туралы ғылыми негізделген баяндамасы туралы пікірлер
  • Тақырып жалғасы Заң факультетінде «Еуразиялық Экономикалық одаққа бірігу жағдайында азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғау саласына қатысты әлеуметтік және мүмкіндіктер» атты екікүндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • Тақырып жалғасы «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті
  • Біздің сарапшылар
  • Оқытушылар-профессорлар құрамының мақалалары
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінің оқытушылары соғыс ардагерлерін құттықтады

11.05.2014

Ұлы Жеңіс пен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара аясында азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының оқытушылары Алматы қаласының Жетісу мүгедектер қоғамының еңбек ардагерлерін құттықтады.

Ары қарай оқу >>

"Алматы ақшамы" газеті

10.05.2014

Қазіргі кезең білектің емес, білімнің заманы

Елбасымыз 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағ­дарымызды анықтаған тарихи Жолдауында: «Біздің ендігі міндетімізегемендік жылдары қол жеткіз­геннің барлы­ғын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнық­ты дамуды жалғастыру» деген болатын. Оған жетудің басты факторы – ғылым мен білімді дамыту. Әсіре­се, ғылыми қамтымды экономика құру. Себебі, бола­шақта эконо­миканың дамуы ғылыммен тығыз байланысты болмақ.

Әлемдік кеңістіктегі ірі ғылыми-зерттеу орталы­ғы­на айналып отырған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бүгінгі көкжиегі айрықша. Ұлттық білім ордасының ашылуының 80 жылдық мерекесі – бүгінгі таңда Қазақстан білімінің үлкен мере­кесіне айналып отыр. Біз осыған орай, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универси­тетінің бірінші проректоры, химия ғылымының докторы, профессор Мұхамбетқали Мырзабайұлы БҮРКІТБАЕВТЫ әңгімеге тартқан едік.

Ары қарай оқу >>

"Егемен Қазақстан" газеті

10.05.2014

Уақыт ұлағаты

Елімізге белгілі тарихшы-ғалым, профессор, әрі этнолог, әрі археолог, қазіргі кездегі тарихшылар қауымының ақсақалы әрі кейінгі толқынның ұстазы, екінші дүниежүзілік соғысқа 18 жасында қатысып, Отан қорғаған ардагер Уахит Шалекенов бүгінде тоқсанның тұғырлы белесіне жетті.

Ары қарай оқу >>

"Ана тілі" газеті

10.05.2014

Ар ісін аялаған

Сонау 1951 жылдың қысында қазіргі Алматы облысы, Алакөл ауданының Жемді ауылында дүниеге келген Қанипаш кішкентайынан кітап-қағазға құмар болады. Ол кезде соғыстан бір аяғынан айырылып келген Кәрібай ата салт атқа мініп алып, әр үйге қос қоржынынан алма-кезек хат-хабар үлестіруші еді. Оның қарасы алыстан көрінгеннен-ақ Қанипаш өзі ынтыға күтетін «Балдырғанды» алуға асығады. Журналдағы Бердібек Соқпақбаевтың «Аяжан» повесінің жалғасын оқығанша тағат таппайды. «Пионерге» өзі де мақала жібере бастады.

Ары қарай оқу >>

Зейнеп Ахметовамен кездесу

06.05.2014

Шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қазақ салт-дәстүрі мен идеологиясының жанашыры Зейнеп Ахметованың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан Республикасы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығының өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті

06.05.2014

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «ҚазМЗУ» АҚ Қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасымен бірігіп онлайн режимде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 80-жылдығына орай Республикалық дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

«ҚазҰУ Гринкампус» жобасының аясында өткен акция!

06.05.2014

2014 жылдың 6 мамыр күні 3-курс «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының студенттері топ куратор-эдвайзері Г.А. Мамырбековамен бірге №9 студенттер үйінің алдына гүл екті. Алдын-ала бір апта бұрын тыңайтқыш қосылған жер, 5 мамыр күні гүл көшеті №9 студенттер үйіне жеткізілді. «Петуния» гүлінің көшетін егу барысында түстерге бөліп егу өте қызықты өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов Жеңіс күні қарсаңында ҰОС ардагерлерін құттықтады

06.05.2014

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайынғы дәстүр бойынша Жеңіс күні қарсаңында соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған салтанатты құттықтау рәсімі өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 28 сәуір – 4 мамыр 2014 жыл

06.05.2014

  • ҚазҰУ-ға – 80 жыл
  • Заң факультетінде «Еуразиялық Экономикалық одаққа бірігу жағдайында азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғау саласына қатысты әлеуметтік және мүмкіндіктер» атты екікүндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да Қазақ Жазушылар одағы, «Қазақ әдебиеті» газеті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойлары аталып өтті
  • Елбасы Н. Назарбаевтың Мәскеу университетінің профессорлары мен ғалымдары алдында тұңғыш рет Еуразиялық интеграциялық одақ құру туралы ғылыми негізделген баяндамасы туралы пікірлер
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушылары жайында
  • Біздің сарапшылар
  • Оқытушылар-профессорлар құрамының мақалалары
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

"Егемен Қазақстан" газеті

06.05.2014

Болашақтың университеті: ол қандай болуы керек?

Білім және ғылым министрлігінде реформа әзірлеуші мамандар алдымыздағы 10-30 жылда Қазақстан жаһандық білім беру кеңістігінде жетекші орындардың бірін алуы ықтимал деп есептейді. Осы орайда, жақын болашақта Қазақстанның жоғары оқу орындарында дәстүрлі және заманауи білім беру арасындағы тепе-теңдікті анықтау мәселесі тұр.

Болашақтың университеті жайлы біз педагогтар әулетінен шыққан ғалым, химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің химия және химиялық технология факультетінің деканы Ердос ОҢҒАРБАЕВПЕН әңгімелескен едік.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

06.05.2014

Мемлекет тік тілді нығайтуға атсалысып жатырмыз

Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің деканы, профессор

– Жуырда Қазақстан халқы ас­самб­лея­сының жиынында Елбасымыз Қазақ елінің бір­л­ігін, елдігін сақтап тұрған тіл мәселесін кө­терді. Бұл орайда осы салаға мықты маман­дар даярлап, тіл төңірегінде іргелі ойлар айтып жүрген көрнекті ғалым ретінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту үшін не істеу ке­рек деп ойлайсыз?

– Елбасымыз дәстүрлі Жолдауында қазақ хал­қы төл тарихымен, ана тілімен Мәңгілік ел болатындығын айтты. «Қазақстан – 2050» стратегиясының түпкі мақсатында Мәңгілік ел идеясы жатыр. Терең түсінген адамға тәуел­сіздігіміздің мәңгілік болуы осынау ұлы идея­мен сабақтас.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «География ғылымдарының қазіргі мәселелері» атты конференциясын өткізеді

02.05.2014

2014 жылдың 5-6 мамырында ҚазҰУ-да (химфактың Малахит залы) география және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы университеттің 80 жылдығы мен география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 65 жылдығына арналған «География ғылымдарының қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Кәсіби бағдар жұмысы аясында «Дороги моей жизни» және «Целеполагание современного школьника» тақырыптарында іс-шаралар

01.05.2014

2014 жылы 1 мамыр күні жалпы және этникалық кафедрасы оқытушылары Пузикова С.М., Вишневская А.В. және "Педагогика және психология" мамандығының 2 курс студенті Жамалова А. Алматы облыстық №1 облыстық балалар үйінің тәрбиелеушілеріне арналған кәсіби бағдар жұмысы аясында «Дороги моей жизни» және «Целеполагание современного школьника» тақырыптарында іс-шаралар ұйысдастырылды.

Ары қарай оқу >>