СПИД – ғасыр індеті

20.02.2013

Көрулер: 3364

2013 ж. 22 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде (427 ауд, сағат 15:00) органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен, «СПИД – ғасыр індеті» атты жастарға тәрбиелік іс-шара өткізіледі.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан ВИЧ-тің таралуы бойынша әлемнің 114 елі арасында 12 орында екен. Бұл – көрсеткіштің 2011 ж. салыстырғанда 9 позицияға жақсарған және қатерлі инфекцияға қатысты ахуалдың тұрақты болуына эпидемияға қарсы жоспарлы түрде қолға алынған шаралар ықпал еткен. СПИД-тің салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 2006 ж. бері 2,3 есе азайыпты. Дегенмен, өткен жылы ғасыр дертін жұқтырудың 2015 жағдайы тіркелген. Кешке әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен С.Асфендияров атындағы ҚазМҰУ оқытушы-профессорлары мен студенттері шақырылып отыр. Келемін деушілерге есік ашық.

Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және

полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасы