Жаңалықтар

«ҚазҰУ студенті оқуға тиісті 100 кітап» атты жобасы аясында философия ғылымдарының докторы Б.Қ.Бейсеновтың «Қазақ ойшылдары дін туралы» атты кітабының тұсаукесері өтті

28.02.2013

27 ақпан дінтану және мәдениеттану кафедрасы магистранттарының эдвайзері Н.К.Альджанованың ұйымдастыруымен «ҚазҰУ студенті оқуға тиісті 100 кітап» атты жобасы аясында философия ғылымдарының докторы Б.Қ.Бейсеновтың «Қазақ ойшылдары дін туралы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталған іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапхана «ҚазҰУ студенті оқуға тиісті 100 кітап» жобасына кіретін 100 кітап сөресін ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Көкжайлаудың мүмкіндіктері мен болашағы қаралады

28.02.2013

28 ақпан сағат 15:30 (1 зал, ГУК 6) география және табиғат пайдалану факультетінде «Көкжайлау тау шаңғы курорт: мүмкіншілігі және болашығы» атты дөңгелек стол өтеді. Бұл шараға Алматы қаласы туризм басқару департаментінің бастығы Л. Бұрымбаева, «Көкжайлау тау шыңғы курорт» мемлекеттік компания бас директорының орынбасары Е.Теміртаев және оңтүстік астанының әкімшілік мамандары, ғылымдар және туризм саласындағы тәжірибелік-мамандықтар қатысады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да корейтану және жапонтану апталығы өтті

27.02.2013

18-23 ақпан аралығында шығыстану факультетінде корейтану және жапонтану кафедрасының апталығы аталып өтті. Бұл іс-шараның мақсаты студенттерді корей және жапон тілін оқуға ынталандырып, кафедраның іс-шараларына белсенді түрде қатыстыру болып табылды.

Ары қарай оқу >>

«Діни экстремизм және халықаралық лаңкестік» атты дөңгелек үстел өтті

27.02.2013

Халықаралық қатынастар факультетінде дипломатиялық аударма кафедрасы куратор-эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм және халықаралық лаңкестік» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға халықаралық құқық бөлімінің студенттері, дипломатиялық аударма, халықаралық құқық кафедрасының оқытушы, доценттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Ең үздік 13 студенттік топ анықталды

26.02.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен және ректордың қолдауымен бастау алған дәстүрлі «Ең үздік студенттік топ – 2013» байқауының алғашқы додасы аяқталды. Яғни әр факультеттің көздерінде жалын, жүздерінде от ойнаған, жүректерінде намыс оты кернеген ең білімді, ең белсенді студенттерінен құралған үздік топтар анықталды.

Ары қарай оқу >>

«Кенжеғали Сағадиев» кітабының тұсаукесері өтті

26.02.2013

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Өнегелі өмір» сериясымен мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик К. Сағадиевтің 75 жылдығына орай мақалалар мен сұхбаттар, ғылыми айналымға алғаш енгізілген мұрағат құжаттары, фотосуреттер, сондай-ақ замандастарының, достарының лебіздері топтастырылған «Кенжеғали Сағадиев» атты кітап тұсаукесері өтті.

Ары қарай оқу >>

«Жүзден жүйрік» білім сайысы

26.02.2013

25 ақпан 2013 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде жыл сайын білім алып жатқан тыңдаушылары арасында «ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК» білім сайысы өткізіліп тұрады. Осы жылы тарих пәні бойынша білім сайысы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Қазақтың қара өлеңі – құдіретім»

26.02.2013

26 ақпанда, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, М.Әуезов атындағы 312-дәрісханада мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары, ф.ғ.к, доцент С.МИманқұлова., Ж.А.Абдрахманова, Н.Ж.Егізбаеваның ұйымдастыруымен қазақтың қара өлеңінің құдіреті Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби‑жыр кеші болып өтті. Аталған жыр кеші «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаның аясында ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

«Қазақтың қара өлеңі – құдіретім»

26.02.2013

26 ақпанда, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, М.Әуезов атындағы 312-дәрісханада мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары, ф.ғ.к, доцент С.МИманқұлова., Ж.А.Абдрахманова, Н.Ж.Егізбаеваның ұйымдастыруымен қазақтың қара өлеңінің құдіреті Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби‑жыр кеші болып өтті. Аталған жыр кеші «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаның аясында ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Құрметті студенттер, магистранттар мен оқытушылар! Ғылыми семинар!

25.02.2013

25.02.2013- 12.03.2013 аралығында Шығыстану факультетінде арабистика және иранистика кафедраларының ұйымдастыруымен«Социогуманитарлық зерттеулердің заманауи әдістері. Орталық Азия аймақты академиялық зерттеулердің объектісі тұрғысында» атты ғылыми семинар өтеді

Ары қарай оқу >>

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРАБ ЕЛДЕРІМЕН ТІЛ БІЛІМІ, ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ»

25.02.2013

2013 жылдың 3-4 сәуір аралығында Мысыр Араб Республикасы елшілігі қарамағындағы Мысыр Мәдени Орталығының Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетімен бірлесе отыра ұйымдастыратын ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ өтеді. Конференция тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРАБ ЕЛДЕРІМЕН ТІЛ БІЛІМІ, ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ»

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың филология факультетінде Қ. Күдеринованың «Қазақ жазуының тарихы: латын қаріпіне қайта оралу» атты шеберлік сыныбы өтеді

25.02.2013

26 ақпанда сағат 15:00-де (филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің ғимараты, 315-аудитория) ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ филологиясы кафедрасы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің доценті, филология ғылымдарының докторы Қ.Б.Күдеринованың «Қазақ жазуының тарихы: латын қаріпіне қайта оралу» атты шеберлік сағатын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«ПОЛИТОЛОГ»

25.02.2013

22 ақпан күні экономика кафедрасының профессоры Р.Т. Дуламбаева және доцент Е.Н. Сидоренко, сондай-ақ ЭБЖМ студенттерінің қатысуымен философия және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасының «Политолог» студенттік пікірталас клубының кезекті отырысы өтті. Клуб мүшелері Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың перспективалары мен проблемаларын талқылады.

Ары қарай оқу >>

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ «ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН»

25.02.2013

23-24 мамыр аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің арабтану және ирантану кафедрасы, Ирантану орталығы, әл-Фараби орталығы және философия кафедрасының ұйымдастыруымен «ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ өтпек

Ары қарай оқу >>

«Көмек» еріктілер ұйымы байқау өткізді

25.02.2013

22 ақпанда ҚазҰУ студенттерінен құралған «Көмек» еріктілер ұйымы, мүмкіндігі шектеулі және жетім балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасында «Жарқын Жұлдыз» атты ән-би-аспаптық байқау өткізді.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінде Қытайтану тереңірек зерттелмек

25.02.2013

21 ақпанда «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу» орталығының ашылу салтанатына орай «Қазіргі заманғы Қытай Қазақстанмен қарым-қатынасы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың филология факультетінде Қ. Күдеринованың «Қазақ жазуының тарихы: латын қаріпіне қайта оралу» атты шеберлік сыныбы өтеді

25.02.2013

26 ақпанда сағат 15:00-де (филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің ғимараты, 315-аудитория) ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ филологиясы кафедрасы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің доценті, филология ғылымдарының докторы Қ.Б. Күдеринованың «Қазақ жазуының тарихы: латын қаріпіне қайта оралу» атты шеберлік сағатын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Корей Республикасының бас консулы Сон Чхи Кын мырза дәріс өткізді

25.02.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде «Самсунг және Тойота компанияларының салыстыруларынан көрінетін Қазақстан менеджментінің стартегиясы» тақырыбында Корей Республикасының бас консулы Сон Чхи Кын мырза дәріс өткізді.

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінің сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған қашықтықтан білім беру

21.02.2013

Наурыз мерекесіне байланысты Заң факультетінің сырттай бөлімінің 2 курс (жоғарғы білім - 2 жылдық) студенттері үшін емтихан сессиясы 2013 жылдың 14-20 наурыз аралығында өткізіледі.

Құрметпен, қашықтықтан білім беру орталығы

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да энергетика саласы мәселелерін дамыту жолдары қарастырылады

21.02.2013

26 ақпан сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да («Ғылыми-технологиялық паркі» РМК, әкімшілік корпус №2, мәжіліс- зал, №107) «Болашақ энергиясы- EXPO-2017» тақырыбы бойынша ғылым, білім, өндіріс, Алматы облысы әкімшілігінің өкілдерінің қатысуымен кәсіби диалогтық алаң өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері қарттар үйіне барды

21.02.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушысы С.Д. Ермағанбетова және белсенді студенттік құрамның ұйымдастыруымен 20 ақпан күні «Қарттарым-асыл қазынам» атты тақырыппен Алматы қалалық қарттар үйіне барып қайтты.

Ары қарай оқу >>

"Алматы ақшамы" қоғамдық-саяси газет

21.02.2013

«Инновациялық ойлау жүйесi сөз болды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттау, түсiндiру мақсатымен ҚР Парламент Сенатының депутаты, ҚР ҰҒА академигi Ғарифолла Есiм келдi.

Ары қарай оқу >>

"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

21.02.2013

Баспа жаңа ғимаратқа көшті

Әл-Фараби атында­ғы Қазақ ұлттық универ­си­тетінде «Қазақ универси­теті» баспасының жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.

«Қазақ университеті» баспасы – елі­міздегі іргетасы ертеректе қаланған бас­палардың бірі. Жарты ғасырдан астам та­рихы бар баспа қазіргі таңға дейін көп­теген дүниелерді жарыққа әкелді. Ашылу салтанатының дәстүрлі лентасын уни­верситет ректоры Ғалымқайыр Мұ­тан­ұлы кесіп, баспаның табысты қыз­ме­тіне жылы лебізін білдірді. Сонымен қа­тар мерекелік іс-шараның құрметті қо­­нақтары қатарында университет про­рек­торлары, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері болды.

Ары қарай оқу >>

СПИД – ғасыр індеті

20.02.2013

2013 ж. 22 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде (427 ауд, сағат 15:00) органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен, «СПИД – ғасыр індеті» атты жастарға тәрбиелік іс-шара өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Дөңгелек үстел

20.02.2013

2013 жылдың 20 ақпанында аль-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтік жұмыс бөлімінің студенттері халықаралық әлеуметтік әділеттілік күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да төтенше жағдайда бірінші медициналық көмек көрсетуді үйретеді

20.02.2013

2013 жылдың 23 ақпанында сағат 14:30-да география және табиғатты пайдалану факультетінде (зал №1) "Төтенше жағдайда бірінші медициналық көмек көрсету" атты семинар-тренинг өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

"Дала мен қала" қазақстандық қоғамдық-саяси апталық

20.02.2013

МЕДЕУГЕ БАРДЫҢ БА?

Медеу – Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасын­дағы мұзайдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биіктікте орналасқан ол әлемдегі ең атақты мұзайдын­да­рының қатарында. Медеу 10500 ш.м. жерді алып жатыр және ол өзіне 10500 көрерменді сыйғыза алады. Бұл әсем табиғат ортасында орналас­қан алақандай мұзай­дынына берілген ресми сипаттама ғана.

Ары қарай оқу >>

"Дала мен қала" қазақстандық қоғамдық-саяси апталық

20.02.2013

Оқу үдерісі: бейімдеу мен ынталандыру

Жоғары оқу орнына түсуде жаңа әлеуметтік-мәдени ортаға бейімдеу – білім беру үдерісінің тиім­ділігін анықтайтын негізгі фактор­лардың бірі. Қазіргі таңда шетелдік студенттер мен шетелден келген қазақ диаспорасын қазақстандық әлеуметтік-мәдени ортаға бейімдеу мәселесі білім беру жүйесінің алдында тұрған маңызды міндет.

Ары қарай оқу >>

Студенттер діни тұрғыдан сауаттылығын жетілдірді

20.02.2013

19 ақпанда философия және саясаттану факультетінде «Нұр» клубының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы Бағдат Бейсенов және 3 курс мәдениеттану мамандығының эдвайзері философия ғылымының кандидаты, оқытушы Әсем Мұханбет ұйымдастыруымен «Діни экстремизм және терроризм – бейбітшілік қаупі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Қазақ тілін оқытуда тиімді әдістерді қолдануға арналған семинар өтеді

20.02.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Біліктілікті арттыру институты мен мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен28.02 - 01.03 аралығында«Мемлекеттік тілді оқытудағы инновация: жаңа үрдістер және модульдік технология» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді. Семинарға Республиканың барлық ЖОО-ның оқытушылары мен ғалымдары қатысады.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы» атты кітаптың тұсаукесері өтті

19.02.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультеті «Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы» атты кітаптың 3-ші басылымының тұсаукесері өтті.

Ары қарай оқу >>

Мектеп оқушылары арасындағы жыл сайынғы қытай тілінен кезекті олимпиада өтті

19.02.2013

2013 жылдың 19-ақпанында сағат 10.00 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасында Алматы қаласындағы қытай тілін оқитын мектеп оқушылары арасында қытай тілінен олимпиада өтті.

Ары қарай оқу >>

Әлем университеттерінің сайттары бойынша нәтиже

19.02.2013

Әлемдік «RANKING WEB OF UNIVERSITIES» сайтының рейтингтік жариялауы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - дың ресми сайты тағы да 1000 сатыға жоғарылап, әлемдік 18 мың ЖОО арасында 2002 орын қатарынан көрінді және Қазақстан Республикасындағы ЖОО арасында бірінші орынды иеленді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері ақын Маралтай Райымбекұлымен кездесті

19.02.2013

2013 ж. ақпанның 15-жұлдызында «Қаламымда тағдырымның кермегі» деген атаумен механика-математика факультетінің студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамының Қазақстан Жастар Одағы, «Дарын» мемлекеттік жастар және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты, ҚР Президенті грантының үш мәрте иегері, ақын Маралтай Райымбекұлымен кездесуі болып өтті. Жүздесуге басқа факультеттерде дәріс алып жатқан жастар да қатысты.

Ары қарай оқу >>

Көшбасшылық дәріске шақырамыз!

19.02.2013

Мансап және бизнес орталығы барлық студенттерді, магистраттарды, докторанттарды Көшбасшылық дәріске шақырады:

Санжар Боқаев – саясаттанушы, саясаттану ғылымының докторы PHD (Колумбия университеті). Алматы қаласының жастар мәселесі жөніндегі Басқарма бастығы, тәуелсіз блоггер. Дәріс 20 ақпанда 2013ж. сағ. 15.10, заң факультетінің 4-залында өтеді.

Шаяхметова Үміт Болатханқызы – Халық банкінің Басқарма төрайымы. Дәріс 21 ақпанда 2013ж. сағ. 14.30, Ғылыми кеңес залында 15- қабатта өтеді.

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Дені сау ұрпақ биік шыңдарды бағындырмақ

18.02.2013

2013 жылдың ақпан айының 13 жұлдызында өткен «Тәні саудың – жаны сау» атты факультеттік деңгейдегі эстафеталық жарыс өз мәресіне жетті! Дене шынықтыру және спорт кафедрасы мен философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұстаздары мен 2 курс магистранттары ұйымдастырған «Дені саудың – жаны сау» атты спорттық эстафеталық жарыс өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 11.02.2013-16.02.2013

18.02.2013

  • Білім саласын талқылады
  • ҚазҰУ-да М. Мақатаевтың туылған күні қарсаңында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты кеш өтті
  • Тақырып жалғасы Гуманитарлы және жаратылыстану ғылыми мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің отырысы өтеді. «Қазақстан-2050» стратегиясындағы жаңа ұрпаққа білім беру бағдарламалары» тақырыбы төңірегінде кеңес өтті
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ студенттері қымыздан био-сабын жасады
  • ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғарифолла Есім ҚазҰУ-да Елбасы жолдауын талқылады
  • Тақырып жалғасы 1 ақпанда «Қазақ» газетінің 100 жылдығына орай журналистика факультеті Т. Қожакеев атындағы мәжіліс залында Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистика Академиясы, Бас редакторлар клубы қолдауымен 2013 жылы 1 ақпанда «Қазақ» газетінің 100 жылдығына және қазақ руханиятының ұлы тұлғасы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына орай «Қазақ журналистикасы тарихын зерттеу мен даму үдерісінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ ректоры ЮНЕСКО-ның білім жөніндегі бас директорының орынбасары Цянь Танмен кездесті
  • Елбасы Жолдауына пікірлер
  • Имидждік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы дөңгелек үстелде талқыланады

18.02.2013

2013 жылдың 21 ақпаны сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының ашылуымен «Қазіргі заманғы Қытай және Қазақстанмен қатынасы» атты дөңгелек үстел өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!»

18.02.2013

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар жоспары аясында, Денсаулық сақтау министрлігінің халыққа туберкулездің алдын алу және дер кезінде медициналық көмек алу қажеттігі туралы ақпараттандыруды арттыру бұйрығына сәйкес, әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2013 жылы 15 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде биофизика және биомедицина кафедрасына қарасты «Хронобиология орталығы» мен кафедра ұжымы «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында факультет деңгейінде ғылыми-тәрбиелік мәні бар семинар ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

«Айналаңды нұрландыр» жобасы «Көмек» еріктілер қозғалысында өз жалғасын тапты

18.02.2013

Университетіміздің ректоры Ғ. Мұтанұлы бастаған «Айналаңды нұрландыр» жобасы жастар қатарынан қолдау табуда. ҚазҰУ-дың «Көмек» еріктілер ұйымы қалалық деңгейде «Мақсатқа бірге жетейік» тақырыбы аясында қалалық деңгейде дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы талқыланды

18.02.2013

Халықаралық қатынастар факультетінде «Дипмиссия» клубы бастауымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі «Қазақстан-2020: болашаққа айқын жол» атты тұжырымдамасы талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

18.02.2013

25-28 ақпанда 2013 жылы волейболдан (ұлдар арасында) 66- факультетаралық спартакиада ойындары өткізіледі.

Басталуы: 11.00 сағат.

Ары қарай оқу >>

«Тәні саудың – жаны сау»

17.02.2013

2013 жылдың ақпан айының 13 жұлдызында өткен «Тәні саудың – жаны сау» атты факультеттік деңгейіндегі эстафеталық жарыста өз мәресіне жетті!

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы мен философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұстаздары мен 2 курс магистранттары ұйымдастырған «Дені саудың – жаны сау» атты спорттық эстафеталық жарыс өтті. Бұл жарысқа факультетіміздің барлық белсенді, спорт сүйер ұл-қыздары ептіліктерімен сынға түсті. 8 топқа («Қайсар», «Шапағат», «Денсаулық», «Челси», «Барыс», «Альтаир» және «Өркениет») бөлінген студенттер «Түскі ас», «Жұмыртқа», «Кенгуру» атты сайысқа қатысып, ерекше белсенділікпен өз шеберліктерін көрсетіп, спортқа деген сүйіспеншіліктерін байқатты.

Ары қарай оқу >>

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!»

16.02.2013

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар жоспары аясында, Денсаулық сақтау министрлігінің халыққа туберкулездің алдын алу және дер кезінде медициналық көмек алу қажеттігі туралы ақпараттандыруды арттыру бұйрығына сәйкес, әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2013 жылы 15 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде биофизика және биомедицина кафедрасына қарасты «Хронобиология орталығы» мен кафедра ұжымы «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында факультет деңгейінде ғылыми-тәрбиелік мәні бар семинар ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 4.02.2013-9.02.2013

16.02.2013

  • ҚазҰУ студенттері қымыздан био-сабын жасады
  • Тақырып жалғасы Нобель сыйлығының иегері, белгілі математик әрі экономист Джон Форбс Нэш әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың «Экономика-математикалық әдістер мен үлгілер» атты кітабына өзінің жоғары бағасын берді
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Таллорес Халықаралық жоғары бiлiм институттары қауымдастығының мүшесі болды
  • 1 ақпанда «Қазақ» газетінің 100 жылдығына орай журналистика факультеті Т. Қожакеев атындағы мәжіліс залында Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистика Академиясы, Бас редакторлар клубы қолдауымен 2013 жылы 1 ақпанда «Қазақ» газетінің 100 жылдығына және қазақ руханиятының ұлы тұлғасы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына орай «Қазақ журналистикасы тарихын зерттеу мен даму үдерісінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
  • Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты дәстүрлі жыр кеші және С.Әшімбаев атындағы жас әдебиетшілер клубының маусымдық ашылуы өтеді
  • Гуманитарлы және жаратылыстану ғылыми мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің отырысы өтеді. «Қазақстан-2050» стратегиясындағы жаңа ұрпаққа білім беру бағдарламалары» тақырыбы төңірегінде кеңес өтті
  • Елбасы Жолдауына пікірлер
  • Имидждік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Атамекеннің ыстық ықыласы

15.02.2013

2013 жылдың ақпан айында мемлекеттік тіл кафедрасына Қытай халық республикасының Іле педагогикалық университетінен үш оқытушы тағылымдамадан өтуге келді. Мәтқабыл Мұқаметкерім, Бәтима Бидоллақызы, Ясын Жұпбаиев мемлекеттік тіл кафедрасында қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту әдістемесімен, бағдарламалармен, оқулық, оқу құралдарымен танысып, тәжірибе алмасты.

Ары қарай оқу >>

Атамекеннің ыстық ықыласы

15.02.2013

2013 жылдың ақпан айында мемлекеттік тіл кафедрасына Қытай халық республикасының Іле педагогикалық университетінен үш оқытушы тағылымдамадан өтуге келді. Мәтқабыл Мұқаметкерім, Бәтима Бидоллақызы, Ясын Жұпбаиев мемлекеттік тіл кафедрасында қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту әдістемесімен, бағдарламалармен, оқулық, оқу құралдарымен танысып, тәжірибе алмасты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да ҚР Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есіммен кездесу өтті

15.02.2013

Бүгін ҚазҰУ-да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттау, түсіндіру мақсатымен ҚР Парламент Сенатының депутаты, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім болды.

Ары қарай оқу >>

Серенадалар кеші өтті

15.02.2013

Кеше Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Халықаралық байқаулардың лауреаты, профессор Кенжеғали Мыржықбайдың шығармашылық серенадалар кеші өтті.

Ары қарай оқу >>

«Тәні саудың – жаны сау»

15.02.2013

2013 жылдың ақпан айының 13 жұлдызында өткен «Тәні саудың – жаны сау» атты факультеттік деңгейіндегі эстафеталық жарыста өз мәресіне жетті!

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы мен философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұстаздары мен 2 курс магистранттары ұйымдастырған «Дені саудың – жаны сау» атты спорттық эстафеталық жарыс өтті. Бұл жарысқа факультетіміздің барлық белсенді, спорт сүйер ұл-қыздары ептіліктерімен сынға түсті. 8 топқа («Қайсар», «Шапағат», «Денсаулық», «Челси», «Барыс», «Альтаир» және «Өркениет») бөлінген студенттер «Түскі ас», «Жұмыртқа», «Кенгуру» атты сайысқа қатысып, ерекше белсенділікпен өз шеберліктерін көрсетіп, спортқа деген сүйіспеншіліктерін байқатты.

Ары қарай оқу >>

Баспаға жаңа баспана

14.02.2013

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақ университеті» баспасының жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.«Қазақ университеті» баспасы - еліміздегі іргетасы ертеректе қаланған баспалардың бірі. Жарты ғасырдан астам тарихы бар баспа қазіргі таңға дейін көптеген дүниелерді жарыққа әкелді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да ҚР Парламент Сенатының депутаты Ғ. Есіммен кездесу өтеді

14.02.2013

15 ақпан 2013 жылы сағ. 11:00-де (15 қабат Ғылыми кеңестің мәжіліс Залында) әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғ.М. Мұтановтың қатысуымен ҚР Президентінің Жолдауы аясында ҚР Парламент Сенатының депутаты, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есіммен кездесу өтеді. Кездесу тақырыбы: «Қазақстан – 2050: инновациялық ойлау жүйесі».

Ары қарай оқу >>

Жастар музыкалық мәдениетті қалыптастыруда

14.02.2013

15 ақпанда сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының «Эксперт» клубы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Інжу-маржан іздеушілері» клубының ұйымдастыруымен «Жастардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Ары қарай оқу >>

"Ана тілі" Ұлт газеті

14.02.2013

Тұлғаларымызды дәріптейік

Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы білімді ұлт дайындауда жоғары оқу орындарының ұстаздарына үлкен жауапкершілік жүктейді. Жастарды еңбекке баулып, жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, үлкен жетістіктерге жету мақсатында жұмыс атқару оқытушылардың өз біліктіліктерін үнемі жетілдіруді талап етеді. Білікті, бәсекеге қабілетті мамандар халқымыздың экономикалық, әлеуметтік тұрғыда дамуына септігін тигізеді.

Ары қарай оқу >>

"Алматы ақшамы" қоғамдық-саяси газет

14.02.2013

Ауған жастары Мұқағалиды жатқа оқыды

Жуырда аталып өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орайластырылған шаралар әлі де жалғасын табу үстінде. Ақынның жауһар жырлары жауқазын ұрпағымен қауышып, өзі айтқандай «ХХІ ғасырдағы құрдастарының» сырларына айналды.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

14.02.2013

Ел болашағының жаңа бағыты

«Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемле­кеттің жаңа саяси бағыты» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы елімізді өркендету жолындағы өте ма­ңыз­ды бағдарлама болып саналады. Мұндай ұзақ мерзімге бағыт­талған Жолдау тарихымызда болған жоқ. «Қазақстан – 2050» стратегиясы еліміздің, саяси әлеуметтік бағыттарын одан әрі дамыту жолындағы Қазақстанның болашағын көрсететін келешегі зор бағдарлама. Егемендік алған 21 жылдың ішінде Елбасымыздың ғажап кемеңгерлігінің, дұрыс саясатының, еңбегінің арқасында еліміз үлкен табыстарға жеткені айдан анық. «Қазақстан – 2030» стратегиясы мерзімінен бұрын орындалып, барлық салалар бойынша үлкен жетістіктерге жеттік. Еліміз халықаралық дәрежеде танылып, зор абыройға ие болды. Елімізде ішкі саяси тұрақтылығы мен ұлттық бірлікті сақтап, оны нығайттық. Елімізде демократиялық даму үлгісі негізінде азаматтық қоғам институттарын дәйекті түрде қалыптасып, одан әрі дамығаны барлық қазақстандықтарға белгілі. Елімізде көппартиялы Парламент жұмыс істейді. Түр­­лі бағыттағы 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұжымдар жұ­мыс істейді. 2,5 мыңдай БАҚ болса, оның 90% -ы жеке иелікте. Бұл стратегияда негізгі бағыт нарықтық экономикаға негізделген. «Қазақстан – 2030» стратегиясы мемлекетіміздің қалыптасуы үшін жасалған болатын, қазіргі таңда ол толық орындалды. Жолдаудың маңыздылығы елімізді одан әрі дамытудың негізгі жолдары нақты көрсетілен.

Ары қарай оқу >>

Жастар музыкалық мәдениетті қалыптастыруда

14.02.2013

15 ақпанда сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының «Эксперт» клубы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Інжу-маржан іздеушілері» клубының ұйымдастыруымен «Жастардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да ҚР Парламент Сенатының депутаты Ғ. Есіммен кездесу өтеді

14.02.2013

15 ақпан 2013 жылы сағ. 11:00-де (15 қабат Ғылыми кеңестің мәжіліс Залында) әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғ.М. Мұтановтың қатысуымен ҚР Президентінің Жолдауы аясында ҚР Парламент Сенатының депутаты, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есіммен кездесу өтеді. Кездесу тақырыбы: «Қазақстан – 2050: инновациялық ойлау жүйесі».

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ профессоры V педагогикалық ғылымдар бойынша әлемдік конференцияға қатысты

13.02.2013

2013 жылдың 5-8 ақпанында La Sapienza (Италия, Рим) университетінде болған білім беру жөнінде Әлемдік конференцияға 70-тен астам бүкіл әлем елдерінен жалпы адам саны 1400-ден аса ғалымдар мен зерттеушілер қатысты. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, Геттинген университетінің Құрметті профессоры Қ.Т. Жұмағұлов конференция қатысып қайтты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да педагогикалық идеялар фестивалі өтеді

13.02.2013

21 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Тілдерді оқытудағы технологиялар диагностикасы» атты республикалық педагогикалық идеялар фестивалі өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Энергия сақтау және энерготиімділік» әлеуметтік жобасын іске қосты

13.02.2013

Энергоэкология кафедрасы жатақханасының Жоғарғы студенттік кеңесімен және белсенді студенттермен бірігіп «Green Campus» жобасының аясында «Энергия сақтау және энерготиімділік» атты әлеуметтік жобасын іске қосты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ - темекі түтінінен азат аумақ

12.02.2013

2009 жылы қабылданған ҚР «Ұлт денсаулығы» туралы заңына сәйкес, мемлекеттің қоғамдық орындарында темекі шегуге тыйым салынды. Қазақстан Республикасының «халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесінің білім алу орталықтарында шылым шегуге тыйым» туралы Кодексінің 159 бабы 5 тармағына сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «темекі түтінінен азат аумақ» болып жарияланды. Осыған орай, университеттік «Жасыл қалашық» және «Саламатты дене мәдениеті» бағдарламалары аясында Студенттер Сенаты рейд жүргізеді.

Ары қарай оқу >>

«Көмек» еріктілер қозғалысы қатарына қабылдау жүргізілуде

12.02.2013

«Көмек» еріктілер қозғалысы №2 балалар үйі оқушыларының оқу үдерісіне, сабағына келесі пәндер бойынша үй тапсырмаларын орындау жөнінде көмектесуге ерікті-жаттықтырушыларды қабылдайды: математика, алгебра, геометрия, физика, химия.

Ары қарай оқу >>

«Шығыс ойшылдары және бүгінгі әдебиет» атты ғылыми- теориялық конференция өтеді

12.02.2013

2013 жылдың 21ақпанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті мен Қазақстан Республикасы кітап мұражайының ұйымдастыруымен «Шығыс ойшылдары және бүгінгі әдебиет» тақырыбында өтетін ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырады

Ары қарай оқу >>

«Қара өлеңнің Хантәңірі» атты әдеби кешке келіңіздер

12.02.2013

2013 жылдың 14 ақпан күні сағат 14.00-де «Шабыт» студенттер клубының ұйымдастыруымен Философия және саясаттану факультетінің 19 бөлмесінде ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 82 жыл толуына орай «Қара өлеңнің Хантәңірі» атты әдеби кеш өтеді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

12.02.2013

13 ақпан күні 1, 2 курс студенттері арасында «Тәні саудың – жаны сау» атты факультеттік деңгейде эстафеталық жарыс өтеді. Жарысты дене шынықтыру және спорт кафедрасы мен дінтану және мәдениеттану кафедрасындағы «Мәдениет.kz» клубы және мәдениеттану мамандығының магистранттары ұйымдастырып отыр. Сайыстың негізгі шарттары: әр мамандықтан 1 топ, құрамында 4 адам болуы тиіс. Әр топтың аты және ұраны болу керек. 1-тур: «Түскі ас» атты эстафеталық жарыс.

Ары қарай оқу >>

Жастар Жолдауды талқылауда

11.02.2013

ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауына байланысты Мәдениеттану мамандығының эдвайзері философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Мұханбет Әсем Әнуарбекқызының ұйымдастыруымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты факультет деңгейінде дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Студент денсаулығы басты назарда

11.02.2013

14-15 ақпан күндері Дене шынықтыру және спорт кафедрасы «Денсаулығында қалыпты жағдайдан ауытқушылығы бар студенттермен дене тәрбиесінде жаттығулар жасаудағы физиологиялық алғышарттары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Жастар Жолдауды талқылауда

11.02.2013

ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауына байланысты Мәдениеттану мамандығының эдвайзері философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Мұханбет Әсем Әнуарбекқызының ұйымдастыруымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты факультет деңгейінде дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

«V Бағызбаева оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференция

11.02.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 2013 жылы 26 сәуірде «V Бағызбаева оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференция өтеді. Конференция тақырыбы «Литература и язык в поликультурном пространстве Казахстана».

Ары қарай оқу >>

Саламатты дене мәдениеті

11.02.2013

Медеу-Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасындағы мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасқан ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының қатарында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатыр және ол өзіне 10,500 көрерменді сиғыза алады. Бұл әсем табиғат ортасында орналасқан алақандай Медеу мұз айдынына берілген ресми сипаттама ғана. Ал, осынау сұлулықтың қақ төрінде орналасқан мұз айдынына қыста барып, сырғанақ теуіп, салауатты өмір салтын ұстанғанға не жетсін! Күні кеше ғана «Медеу» мұз айдынында жастар арасында саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында, «Саламатты дене мәдениеті» жобасының негізінде, сонымен қатар спорттық-сауықтыру орталықтарында уақыт өткізуді тиімді ету үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жастар ұйымдары комитеті және Алматы қаласы Жастар саясатының басқармасы «Медеу» мұз айдынына бару үшін ҚазҰУ жастарына үлкен жеңілдіктер жасады.

Ары қарай оқу >>

Ішкі туризмнің насихатшылары

11.02.2013

Бүгінде Қазақстанда Технологиялық бизнес-инкубатор бағдарламасы іске қосылған. Технологиялық бизнес-инкубаторы бағдарламасының аясында инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін бастаушы кәсіпкерлерге кеңсе ғимараттары, қажетті құрал-жабыдықтармен қоса, бухгалтерлік, құқықтық, экономикалық, ақпараттық, маркетингтік қолдау, жоба менеджері аудармашы қызметтері және инновациялық компаниялардың табысты дамуына қажетті басқа да қызметтер көрсетіледі. Мұндай игі шаралар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде де жүзеге асып жатыр. Жаңадан ашылған университетіміздің «Ғылыми-технологиялық паркінде» осындай бастамаларға ерекше көңіл бөлінген. Ақпанның 8-ші жұлдызында осы орталықта студенттік «YouthTravel» start-up компаниясының тұсаукесері өтті. Жас студенттерден құралған студенттік «YouthTravel» start-up компаниясының алға қойған мақсаттары да айқын.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да жұмыс берушілермен кездесу өтеді

08.02.2013

9 ақпан сағат 11:00-де механика-математика факультетінің сары залында «Ашық кафедра» жобасы аясында жұмыс берушілермен кездесу өтеді.

Бимендина Ж. Н. «AIR ASTANA» - акционерлік қоғамының персоналды басқару бойынша вице-президенті, Шегай Станислав - бөлім бастығы, Данияр Тенелов - «Охота на работу» компаниясының директоры, Жанайдар Еркеғұлов - даму бойынша директор, Айдар Жұмабаев - жұмыс берушілердің қозғалыс бренді жөніндегі директоры. Ашық кафедра қонақтары: Ержанова Альбина - ENACTUS KAZAKHSTAN президенті, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі, Айдар және Даниял Какабаевтар - ENACTUS KAZAKHSTAN ұлттық кеңсе қызметкерлері.

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Әлеуметтік жетімдіктің құқықтық аспектілері

08.02.2013

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында заң факультетінде студенттердің қызығушылығы бойынша құрылған «Консенсус» клубының кезекті отырысы өтті. «Надежда» балалар үйінің директоры Г.А. Абдрахманова, Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы З.Н. Сағынаева және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің өкілі Ш.Е. Канафьева кешке қонақ ретінде қатысты. Жаңа жылға дейін заң факультетінің 1, 2, 3 курс студенттері қайырымдылық шаралар өткізу мақсатында Алматы қаласының бірнеше балалар үйіне барған еді.

Ары қарай оқу >>

«Медеу» мұз айдынында ҚазҰУ-дың «Денсаулық» күні өтеді

08.02.2013

9 ақпан күні сағат 11.00-де «Медеу» мұз айдынында жастар арасында саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында, «Саламатты дене мәдениеті» жобасының негізінде, сонымен қатар спорттық-сауықтыру орталықтарында уақыт өткізуді тиімді ету үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жастар ұйымдары комитеті және Алматы қаласы Жастар саясатының басқармасы «Медеу» мұз айдынына кіру бағасынының 500 тг дейін төмендетуге қол жеткізді!

Ары қарай оқу >>

Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің отырысы өтеді

07.02.2013

9 ақпан 2013 ж. сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да (ректораттың мәжіліс залы, 15 қабат) гуманитарлы және жаратылыстану ғылыми мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің отырысы өтеді. «Қазақстан-2050» стратегиясындағы жаңа ұрпаққа білім беру бағдарламалары» тақырыбы төңірегінде өтетін кеңеске ҚР БҒМ жоғары оқу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарының Қазақстандағы жетекші оқу орындары проректорларының қатысады.

Ары қарай оқу >>

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты дәстүрлі жыр кешіне келіңіздер

07.02.2013

8 ақпан сағат 17.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты дәстүрлі жыр кеші (316 дәрісхана) және С.Әшімбаев атындағы жас әдебиетшілер клубының маусымдық ашылуы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Студенттер назарына! Студенттік декандарды сайлау өтеді

06.02.2013

1 наурызда Студенттік декандардың сайлауы өтеді! Баршаңызды белсенділік танытуға шақырамыз. Үміткерлердің өтініштері (түйіндеме, эссе,ұсыныс хат) ақпанның 16-на дейін Жастар ұйымдары комитетінде (ректорат, 301-каб.) қабылданады.

Ары қарай оқу >>

Дені саудың – жаны сау

06.02.2013

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қалалық студенттік емхананың бас дәрігері Л. Иманғалиева және Түркісіб аудандық Туберкулезге қарсы диспансер бас дәрігері Д. Сабазова қатысуымен «ҚазҰУ-да туберкулезге қарсы санитарлы-эпидемиологиялық және сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру, кешенді жоспармен өткізу» тақырыбы төңірегінде дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Табысты әріптестік жалғастығы

06.02.2013

Қазақстан мен Қытайдың арасында мәдениет пен білім саласында белсенді ынтымақтастық орнаған. Әсіресе, білім саласында атқарылған шара аз емес. 2013 жылы ақпан айының 1 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беруге дайындық кафедрасы дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

05.02.2013

8 ақпанда География және табиғатты пайдалану факультетінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Республикамыздың жедел құтқару тобының жетекшісі Маркабаев Ерланның «Төтенше жағдайлардағы әрекет» атты тақырыпта дәрісі өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Студенттердің конституциялық сауаттылығын көтеруге бағытталған іс-шара

04.02.2013

20 жыл бұрын 1993 жылдың 28 қаңтарында жас тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа бағытта дамуының іргесін қалауға негіз салған тарихи оқиға орын алды - тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Конституциясы қабылданды. Бұл Конституцияның кемшілікке толы болғанына қарамастан оған қоғамдық даму тарихында маңызды орын беріледі. Осы Конституцияның тарихи орны, маңызы мен мәні туралы бүгінгі жас буынның хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының мүшелері 31 қаңтар күні №18 студенттер үйіне барып «Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясына – 20 жыл: оның тарихи-құқықтық маңызы» тақырыбында ой-толғау өткізіп қайтты.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 28.01.2013-02.02.2013

04.02.2013

  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ студенттері «Студенттер метромен жүруді таңдайды» акциясын өткізді
  • ҚазҰУ (механика-математика факультетінде KIUCEE, Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға арналған Қазақ-Үнді-Америка жобасы аясында «Жасанды интеллект және робот жүйесіндегі өзекті мәселелер» атты II халықаралық оқу семинары өтті
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ студенттері биосабынды өндіріске ендірмек
  • Мәскеуде РХДУ-де ҚазҰУ магистранттары ұлттық тағаммен таныстырды
  • 1 ақпанда «Қазақ» газетінің 100 жылдығына орай журналистика факультеті Т. Қожакеев атындағы мәжіліс залында Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистика Академиясы, Бас редакторлар клубы қолдауымен 2013 жылы 1 ақпанда «Қазақ» газетінің 100 жылдығына және қазақ руханиятының ұлы тұлғасы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына орай «Қазақ журналистикасы тарихын зерттеу мен даму үдерісінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
  • ҚазҰУ-да АҚШ конгрессмендерімен кездесу өтті
  • «Болашақ» бағдарламасы
  • Имидждік жарияланымдары Нобель сыйлығының иегері, белгілі математик әрі экономист Джон Форбс Нэш әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың «Экономика-математикалық әдістер мен үлгілер» атты кітабына өзінің жоғары бағасын берді
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

"Қазақ" газетінің 100 жылдығы өтті

01.02.2013

«Қазақ» газеті- 1913-1918 жылдарыОрынборқаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым (№11913жылы 2 ақпанда шыққан).1915жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы -А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкіліМ.Дулатұлыболды. Бір сәт тарихқа көз жүгіртіп, парақтап өтсек осындай деректерге қанығамыз. Күні кеше ғана қазақ басылымдарының абызына айналған «Қазақ» газеті 100 жасқа,қазақ руханиятының ұлы тұлғасы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистика Академиясы, Бас редакторлар клубы қолдауымен «Қазақ журналистикасы тарихын зерттеу мен даму үдерісінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Құрметті ҚазҰУ студенттері!

01.02.2013

3 ақпан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика факультетінің 2 залы, сағат 9:00-де, «Алтын сапа» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен өтетін ішкі турнирге шақырамыз.

Ары қарай оқу >>