ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері, түлектерінің назарына! Мерейтойлық онкүндікке шақырамыз

12.05.2014

Көрулер: 2436

Баршаларыңызды айтулы мереке – университеттің құрылғанына 80 жыл толуымен құттықтаймыз әрі айтулы мерекені тойлауға арналған мерейтойлық онкүндікке қатысуға шақырамыз.

Мерейтойлық онкүндіктің бағдарламасы:

21-22 мамыр

«Еуразиялық әртүрлілік және тұрақты дамуда университеттердің рөлі». Азия университеттерінің үшінші Форумы.

23 мамыр

«Қазақстандағы Болония процесі: білім беру реформаларын басқарудың тәжірибесі». Халықаралық конференция.

24 мамыр

«Білімнен біліктілікке – кәсіби өсу жолы». ҚазҰУ жазғы семстрінің ашылуы.

25 мамыр

«ҚазҰУ – студенттік спорттың көшбасшысы». Қалалық веложарыс және университеттің үздік спортшыларына құрмет көрсету.

26 мамыр

«Қариялар – алтын қазына». Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми және педагогикалық қызметі ардагерлеріне құрмет көрсету.

27 мамыр

«ҚазҰУ – Қазақстан элитасының шеберханасы» БАҚ және журналистер арасындағы байқау жеңімпаздарын марапаттау.

28 мамыр

«Университет Қазақстан экономикасының ғылымы қажет ететін даму көзі ретінде». Ғылыми-тәжірибелік симпозиум.

29 мамыр

«Интеллектуалды оқудан – интеллектуалды ұлтқа». Халықаралық кітап жәрмеңкесі.

30 мамыр

«Университет – бизнес – қоғам: тәжірибе және серіктестік болашағы». Жұмыс берушілер Форумы.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – болашаққа ұмтылған университет». Университет ұжымының салтанатты отырысы мен ҚазҰУ түлектерінің Форумы.

31 мамыр

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлегі күнін тойлау. Түлектер балы.

Ұйымдастырушы комитет