Жаңалықтар

«Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газет

30.12.2011

Еселі еңбектің өлшеусіз бағасы

Желтоқсанның 22 жұлдызында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Саят Болатұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті және ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының өкілдеріне мемлекеттік награда тапсырды.

Білім және ғылым вице-министрі тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, бүгінде білімге, ғылымға деген үлкен қолдауды атады. Осы орайда, жастарды тәрбиелеп, оқытуда сүбелі үлес қосып жүрген оқытушы-профессорлар құрамына ризашылығын білдіріп, марапаттарды табыстады. Атап өтер болсақ, «Құрмет» орденімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ардагері Валентина Исенгалиева, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Жоғары технология және тұрақты дамыту институтының директоры Серік Көмеков, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің кафедра профессоры Досмұхамед Кішібеков, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Лейла Ахметова марапатталса, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет атағымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Надежда Гайнуллина, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының мүше-корреспонденті Хозе Қазыханов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Мейірхан Әбділдин марапатталды.

Ары қарай оқу >>

«Жас қазақ» Ұлт газеті

30.12.2011

Студенттерге үлкен сый

29 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар және шығыстану факультеттеріне арналған жаңа оқу ғимараттарының салтанатты түрде ашылуы болды.

Бұл іс-шараға университет ректоры, академик Ғалым Мұтанов, Алматы қаласының әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов және шетелдік компаниялар мен мәдени орталықтар, ҚР-дағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктер жетекшілері, ғалымдар мен оқытушылар және факультет студенттері қатысты. Оқу ғимараттарының салтанатты ашылуында ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: «Жақында ғана ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өттік, ұлы тойдың жалғасы ретінде университет оқытушылары мен студенттері жақсы көңіл күйде жаңа ғимаратқа еніп отыр. Үлкен бір ғимаратта екі факультеттің орналасып бір кластерлік жүйеге еніп отыр десек болады», - деген пікірімен бөлісіп, сондай-ақ жиналған қауымды жаңа жылмен құттықтады.

Ары қарай оқу >>

С наступающим Новым 2012 годом!

30.12.2011

Друзья, провожая, знаменательный и богатый на события 2011 год, разрешите поздравить вас с наступающим Новым 2012 годом!
Хотим, чтобы в новом году вы чаще проявляли инициативы, реализовывали проекты, участвовали в социальных и волонтерских акциях, изобретали что-то новое, создавали креативное, делились в социальных сетях только позитивным и хорошим! Центр карьеры готов поддержать любой начинающий проект. Примером являются успешные проекты SIFE КазНУ – «Консалтинг», «Hand Made», «Предметное репетиторство», «Сувенирная лавка», студенческий журнал «08.30», журнал «Аль-Фараби». Для реализации студенческих идей и предложений создана студенческая система «Students Кайдзен». Автор лучшей идеи, признанной полезной для университета получает денежное вознаграждение. Ведь успех наших совместных действий зависит от каждого из нас, от того, что каждый из нас сделает для своего университета, города, района, страны!

Ары қарай оқу >>

«ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі

29.12.2011

16.12.2011 / 12:03

«Шетелдерде Қазақстанды «серпінді» идеялардың бастамашысы деп біледі - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов

АЛМАТЫ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ел Президенті алға қойған әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттерін құру жөніндегі маңызды мемлекеттік міндетті жүзеге асырумен айналысуда. Мемлекеттің айшықты мерейтойы қарсаңында бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне елдің жетекші жоғары оқу орнының ректоры, техника ғылымдарының докторы, академик Ғалым Мұтанов айтып берді.

- Ғалым Мұтанұлы, бүгінде жоғары білім жүйесінің алдына принципті жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Олар Сіздің жоғары оқу орнында қалай жүзеге асырылып жатыр? Университет ұжымы қандай табыстарға жетті?

- 2009 жылы қазан айында ҚазҰУ-дің акт залында лекция оқыған Нұрсұлтан Әбішұлы біздің университетті «жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының алдыңғы шебі» деп атады. Елдің жетекші жоғары оқу орны ретінде біз Президент алға қойған ҚазҰУ-ды әлемдік деңгейдегі заманауи зерттеу университетіне айналдыру міндетіне бел шешіп кірістік. Қайта құру жоғары оқу орны қызметінің барлық саласын қамтыды.

Ең алдымен кешенді құрылымдық жаңарту жүргізілді. Факультеттер кластерлік тұрғыда қалыптастырылды, кафедралар ірілендірілді, материалдық және ғылыми-зертханалаық база нығайтылуда, ғылымды, инновацияларды және білім беруді дамыту үшін жағдайлар жасалуда. Түпкі нәтижеге бағдарланған басқарудың озат әдістері, ағылшын тілінде оқыту, оқытудың барлық сатысында - бакалавриатта, магистратурада және PhD докторантурада жаңа білім бағдарламалары енгізілді. Оқытушылар мен студенттердің академиялық ұшқырлығы, қос дипломды білім беру бағдарламалары белсенді дамытылуда.

Әлемдегі танымал жоғары оқу орындарымен бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Айталық, «География және табиғат пайдалану» факультетінде ресейлік ғалымдармен бірлескен халықаралық энергия экологиясы кафедрасы ашылды, оңтүстіккореялық компания көпфункционалдық электрондық интерактивтік стенділер шығаратын инновациялық жобаны іске қосты. Корё (Оңтүстік корея) университетін тарту арқылы ультразаманауи медициналық орталық құру жобасын іске асыру басталды.

Ары қарай оқу >>

Жаңа жылда жаңа оқу ғимараты

29.12.2011

29 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар және шығыстану факультеттеріне арналған жаңа оқу ғимараттарының салтанатты түрде ашылуы болды.

Бұл іс-шараға университет ректоры, академик Ғалым Мұтанов, Алматы қаласының әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов және шетелдік компаниялар мен мәдени орталықтар, ҚР-дағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктер жетекшілері, ғалымдар мен оқытушылар және факультет студенттері қатысты. Оқу ғимараттарының салтанатты ашылуында ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: «Жақында ғана ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өттік, ұлы тойдың жалғасы ретінде университет оқытушылары мен студенттері жақсы көңіл күйде жаңа ғимаратқа еніп отыр. Үлкен бір ғимаратта екі факультеттің орналасып бір кластерлік жүйеге еніп отыр десек болады», - деген пікірімен бөлісіп, сондай-ақ жиналған қауымды жаңа жылмен құттықтады.

ҚР Білім және ғылым министрілігінң қолдауымен 1974 ж. құрылған 5-қабатты ғимаратқа 1,2 млрд. теңгеге қайта жөндеу жұмыстары жасалды. Толығымен: жұмсақ шатыр, су және жылу жүйесі, ауа алмастыру, кондиционер, телекоммуникациялық желі орнатылған, аумақ жақсы жабдықталған, ғимарат алдының барлығы жаңартылған. Ғимараттың жалпы көлемі 19 мың кв. м.

Ғимарат іші кең аудитория, дәріс залдары мен жұмсақ жиһаз және компьютерлік жабдықтармен, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етілген. Онда дипломатиялық қызмет кабинеті, американдық, НАТО, Еуропа зерттеу орталықтары да жасалған. Осы орайда жаңа ғимараттың ашылуына арнайы келген қалалық әкім орынбасары Серік Сейдуманов: «Мұндай ғимаратты ашу үлкен мәртебе. Бұл ғимараттардың өзінен-ақ ҚазҰУ білім мен ғылымның алтын діңгегі екендігін айқындап тұр. Екі факультет қатар орналасқан жерде бәсекеге қабілеттілік те дами түседі деп сенемін. Осындай жағдайы жоғары оқу ордасында білім алып жатқан студенттер дипломатиялық қызметте өрлеп, елімізді шетелдерге мойындата берсін деген тілек айтамын», - деді.

Ары қарай оқу >>

Өнерлі студенттер Қытайға барып қайтты

28.12.2011

ҚазҰУ студенттері Ланджоу және Хайнань провинциясында өткен студенттік фестивальге қатысып қайтты.

Қытай Халық Республикасының Шанхай ынтымастық ұйымына төрағалығы шеңберінде «Тату көршілік және достық жылы» ұраны негізінде, 20-26 желтоқсанда Ланчжоу және Хайнань провинциясында ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің бірінші студенттік фестивалі өтті. Аталған іс-шараға Қазақстанның атынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан өнерлі студенттер қатысты.

Студенттерге университет ректоры Ғ.М.Мұтанов қолдау танытып, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы қаржылай көмек көрсетті.

Делагацияны университеттің Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы басқарып барды. Сонымен қатар Еңлік Қайырсынова (халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы), Зита Сванбаева («Қобыз» және «Домбыра» үйірмелерінің жетекшісі), Әлібек Мұхамеджанов (философия және саясаттану факультетінің 1 курс магистранты, домбыра үйірмесінің мүшесі, тенор домбыра, бас домбыра, гитара), Самал Жанатқызы (Экономика және бизнес мектебі факультетінің 1-курс студенті, әнші), Орынбасар Ташенов (механика-математика факультетінің 4 курс студенті, домбыра үйірмесінің мүшесі, тенор домбыра) барды.

Ланджоу университетінде үлкен концерт қойды. Онда біздің студенттермен қатар Ланчжоу университетінде оқитын қазақ және қытай студенттері өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама бойынша 16 нөмердің 6 нөмерін Қазақ ұлттық университетінің студенттері қойды. Әнші Самал Жанатқызы Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» әнін орындап, тамаша дауысымен жұртты таң қалдырды. Әлібек Мұхамеджанов, Орынбасар Ташенов және Зита Сванбаева үшеуі бірігіп, ансамбльмен Құрманғазының «Адай», Түркештің «Көңілашар», «Балбырауын», Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» күйлерін, Ричард Клайдерманның «История любви» шығармасын орындады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ профессоры америкалық журналдың редакция алқасына мүше болды

27.12.2011

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультеті қатты дене және бейсызық физика кафедрасының профессоры Ильин Аркадий Михайлович америкалық журналдың (American Journal of Condensed Matter Physics) редакция алқасы мүшелігіне енді.

Аталған басылым ғылымның іргелі «Физиканың конденсирленген күйлері» атты бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми журнал болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз!!!

26.12.2011

Құттықтаймыз!!!

Қолданбалы Лингвистика және мөдениаралық коммуникация орталығы АҚШ Департаментімен қаржыландырылған English Access Microscholarship бағдарламасы бойынша $20000 грант ұтысына ие болды.EAMP бағдарламасы бойынша Алматы қаласының студенттері мен оқушылары Американың мәдениеті мен құндылықтары жөнінде ақпарат алуға, біліміндерін тереңдетуге, білімдік бағдарламаларда белсенді қатысуға мүмкіндік береді.Бағдарлама 3 бөліктен тұрады: ағылшын тілі үйрену курсы,мәдени іс-шаралар,тілдік жаздық лагері.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 19.12.2011 – 24.12..2011

26.12.2011

  • ҚазҰУ-да Ермахан Шайқыұлының «Аққудың сыңары» атты кітабының тұсаукесері өтеді

  • ҚазҰУ-да “Global Glassroom» жобасының тыңдаушыларына сертификат табысталды
  • ҚазҰУ-да «Рымғали Нұрғали және Алаш әдебиеттануы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті
  • Бірнеше университеттің оқытушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды
  • ҚазҰУ-да Ермахан Шайхыұлының «Аққудың сыңары» кітабының тұсаукесері өтті
  • Имидждік материалдар
  • ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Thomson Reuters компаниясының мәлімдеуінше ҚазҰУ профессорларының индексі жоғарылады

26.12.2011

Thomson Reuters компаниясының мәлімдеуінше 2011 жылдың қорытындылары бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы мен Мун Григорий Алексеевичтің Хирш индекс мәндері жоғарылады.

Thomson Reuters компаниясының мәлімдеуінше профессор Г.А. Мунның h-индексі 16-ға, профессор Т.С. Рамазановтың h-индексі 11-ге тең.

Ары қарай оқу >>

Осы жылдың 22-23 желтоқсанында Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында Қазақстан Республикасының Қарулық Күштерінің әскери ғылым және білім Департаменті Жоғарғы оқу орындарының әскери кафедрасының басшыларымен жиын өткізді.

24.12.2011

Жиын қатысушылар 22 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің әскери кафедрасына келіпқайтты. Олар әскери кафедрасының құрал-техникасы базасымен, интерактивтік лазерлі тирмен, мотоатқыш әскери жаттығу-машықтандыру полигонымен, Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскердің әуе шабулына қарсы қорғаныс әскерлерінің қарулары мен техникасына жабдықтаған аудиториясымен, электронды және оқу кітапханасымен қызығып танысты.

Ары қарай оқу >>

Семей ядролық полигонының жабылуының 20 жылдығына орай студенттер арасында ағылшын тіліндеі «For a nuclear–free world» коференциясы өтті

24.12.2011

Семей ядролық полигонының жабылуының 20 жылдығына орай студенттер арасында ағылшын тіліндеі «For a nuclear–free world» коференциясы өтті.

Конференцияны дипломатиялық аударма кафедрасының доценті Г.С.Сулейменова мен аға оқытушы Г.А.Карипбаева ұйымдастырды. Онда халықаралық қатынастар факультетінің 4-курс студенті Жәнібек Арынов пен Дәурен Копабаев модераторлық жасады.

Конференцияда факультет деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор К.Н. Шакиров және дипломаттық аударма кафедрасының доценттері сөз алып, пікірлерімен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

«Аққудың сыңары» кітабының тұсауы кесілді

23.12.2011

23 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің Т.Қожекеев атындағы мәжіліс залында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Балғабек Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газеті бас редакторының орынбасары Ермахан Шайхыұлының «Аққудың сыңары» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай «Атамұра» баспасынан шыққан жинақта қаламгердің 2004-2011 жылдар аралығында «Айқын» газетінде «Аққудың сыңары», «Жақсының көзі» айдарлары бойынша жарық көрген сыр-сұхбаттары мен мақалалары топтастырылған. Кітаптың тұсаукесеріне Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендікеліні, Қалижан Бекхожиннің зайыбы Зайда Жанайқызы, Төлеген Айбергеновтың қызы Салтанат Айбергенова және тағы да басқа кітап кейіпкерлері, ақын-жазушылар, университет профессорлары мен оқытушылар, студенттер қатысты. «Кітаптың алғашқы бөлімінде қазақтың көрнекті ақын-жазушылары мен әнші-сазгерлерінің, сондай-ақ өнер қайраткерлерінің артында қалған аяулы жарлары өздерінің өмірлік серігі болған жұбайлары туралы сыр шертсе, ал «Жақсының көзі» атты екінші бөлімде ұл-қыздары асқар таудай әкелері жайлы сағыныштарын жеткізген», - дейді кітап авторы Ермахан Шайхыұлы. Ал кітаптың жарық көруіне демеушілік көрсеткен «Атамұра» корпорациясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлы: «Бұл кітап басқа кітаптардан өзгерек. Бұл кітаптың жарық көруі ешкімнің ұсынысынсыз-ақ сұранып тұрды десек болады. Кітап Қалижан Бекхожин, Нұрғиса Тілендиев, Тәкен Әлімқұлов, Жарасқан Әбдіраш, Бексейіт Түлкиев сияқты бірнеше қазақтың көрнекті ақын-жазушылары мен әнші-сазгерлерінің, суретшілер мен спорт шеберлерінің сондай-ақ, өнер қайраткерлерінің артында қалған аяулы жарлары өздерінің өмірлік серігі болған жұбайлары туралы сыр шертуімен ерекше. Бізге сол аға буынның артықшылығын, жақсы қасиеттерін баяндап, сұқбаттаса отырып ол кісілердің соңында қалған аяулы жандар жарларының болмысын ашатын шынайы сұқбат бере отырып, өздерінің парасаттылығын да аңғартқандай. Баспагер ретінде айтар болсам, мұқабасында тұрған қос аққу махаббаттың белгісін беру арқылы үлкен мағынаға ие. Безендірілуі мен мазмұны бір-біріне сай жақсы ай, жақсы күнде шығып отырған асыл қазына», - деген ойымен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

ЕRASMUS MUNDUS бағдарламасының TARGET-II жобасының шәкіртақысына мәлімдеме беру ашылды

23.12.2011

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен ұстаздары ERASMUS MUNDUS Еурокомиссиясының бағдарламасы аясындағы TARGET-II академиялық мобильді халықаралық жобаға Еуропа елдеріндегі ЖОО білім алу негізінде Еурокомиссияның біршама шәкіртақысын алу үшін байқауға қатысуларына мүмкіндік бар.

Ары қарай оқу >>

Жоғары мемлекеттік наградалар табыс етілді

22.12.2011

Желтоқсанның 22 жұлдызында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Саят Болатұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті және ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының өкілдеріне мемлекеттік награда тапсырды.

Білім және ғылым вице-министрі тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, бүгінде білімге, ғылымға деген үлкен қолдауды атады. Осы орайда, жастарды тәрбиелеп, оқытуда сүбелі үлес қосып жүрген оқытушы-профессорлар құрамына ризашылығын білдіріп, марапаттарды табыстады. Атап өтер болсақ, «Құрмет» орденімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ардагері Валентина Исенгалиева, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Жоғары технология және тұрақты дамыту институтының директоры Серік Көмеков, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің кафедра профессоры Досмұхамед Кішібеков, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Лейла Ахметова марапатталса, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет атағымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Надежда Гайнуллина, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының мүше-корреспонденті Хозе Қазыханов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Мейірхан Әбділдин марапатталды.

Ары қарай оқу >>

«77 жылдықта 77 теңгемен түскі ас» әлеуметтік акциясы өтті

21.12.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде желтоқсан айының 14 жұлдызында «Сұңқар» кәсіподағының ұйымдастыруымен «Біз – дұрыс тамақтануды қолдаймыз» жобасының аясында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық және университетіміздің 77 жылдық мерейтойына арналған «77 теңгелік түскі ас» атты акция өтті.

Биыл еліміздің егеменді ел атанып, аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне 20 жыл толса, білімнің қарашаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 77 жыл толды. Ал 1999 жылдан бастап заңды мекемеге айналған «СҰҢҚАР» Студенттер әлеуметтік кәсіп одағына 12 жыл толып отыр.

Университеттің белсенді жастарының ұсынысымен қолға алынған әлеуметтік акция ҚазҰУ-дың 75 жылдығында бастау алып, биыл дәстүрлі түрде үшінші жыл өткізіліп жатыр.

«Сұңқар» кәсіподағының осы жылғы «Біз – дұрыс тамақтануды қолдаймыз» атты үлкен жобасы бұл акцияның басты ұраны болды. Дені сау ұрпақ дені – сау ұлт бастамасы. Күнделікті біліне бермейтін іс болса да, дұрыс тамақтану ол – ертеңгі ұлттың жалғасуын, ұлттың мықтылығын қамтамасыз ететін бірден-бір фактор.

«77 теңгелік түскі ас» атты әлеуметтік акциясының басты жетістігі 5 сағаттың ішінде 1200 студентті тамақтандырған «Сұңқар» кәсіподағы «ҚазҰУ рекордтар клубына» ең бірінші рекордымен енді.

Акцияның шарты бойынша тамақтануға келген 7-ші студент физика факультетінің студенті болса, 77 және 777-ші болып келген филология және әлем тілдері факультетінің екі қызы арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар көрермендер арасынан өз өнерлерін Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнаған студенттерге де арнайы сыйлықтар үйлестірілді.

Ары қарай оқу >>

Жұмыс берушілер кеңесінің серіктестігінен: K-Foundation 2012 онлайн курсы

21.12.2011

Құрметті бакалавриаттың 3-4 курс студенттері, 1-2 курс магистранттары! KPMG компаниясы «Online K-Foundation 2012» үйретуші бағдарламасын іске қосады. «Online K-Foundation 2012» келесі топтамаларды: МСФО-ға кіріспе, батыстық есеп және қазақстандық салық салу, қаржылық талдау және бірлестік қаржы, уақыты басқару, ағылшын тілі, жазу дағдысы, презентация өткізу дағдысы, ңскерлік дресс-код және т.б.

Ары қарай оқу >>

Осы жылдың 21 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің штабтар бастықтары Комитетінің төрағасының бірінші орынбасары генерал-майор Нұрлан Айтманұлы Жоламанов келіп-қайтты.

21.12.2011

Генерал-майор Жоламанов Н.А. әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің әскери кафедрасы қайта орналасу жеріне алғашқы рет келгенін атап өту керек. ҚРҚК штабтар бастықтары Комитетінің төрағасының бірінші орынбасарына жаңа сыныптар, интерактивтік лазерлі тир, мотоатқыш әскери жаттығу-машықтандыру полигоны, Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскердің әуе шабулына қарсы қорғаныс әскерлерінің қарулары мен техникасы жабдықтаған аудитория, электронды және оқу кітапханасы, құрлықтағы Әскердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс Әскерлерінің тарихы тақырыпты экспозиция көрсетілді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Ермахан Шайхыұлының «Аққудың сыңары» атты кітабының тұсаукесері өтеді

20.12.2011

23 желтоқсан сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің Т.Қожекеев атындағы мәжіліс залында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Балғабек Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газеті бас редакторының орынбасары Ермахан Шайхыұлының «Аққудың сыңары» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай «Атамұра» баспасынан шыққан жинақта қаламгердің 2004-2011 жылдар аралығында «Айқын» газетінде «Аққудың сыңары», «Жақсының көзі» айдарлары бойынша жарық көрген сыр-сұхбаттары мен мақалалары топтастырылған.

Алғашқы бөлімде қазақтың көрнекті ақын-жазушылары мен әнші-сазгерлерінің, сондай-ақ өнер қайраткерлерінің артында қалған аяулы жарлары өздерінің өмірлік серігі болған жұбайлары туралы сыр шертеді. Ал екінші бөлімде ұл-қыздары асқар таудай әкелері жайлы сағыныштарын жеткізеді.

Ары қарай оқу >>

Хван Суниилдың лидерлік дәрісі өтті

20.12.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде Оңтүстік Корея (Сеул) Донггук университетінің профессоры Хван Суниилдың «Dana on ones body and danas perfection» тақырыбында лидерлік дәрісі өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 12.12.2011 – 17.12..2011

20.12.2011

  • ҚазҰУ-да «Рымғали Нұрғали және Алаш әдебиеттануы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

  • ҚазҰУ-дың заң факультетінде «Қазақстанның инновациялық дамуын мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында конференция өтті
  • Түркияның Кастамону университетінің делегациясы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қонақта болды
  • ҚазҰУ-да Ақсақалдар кеңесі өтті
  • ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде студент ақындар марапатталды
  • Имидждік материалдар
  • ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл
  • ҚР Тәуелсіздік құрдастары
  • Желтоқсан көтерілісіне – 25 жыл
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері Ланджоу және Хайнань провинциясында өтетін студенттік фестивальге қатысады

20.12.2011

Қытай Халық Республикасының Шанхай ынтымастық ұйымына төрағалығы шеңберінде «Тату көршілік және достық жылы» ұраны негізінде, 20-26 желтоқсанда Ланджоу және Хайнань провинциясында ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің бірінші студенттік фестивалі өтеді. Аталған іс-шараға бүкіл Қазақстанның атынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан өнерлі студенттердің қатысатынын хабарлаймыз.

Ары қарай оқу >>

Жаңаөзендегі оқиғаға қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымының үндеуі

19.12.2011

Құрметті отандастар!

Біз бүгінде ел Тәуелсіздігі жарияланғанына 20 жыл толған күнді – Республикамыздың ұлы мерекесін орасан зор қуанышпен, ерекше мақтанышпен қарсы алдық. Қазақстан – дербес, күшті, шын мәнінде, халықтық саясатпен егеменді және өркениетті мемлекет болып қалыптасты.

Қазақстан Республикасы Парламентімен қабылданған Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған декларациясы егемендігімізді нығайту мен қалыптастыруға, мемлекеттіліктің құрылу жолындағы Бірінші Президент Н.Ә. Назарбаевтың ерекше орны мен Қазақстан қоғамындағы жетістіктердің әділ бағасы болып табылады. Бейбітшілік, келісім, бірлік, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, орнықты даму, халықаралық мойындау –осылардың барлығы Қазақстан халқының жалпы игілігіне айналған Тәуелсіздіктің басты жетістіктері.

Ары қарай оқу >>

«Қаһарман қазақ қыздар»

15.12.2011

2011 жылғы 14 желтоқсанда Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің қатысуымен Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақтың қаһарман қыздары» атты ашық тәрбие сабағы болып өтті. Іс-шараға университеттің куратор-эдвайзерлер мектебінің өкілдері А.К. Асаубаева, Д.И.Мухатаева, Тәрбие жұмысының жөніндегі департаментінің өкілі Д.Г. Абдулхакимова, Оралман тобы тыңдаушылары мен кафедра оқытушылары: профессор Т.Қ. Қаратаев, доцент Ж.С. Садықов, аға оқытушы М.Ж. Смағұл, доцент А.Б. Мұсағұлова, доцент Б.М. Айтуарова, аға оқытушы Г.А. Молдағалиева, доцент Ж.Т. Ибраимова, оқытушы С.А. Нүсіпбаева, аға оқытушы М. Тойғанбекова қатысты.

Ары қарай оқу >>

Әлемнің спорт саңлақтары

15.12.2011

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай, университетіміздің «Даму стратегиясына» сәйкес «Салауатты өмір салтын қолдайық!» бағдарламасы шеңберінде 2011 жылдың 7 желтоқсан күні сағат 18.00-де 508-дәрісханада Халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасы оқытушылары С.Б.Бөрібаева, М.А.Омарова, Б.Р.Құлжанова, Г.У. Ахметалиева, Б.Ақбұзауова, Г.Қ. Смағұловалардың ұйымдастыруымен «Әлемнің спорт саңлақтары» атты тақырыпта кеш өткізілді. Студент жастармен кездесуге самбодан Әлем кубогінің иегері, Еуропа чемпионы, КСРО-ның екі дүркін чемпионы, ҚазҰУ түлегі Айтжан Шанғараев келді.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл!»

15.12.2011

14 желтоқсан «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл!» атты тақырыпта биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлік және биоресурстар кафедрасы доценті Н.З.Ахтаева мен оқытушы А.Т. Мамурова өздері кураторлық ететін топ студенттеріне мерекелік іс-шара өткізді. Бұл жолғы кураторлық сабақ жастардың көкжиегін кеңейту масақтында аудиториядан тыс мекенде орын алды. Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалының ұйымдастыруымен Алматы қалалық жұмыспен қамту және «Әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Самал» Пансионатында жоғарыда аталған топ мерекелік іс-шара өткізді. Аталмыш іс шараны 2-курс студенттері Мерей Оразбекова мен Гүлназ Ахметова: «Құрметті көпті көрген қарттар және көреремендер еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға бұйырып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, халайық» деп салтанатты кешті ашық деп жариялады.

Ары қарай оқу >>

«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

15.12.2011

15 желтоқсан 2011 жыл

Жаһандық жаңалықтардан қалыс қалмауымыз керек

Печать

Тәуелсіздікке жеткенімізге 20 жыл толды. «Осындай аз уақыт ішінде елімізде қоғамдық, экономикалық, саяси өмірімізде қандай өзгерістер болды, қандай табыстарға қол жеткіздік?» деп сын көзімізбен талдау жасап қарайтын болсақ, мақтанарлықтай жетістіктерге ие екеніміз әлемге аян.

Қазіргі таңда Қазақстанда Президенттік басқару заңды түрде қалыптасып, Елбасы Назарбаев әлем мойындаған Көшбасшыға айналды. Қазақстан 20 жылдың ішінде әлеуметтік, экономикалық, саяси дамудың сапалы жаңа кезеңдеріне батыл аяқ басты. Әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты жақсарып, ел экономикасы дамып, халықаралық деңгейде беделі артып келеді. Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, яғни ел болашағы ғылым мен білімнің дамуымен тығыз байланысты. Осыған орай, 2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» заң ғалымдардан жаңа технологияларды арттыруда аса белсенділікті талап ете отырып, әрбір ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарының арасындағы байланысты нығайтып, сапалы мамандар дайындауды қарастырып отыр.
Сонымен қатар Қазақстан ғалымдары әлемдегі ғылымы, экономикасы жақсы дамыған алдыңғы қатардағы елдермен байланыс жасай отырып, әлемдік ғылыми кеңістікке енуді мақсат етіп қойды. Оның басты себебі, біз жаhанданудан, дүниеде болып жатқан ғылыми жаңалықтардан қалыс қалмауымыз керек.
Елбасының білім мен ғылымды дамытуға қойған басты талаптарын іске асыру барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы алдына басты мақсат қойып, іске асырудың алғашқы қадамдарын бастап кетті. Университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановтың басшылығымен атқарылып жатқан жұмыстардың бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің мәртебесін әлемдік деңгейге көтеру, сөйтіп, білім мен ғылым кеңістігінен Ұлттық-зерттеу университетінің іргетасын қалап, әлемдік кеңістіктен қомақты орынға ие болу.
Соңғы бір жылдың ішінде әлемнің 601 үздік университеттерінің арасынан 200-орынға көтеріліп,
401-дәрежеге ие болдық. Орта Азия континентінде осындай дәрежеге бірінші ие болып отырмыз. Университеттің беделінің көтерілгендігінің екінші куәсі, Қазақстандағы жоғары оқу орындары ара­сынан бірінші болып
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның бастамасымен құрылған «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған ең тұңғыш университет деген құрметке ие болуы.

Ары қарай оқу >>

«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

15.12.2011

15 желтоқсан 2011 жыл

«Қонақжай елмен қауышқанымызға ризамыз»

Шетелден келген бір топ профессорлар қауымы Білім және ғылым министрі, ака­демик Б.Жұмағұловқа, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, академик Ғ.Мұтанов­қа алғыс сезімін білдірді.

«Біз, Қазақстанға алғаш рет қа­дам бастық. Алайда Еуропа мен Азия құр­лықтарының ортасында орналасқан қонақжай елмен қауышқанымызға қуа­ныштымыз. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті­нің қабырғасында журналистика фа­культетінің студенттеріне дәріс оқып жатырмыз. Қазақ елі жастарының бі­лімге құштарлығы, кәсіби білімдерінің жоғарылығы бізді таңғалдырды. Білім алушы студенттермен сұхбатта­сып, өз еліміздің журналистика сала­сының, құқықтық журналистиканың даму бағыттары туралы білім алмастық. Біз өз кезегімізде осындай шынайы кез­десулерге, кең пейілді таныстыққа жол ашқан мүмкіндіктеріңіз үшін алғыс білдіргіміз келеді. Мұндай мүмкіндік бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде тек Қазақстанда ғана қолға алынып отыр­ған үлкен шара. Бұл бастама басқа ел­дерде де жалғасын тапса деген тіле­гіміз бар».
Бұл Польшаның Н.Коперник атын­да­ғы университетінің профессоры Ивона Массака, Щвеция Жоғары жур­налистика мектебінің медиажетекшісі, Стокгольм университетінің профес­соры Вероника Менжун, Германия Жур­налистер одағының төрағасы Бе­рид Бруссиг, Өзбекстан елінің журна­листика жоғары курсының жетекшісі, журналистика ғылымдарының док­торы, профессор Құдірет Ерназаров, Киев ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, профессор София Ли­ховаяның ізгі тілегі.

Ары қарай оқу >>

Қолданбалы Лингвистика және мәдениаралық коммуникация орталығы грантқа ие болды

15.12.2011

Қолданбалы Лингвистика және мәдениаралық коммуникация орталығы АҚШ Департаментімен қаржыландырылған English Access Microscholarship бағдарламасы бойынша 20000 $ грант ұтысына ие болды.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" Республикалық қоғамдық-саяси газет

14.12.2011

Инновация – игілік үшін!

13.12.11.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті заң факультетінің және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, «Қазақстанның инновациялық дамуын мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияға А.Ағыбаев, З.Кенжалиев бастаған отандық профессорлар мен Ломоносов атындагы МГУ профессоры Л.Головко, Киев ұлттық университетінің профессоры С.Лиховая және тағы да басқа шетелдік заңгер ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ магистранттар мен студенттер қатысты. ҚазҰУ заң факультетінің деканы Дәулет Лайықұлы конференцияның алғы сөзін сөйлеп, осы жиынның өтуіне арнайы келген шетелдік әріптестеріне алғысын білдірді. Ғылыми басқосуда Қазақстанның инновациялық дамуын мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз етудің теориялық, тәжірибелік және тарихи мәселелері, Азаматтық қоғам институттары дамуының құқықтық мәселелері және дәстүрлі кезеңдегі қазақтардың құқықтық құндылықтарда, идеяларда, құқық нормаларын қолдану негізінде Қазақстан қоғамының құқықтық мәдениетін қалыптастыру сияқты тақырыптар кеңінен талқыланды.

Ары қарай оқу >>

"Алаш айнасы" Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

14.12.2011

Студенттер Желтоқсан қаһармандарын сомдады

14.12.11

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде елдің рухын көтеретін біршама іс- шаралар жүзеге асуда. Соның бір көрінісі - халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық мамандығының 1-курс студенттерінің (21-23-топ студенттері) ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік таңы» атты ашық эдвайзерлік сағаты.

Кез келген қазақ азаматының бо­йында патриоттық сезімді оята білу­ді мақсат еткен бұл ашық сабақ «Желтоқсан ала­ңын­­дағы» оқиғаны ес­ке алумен бас­тал­ды. Қойыл­ған көрі­ністе студенттері­міз бар жаны­мен образға кіріп, ұлт­тық мүд­де­міз­ді көз­деген 1986 жылғы көте­рілісті көз алды­мыз­ға әкелгендей болды. Алаңға шық­қан жас­тар ызалы үнімен өз талаптарын жеткізе білді. Жел­тоқ­сан­ның ызғарын жас­тары­мыз­дың сезін­гені байқалып тұрды. Сол кездегі Ләз­зат, Ербол, Қайраттардың рухтарының өл­ме­ген­дігін дәлелдеді. Қайрат­тың образын сом­даған 23-топ басшысы Рамазан Сейдаш көрерменнің жанарына жас үйірді.

Ары қарай оқу >>

Жұмыс берушілер Кеңесінің кейстерін қорғау байқауы өтеді

14.12.2011

«Ашық кафедра» жобасы және Global Class-тың құрметті тыңдармандары! KPMG компаниясы университет аралық бизнес-кейс «KPMG Case Competition» сайысын өткізеді. Берілген сайыс болашақта халықаралық өндірістерде жұмыс қарастыратын жоғары курс студенттеріне арналған. Сайыс студенттердің кейстің тиімді шешімін табу үшін білімін тереңдетіп, сараптамалық қабілетін, топта жұмыс істеу шеберлігін пайдалануға көмек береді.

Ары қарай оқу >>

Огайо штаты (АҚШ) мемлекеттік университетінің профессоры Петрик Джеймстің лидерлік лекциясы

14.12.2011

Огайо штаты (АҚШ) мемлекеттік университетінің профессоры Петрик Джеймс «Gratuitous Evil and the Existence of God» тақырыбында лидерлік дәріс оқыды. Профессор Петрик Джеймс 17-18 ғасырлардағы философия тарихы және дін философиясы салалары бойынша танымал ғалым.

Ары қарай оқу >>

Жұмыс берушілер Кеңесінің кейстерін қорғау байқауы

13.12.2011

Берілген сайыс болашақта халыұаралық өндірістерде жұмыс қарастыратын жоғарғы курс студенттеріне бағытталған. Сайыс студенттердің кейстің тиімді шешімін табу үшін білімін тереңдетіп, сараптамалық қабілетін, топта жұмыс істеу шеберлігін пайдалануға көмек береді. Бірінші кезең - әр университеттің ішінде өткізілетін іріктеу туры. Жеңімпаз топ басқа университеттің ең үздік студенттерімен KPMG финалында сайысқа шығады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың рухани жаңғыруы мен инновациялық дамуында Ақсақалдар кеңесінің рөлі зор

13.12.2011

13 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ақсақалдар кеңесі өтті. Бұл кеңестің құрамында профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ соғыс және еңбек ардагерлері қоғамының тұрақты төрағасы Ғаббас Жұматов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақсақалдар кеңесінің төрағасы профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Сұлтан Сартаев, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА академигі Мейірхан Әбділдин, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Майя Шигаева, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Тұрсынбек Кәкішев, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Әбілфайыз Ыдырысов, профессор Уахит Шәлекенов және ҚазҰУ Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары, химия ғылымдарының докторы, професор ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Зұлқайыр Мансұров және тағы басқа ғалымдар бар. Қара шаңырақта былтыр құрылған кеңестің бұл отырысында бір жылғы жасалынған жұмыстар қорытындыланып, атқарылған істердің есебі тыңдалды. Әлемдік тоу-университеттер қатарынан орын алған білім ордасының биік белестеріндегі Ақсақалдар кеңесінің рөлі сараланды. Отырыс ақсақалдар кеңесінің мүшесі болған заңғар ғалым Салық Зимановты бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Қазыналы қариялармен ақылдасып, тәжірибе алмасу – келісіп пішкен тонның келте болмайтындығына дәлел екендігін ескерген ҚазҰУ басшысы Ғалым Мұтанов ақсақалдар кеңесінің бірінші отырысында жасалынған ұсыныстар мен бастамалардың орындалу дәрежесі қандай деген сұраққа тоқталып, «ҚазҰУ-дың 2011 жылы жеткен жетістіктері» тақырыбында баяндама жасады. Ақсақалдармен ақылдасу, кеңес тілегіне құлақ түру өз пайдасын әкелетініне сенім артты. Ал Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шолпан Жаманбалаева, бірінші проректор Мұқамбетқали Бүркітбаев Ақсақалдар кеңесі шешімдерінің орындалу барысымен таныстырды. Ақсақалдар кеңесінің бірінші отырысынан кейін Гуманитарлық ғылым саласындағы басым бағыттарды дамыту мақсатындағы арнайы гуманитарлық кеңес құрылған болатын. Осы орайда бүгінде ҚазҰУ-да осы кеңес аясында Әлеуметтік-гуманитарлық білім саласында ғылыми зерттеулерді дамыту бойынша комиссия, Корпоративті мәдениетті дамыту бойынша комиссия, Гуманитарлық ортаны дамыту мәселелері бойынша комиссия, Пәнаралық байланыстарды дамыту бойынша комиссия, Студенттердің тілдік даярлығы мәселелері бойынша комиссия және ҚазҰУ оқытушысы мен ғалымының позитивті имиджін дамыту бойынша комиссия жұмыс жасап жатқандығы айтылды. Жыл ағымында Кеңес Оқытушының корпоративті мәдениет кодексі, Студенттің ар-намыс кодексі, ҚазҰУ оқытушысы туралы ереже және ҚазҰУ студенті туралы ереже сияқты маңызды құжаттарды әзірледі. Сонымен қатар, ҚазҰУ-дың әр студенті оқып шығуы міндетті болып табылатын 100 әдеби шығарманың тізімі талқыланды», - дейді.

Ары қарай оқу >>

Кастамону университетінің ректоры ҚазҰУ-да қонақта

13.12.2011

13 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановтың Түркияның Кастамону университетінің ректоры Сейт Айдынмен кездесуі өтті. Кездесу ҚазҰУ мұражайын аралап, танысуымен басталды.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады:

13.12.2011

Тәуелсіздікпен құрдас биотехнолог-студенттердің патриоттық және интеллектуалдық дамуы: биотехнология бойынша университет аралық интеллектуалдық сайыстың ұйымдастырылуы

Жоғары оқу орындары заманауи талаптар бойынша жоғары біліммен студенттердің бәсекеге қабілеттілігін нарықтық принциптерге сәйкес қамтамасыз етуі керек. Бұл жөнінде шешілетін мәселелер тек ЖОО беретін көлемді де сапалы білімді ғана емес, сонымен қатар студенттердің қоғамда алатын орнын көрсететін компетенттілік деңгейін де қамтиды.

Ары қарай оқу >>

АҚШ-тың Бас консулы Майкл Сноуден студенттермен кездесті

13.12.2011

12 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Бас консулы Майкл Сноуденмен кездесу өтті. «Талейран» Дипломатиялық клубы мен америкалықтар қауымдастығы аталмыш Елші сағатының ұйымдастыруға мұрындық танытты.

Кездесуде Бас консул мырза бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастардың хал-ахуалына қатысты дәріс оқыды әрі бұл тұстағы тұрақты даму мәселесіне баса тоқталды. Кейін кездесудің барысы тыңдаушылардың арасындағы қызу пікірталасқа ұласты. Студенттер қонаққа өздерін қызықтырып жүрген академиялық жылдамдылық шеңберіндегі бағдарламалар, Орталық Азия аймағындағы халықаралық ұйымдардың маңызы, әрі Майкл Сноуденнің дипломат ретіндегі қалыптасуы туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетіндегі лидерлік дәріс

13.12.2011

Профессор Вульф Лапинстің «Ауғанстан – Орталық Азия: сыни шолулар және болашағы» тақырыбындағы лидерлік дәрісі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20- жылдық қарсаңында халықаралық қатынастар факультетінде өткізілді. Дәріс Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне және Қазақстанның аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне арналды.

Ары қарай оқу >>

Құрметті әріптестер! әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Сіздерді «Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» атты

12.12.2011

42-шi - Халықаралық ғылыми-әдiстемелiк конференция жұмысына қатысуға шақырады

(2012 жылы 26-27 қаңтарда)

Конференция төмендегі бағыттар бойынша өткізіледі:

  1. Білім беру үдерісіндегі инновациялық әдістер, модульдік оқыту жағдайындағы СӨЖ,МӨЖ және ДӨЖ жаңа түрлері.
  2. Оқу үдерісін оқулықтармен қамтамасыз ету, электрондық оқу құралдарын дайындау.
  3. Өндіріс, білім беру және ғылым ықпалдастығы: академиялық ұтқырлық, жұмыс берушілер курсы, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.
  4. Жалпы білім беру пәндері мен тілдерді үйретудің технологиялары.
  5. Дөңгелек үстел: «PhD-докторантурасы мен магистратурада білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуы -зерттеу университетінің жетекші қызметі.
  6. Сандық Workshop.

Конференция қазақша, орысша,ағылшынша жүргізіледі.

Талаптарға сәйкес 5-8 бет көлемдегі рәсімделген мақалалар А4 форматында және электрондық нұсқада әзірленіп, факультеттің әдістемелік бюросының төрағаларына (төрайымдарына) 2011 жылдың 22 желтоқсанына дейін тапсырылуы тиіс.

Материалдар жинағында мақала жариялау үшін міндетті түрде конференцияда баяндама жасау керек.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 05.21.2011 – 10.12..2011

12.12.2011

  • «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына – 20 инновация» атты халықаралық форум аясында «Егеменді Қазақстан: жетістіктері мен стратегиялық дамуының басым бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
  • «Ашық кафедра» инновациялық жобасының алғашқы тыңдаушылары диплом алды
  • ҚазҰУ-да «Қазақстандық және шетелдік БАҚ-тың қызметі: болашағы және өзекті мәселелері» атты халықаралы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
  • ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде «Жоғарғы Соттың Ізгі бастамаларын қоғам болып қолдау қажет» атты дөңгелек үстел өтті
  • ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде әлем журналистерімен басқосу өтті
  • «Ақиқат» журналына – 90 жол
  • Алматыда ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан: бүгіні мен келешегі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
  • ҚазҰУ-да ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Батырбек Ахметұлы Бірімжановтың 100 жылдығына арналған «Химия және химиялық технология» бойынша VII Халықаралық Бірімжанов съезі өтті
  • Имидждік материалдар
  • ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл
  • ҚР Тәуелсіздік құрдастары
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіздік жылдарындағы бухгалтерлік есеп және аудиттің дамуы»

10.12.2011

Желтоқсан 2011 жылы «Тәуелсіздік жылдарындағы бухгалтерлік есеп және аудиттің дамуы» тақырыбына еліміздің бухгалтерлік есеп пен аудит қызметін дамытуға үлес қосқан ғалымдар мен мамандар қатысқан дөңгелек үстел өтті.

Тәуелсіздіктің 20 жылы – жетістіктерімізді ұғыну мен болашаққа деген міндеттерімізді айқындау мүмкіндігі. Мерейтойды атап өту мемлекеттілік пен патриоттықты нығайтуға себепші болуы және мерейтойды экономикада, әлеуметтік салада, ғылым мен мәдениетте жаңа үміттермен қарсы алған дұрыс екендігі аталған.

Ары қарай оқу >>

Азаттықтың 20 жылдығын жырлайды

10.12.2011

«Ұлт үшін азаттық пен тәуелсіздіктен артық тағы қандай қасиетті нәрсе болмақ?!» - деп алты алаштың ардақты азаматы Мұстафа Шоқай айтқандай, өзекті өртер өкінішті сәттерді бастан кешіріп, қас тағдырдың қиқаңына қарсы тұра тәуелсіздіктің қыранын қалықтатқан қазақ үшін азаттықтан артық ұлы ұғым болмақ емес.

Міне, осы ел Егемендігінің 20 жылдығына орай желтоқсанның 9 жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «Ардағым – Ата жұрт» атты жыр мүшайрасы болып өтті. Шараны ұйымдастырушылар – ф.ғ.д., профессор Қанипаш Мәдібаева жетекшілік еткен «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар клубы. Таланттардың туындыларына Қазақстан Жастар одағы және халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Қасымхан Бегманов, республикалық «Қазақ қызы» журналының бас редакторы Еңлік Ерболқызы, «Ұлан» газетінің бас редакторы Есей Жеңісұлы, белгілі ақын-журналист Серік Сейітман, «Ана тілі» газетінің бас редакторының орынбасары Абылайхан Қалназар, ф.ғ.к., доцент Сәлима Қалқабаева, «Айгөлек» балалар журналының бас редакторы, ұлтын сүйген және ұлты сүйген Қымбат Әбілдақызы сынды белді азаматтар мен азаматшалар өзара талқыға салып, таразылық етті. Жыр жампоздары додасының алғашқы сөзі ф.ғ.д., профессор Өмірхан Әбдиманұлына берілді. Ол: «Филология факультеті – ақандардың, жазушылар мен өнерпаздардың факультеті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы және Ай-Ару клубының құрметіне «сөз патшасы – өлеңге» арналған жыр мүшәйрасы өткізілуде. Осындай щаралар қашан да көп болғай,» - деп өз лебізін білдірді.

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіздік – елдігімнің тірегі» атты мерекелік кеш

10.12.2011

2011 жылдың 10 желтоқсан күні филология, әдебиеттану және әлем тілдер факультеті, мемлекеттік тіл кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Б.Рысбайдың ұйымдастыруымен, механика-математика факультеті I, ІІ курс студенттерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойына арналған «Тәуелсіздік – елдігімнің тірегі» атты мерекелік кеш өтті.

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіздік – елдігімнің тірегі» атты мерекелік кеш

10.12.2011

2011 жылдың 10 желтоқсан күні филология, әдебиеттану және әлем тілдер факультеті, мемлекеттік тіл кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Б.Рысбайдың ұйымдастыруымен, механика-математика факультеті I, ІІ курс студенттерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойына арналған «Тәуелсіздік – елдігімнің тірегі» атты мерекелік кеш өтті.

Ары қарай оқу >>

12 желтоқсанда Колумбия университетінің Global Classroom жобасы бойынша сертификаттарды ресми түрде табыстау салтанаты өтеді

09.12.2011

12 желтоқсанда сағ. 15.00-де, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорат мәжілісінде (әкімшілік ғимаратының 15-қабаты) Колумбия университетінің Global Classroom жобасы бойынша сертификаттарды ресми түрде табыстау салтанаты өтеді.

Ары қарай оқу >>

Рымғали Нұрғали атындағы аудитория ашылды

09.12.2011

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен 9 желтоқсан күні Рымғали Нұрғали атындағы аудитория ашылды. Рымғали Нұрғали университет қабырғасында 35 жыл еңбек етіп, дәріс оқыды. Аудиторияда өмір белестері, ұстаз, ғалым, қайраткер, ғылымдағы биіктік, ел ардақтысы деген қабырға көрмесі қойылған.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

09.12.2011

Тəуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі қарсаңында «Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық» атты тақырыпта биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында дөңгелек үстел түрінде эдвайзерлік сағат өтті.

Аталмыш факультеттің №7 жатаханасында өткен дөңгелек үстелде профессор С.Н.Нестерова қазақстан тарихын және және егемендіктің 20 жылдағында жеткен жетістіктеріне, Елбасының сыңғыр саясатына тоқталды. Аталмыш кафедра магистранты Лина Лебедева Лина ағылшын тілде «Development of higher education Kazakstsn», 3 курс студенті Мадина Тлеуова орыс тілінде «Казахстан и мировое сообщество», 2 курс студенттері Ерназар Капаров ағылшын тілінде, Айгерим Теңізбаева мемлекеттік тілде «Қазақстан 1991-2011 жыл аралығында», 2 курс студенті Айжан Құралбекова мемлекеттік тілде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» тақырыптарында баяндама жасады. Бұл өткізіліп отырған тәрбиелік іс-шараның ерекшелігі «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасының университетімізде сауатты жүргізілуін айқындайды.

Ары қарай оқу >>

VII Халықаралық Бірімжанов съезі өтті

09.12.2011

9 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде белгілі ғалым, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Батырбек Ахметұлы Бірімжановтың 100 жылдығына арналған «Химия және химиялық технология» бойынша VII Халықаралық Бірімжанов съезі өтті.

Мерекелік шараға ҚР ҰҒА президенті, академик Мұрат Жұрынов, Жану проблемалар институтының директоры х.ғ.д., профессор Зұлқайыр Мансұров, Химия ғылымдары институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі Еділ Ерғожин, ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұқамбетқали Бүркітбаев, химия және химиялық технология факультетінің деканы Ердос Оңғарбаев бастаған отандық химия саласының ғалымдары мен шетелдік профессорлар да қатысты. Съезде ҚР көмірсутекті және минералды шикізатты өндеудің қазіргі мәселелері және экология, табиғи, синтетикалық қосылыстар, мономерлерлердің химиялық технологиясы, химия білімінің заманауи мәселелері қарастырылды.

Съездің алғысөзінде ҚазҰУ-дың бірінші проректор Мұқамбетқали Бүркітбаев химия және химиялық технология факультетінің даму тарихына, бүгіні мен ертеңіне және Батырбек Бірімжановтың химия ғылымын дамытудағы зор үлесіне тоқталып, ғалымның 100 жылдығына арналған съезд маңыздылығын атады. «Химия факультетінің даму тарихын негізгі үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең факультеттің қалыптасу кезеңі 1934 жылдан 1954 жылға дейінгі аралықтағы 20 жыл уақытты қамтиды. Бұл кезде алғашқы деканымыз академик Әбікен Бектұрұлы Бектұровтан бастап, кейін сол кісінің шақыруымен факультетте еңбек еткен академиктер М.И.Усанович, Д.В.Сокольский, М.Т.Козловский, О.А.Сонгина сияқты ғұлама ғалымдар факультеттің іргетасын қалап, негізін қалыптастырды. Екінші кезең факультеттің даму кезеңі, бұл Б.А.Бірімжанов жетекшілік жасаған 1954 жылдан 1980 жылға дейінгі 25 жылдан аса уақытты қамтиды. Бұл кезең факультеттің шарықтау немесе өркендеу кезеңі деп айтсақ та болады, себебі осы жылдары факультетте жаңа 6 кафедра ашылды, елімізде аты аталған академиктер негізін қалаған ғылыми мектептер мен бағыттар қалыптасты. 1980 жылдан бергі уақытқа дейін қазіргі үшінші кезеңін факультеттің қайта түрлену немесе жаңғыру кезеңі деп айтуға болады. Батырбек Ахметұлынан кейінгі факультет басқарған ұстаздарымыздың әрқайсысы факультеттің дамуына өз үлесін қосты. Бұл кезеңде факультеттің ғылыми-зерттеу институттары құрылды, білім берудің көпсатылы жүйесі жасалды, бірнеше жаңа мамандықтар ашылды, факультет жаңа ғимаратқа көшті және т.с.с. нарықтық экономика талаптарына сай факультет жұмысы қайта жаңғыруда», - дейді профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев. Ал ҚР ҰҒА президенті, академик Мұрат Жұрынов: «Химия ғылымының қалыптасып және дамуына Бірімжановтың үлесі өте зор. Ол өте кең, парасатты жан. Оның ұстаздығын көрген, дәрісін естіген шәкірттері есімін ұмытпайды», - деген ойымен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

Тегiн вебинар

09.12.2011

Тақырыбына тегiн вебинар үйлесiмдi емес қатар қолдануға сияқты: табысты кәсiпкерлiк, баққұмарлықты және бақытты жанұяны ма?» 2011 жылдың 9 желтоқсаны, тақырыбына 15:00 Галяның Смоляковасының тегiн вебинарына : үйлесiмдi емес болып қатар қолдануға сияқтуға өтедi: табысты кәсiпкерлiк, баққұмарлықты және бақытты жанұяны ма?». Галяның Смоляковасы үш белгiлi Қазақстандарда және серiктестiктердiң Ресейiнiң құрылтайшысы болып табылады, және меншiктi кәсiпкерлiктiң табысты жүргiзуi бар белсендi консалтинг қызметiн қоса атқарады. Вебинареге араласуға сiлтеме: http://1184727.videoconference.talkfusionlive.com/golive/m/P4CbWaF01jgXFBX4 Онда келiскен уақытта айғайлаңыз және Enter Guest Nameның графы ең төменгiде латын әрiптерiмен сiздiң атыңыз енгiзiңiз, содан соң Enter және сiз басыңыз вебинара қатысушы болыңыз. Керейiттi сiзге және жетiстiктердiң емтихандардың өткiзулерiнде тiлектi! Баққұмарлықтың орта және кәсiпкерлiктер Find us on Facebook

Ары қарай оқу >>

Сіздер бізді де оқытасыз

08.12.2011

2011 жылдың 3 желтоқсанда ҚазҰУ оқу ісі бойынша проректоры Г.Т. Балакаеваның студенттер және университет белсенділерімен кездесуі өтті. Кездесуде сонымен қатар Департамент директоры А.С. Актымбаева және оқу үрдісі бөлімшесінің басшысы Г.Т. Жакупова болды. Гульнар Тултаевна ҚазҰУ оқу үрдісіне енгізілген жаңалықтар туралы айтты...

Ары қарай оқу >>

Ағылшын тілін ұялы телефон арқылы оқыту жобасы

08.12.2011

2011 жылдың 28 қарашасы мен 2 желтоқсан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінде өткен ұялы телефон арқылы оқыту технологиясы бойынша тест тапсыру шарасы өтті. Тестілеуге гуманитарлық факультеттерде оқитын 100 студент қатысты, олар америкалық ағылшын тілінің негізгі курсының бірінші деңгейін меңгерді, 100 студенттің 95 студенті тестік сынақтан өтті.

Әртүрлі тілдік деңгейдегі студенттердің айтулары бойынша, ең бірінші көрсеткіш – сөйлеу айтылымдарының жақсарғандығын байқағаны, себебі жаттығуларды шектеусіз тыңдап және өз нұсқасын жаза алады, сондай-ақ, өздерімен бірге ноутбукты тасып немесе компьютер класс іздеп жүрмейді.

Оқытушылар студенттердің оңтайлы көзқарастарын байқаған, сонымен қатар, тіл үйренушілердің ағылшын фильм және ағылшын өлеңдерде кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін түсіне бастағандарын айтады.

Пилоттық жоба ұялы телефонға орнатылған арнайы базалық бағдарлама арқылы шет тілін оқытудың инновациалық әдісіне негізделген. Бұл әдісті “So To Speak” швед компаниясы ойлап тапқан, оның өкілдері - әдістеменің авторы Карл Хофсо және техникалық жағынан қолдаушы Фуад Джаззaр аралық бақылауға шақырылды. Енді бұл тестілеу бағдарламасы шет тілдер кафедрасының пайдалануына қалады.

Проектінің демеулік қолдау көрсетушісі - “Nokia-Kazakhstan” - жобаны іске асыру мақсатында студенттерге 100, оқытушыларға 10 ұялы телефон ұсынды.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ поэзиясының Құлагерінің» есімі биология факультетінде ұлықталды

07.12.2011

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай биология және биотехнология факультеті молекулалық биология және генетика кафедрасы мен “Сұңқар” студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен «Қазақ поэзиясының Құлагері» атты Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығына арналған тәрбиелік кеш өтті.

«Қазақ поэзиясының Құлагері» атты Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы, аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығына арналған танымдық, тәрбиелік мәні бар мерекелік шараға І.Жансүгіровтың ұлы Саят Жансүгіров, келіні Қарлығаш Махмедқалиқызы және немересі жалпы генетика және цитология институтының директоры б.ғ.к., доцент Лейла Жансүгірова, қазақ халқының кемеңгер жазушысы Сапарғали Бегалиннің ұлы кинематографист Бегалин Қасым Сапарғалиұлы қатысты. Сонымен қатар, факультетіміздің деканы Т.М.Шалахметова және декан орынбасары А.Е.Ережепов, биотехнология кафедрасының профессоры б.ғ.д., А.А.Жұбанова және т.б. қонақтар қатысты.Кеш І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильмінің көрсетілуімен басталды. Сөз алған Саят Ілиясұлы студент жастарға Ілияс Жансүгіровтың өмірі, жазушының М.Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы және жазықсыз жазаға ұшыраған жылдары туралы айтып, ескі қолжазбалары мен соңғы шыққан еңбектерімен таныстырды.

Кеш барысында «Құлагер» фильмінен үзінді көрсетіліп, кинематографист Бегалин Қасым Сапарғалиұлы фильмінің шығу тарихымен таныстырды. «Биотехнология» мамандығының студенттері өмір шындығын айшықтай өрнектеген поэмасын оқып, Ақан серінің Құлагерді жоқтау кезінен көріністер қойды.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік тойына 20 тарту

07.12.2011

5 желтоқсан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен ректорат мәжілісінің кеңейтілген отырысында химия және химиялық технология факультетінде «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына – 20 инновация» атты халықаралық форум аясында «Егеменді Қазақстан: жетістіктері мен стратегиялық дамуының басым бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Халықаралық басқосуда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнап жыл бойы жүргізген 20 инновациялық жобасының жұмысы қорытындыланды.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз!!! қазынаның 30 студенттер және 10 оқытушылары оон штаб-пәтерге кәсiби тәжiрибенi, оонның әр түрлi агенттiктерiнде өте алады.

06.12.2011

Құттықтаймыз!!! қазынаның 30 студенттер және 10 оқытушылары оон штаб-пәтерге кәсiби тәжiрибенi, оонның әр түрлi агенттiктерiнде өте алады. Қосуы керек, болу мүмкiндiгi деген не 2011 жылдың қарашасындағы оонның штаб-пәтерге ғалымдардың университеттiң ректорының сапары және делегациясынан кейiн жасалған. Мысалы, бұдан басқа, оонға Қазақстанды көп жылдар сенiмдi ұсынатын Ақмарал Арыстанбекова қазынаның профессордың ғалымдарының бұл жемiстi қызметтерi оонның қоғамдық мәлiметтiң департаментiнiң Дамударан - Deputy Director, Outreach Divisionнiң рамасын және оның тәжiрибесi өзi биiк деңгейдегi бұл жұмысты хабарды мүмкiндiк бередi атап өттi. Баққұмарлықтың орта және кәсiпкерлiктер Find us on Facebook

Ары қарай оқу >>

2011:-шi болашактiң жұмыс берушiлерiнiң форумы бiрге келешек құрастырамыз.

06.12.2011

2011:-шi болашактiң жұмыс берушiлерiнiң форумы бiрге келешек құрастырамыз. бiлiмнiң министрлiгi және ҚРдың ғылымы және Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң қолдауының жанында болашак қауымдастығының Алматы қаласындағы 2011 жылдың 8 желтоқсаны 2011:-шi болашактiң жұмыс берушiлерiнiң форумы өткiзедi бiрге келешек құрастырамыз. Форум Қазақстан республикасының тәуелсiздiгiнiң 20 жасқа толу тойы және болашак қауымдастығының 10 жасқа толу тойына арналған. Форум шеңберiнде бос жұмыс орындар жәрмеңкесi және семинарларда өтедi: «Мен - еңбек өзiн базарға сатқан жетекшi немесе»; «Тексерушi мамандық»; «ҚРдағы банктiк саласының ерекшелiктерi. Жастардың қолдауы»; «How to build a rapid and successful career; «Қалай өз кәсiпкерлiгiн бастау: Инвестициялардың тартуының әдiстерi»; «Интервью өту»; «How can any company utilize projects work model to help employees grow fast; «Еңбек базары. Форумның басы: 09:30. Өткiзудi орын: Royal Tulip Almaty, Алматы қаласының мейманхана, Оспанова көше, уг 401/2.Достық бұйрық.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-де Жастар күні «Ашық кафедра» жаңа инновациялық жобаның алғашқы тыңдармандары дипломдармен марапатталды.

06.12.2011

Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» атты 20 жұлдызды күндер шеңберінде 3 желтоқсан «Жастар» күні деп жарияланды. Осы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің Ғылыми кеңесінің мәжіліс залында «Ашық кафедра» жаңа инновациялық жобаның алғашқы тыңдармандарын дипломмен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Ары қарай оқу >>

Құрметті әріптестер! Сіздерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 42-шi - Халықаралық ғылыми-әдiстемелiк конференция жұмыстарына қатысуға шақырады

06.12.2011

«Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын жоғарылату мәселелері»

(2012 жылы 26-27 қаңтарда)

Конференция төмендегі көрсетілген бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. Модульдік оқыту жағдайындағы СӨЖ,МӨЖ және ДӨЖ жаңа формалары, білім беру үдерісіндегі инновациялық әдістері.
  2. Электрондық оқу құралдар баспасын құру және оқу үдерісін әдебиеттермен қамтамасыз ету.
  3. Өндіріс, білім беру және ғылым ықпалдастығы: академиялық ұтқырлық, жұмыс берушілер курсы, бәсекеге түсе алатын мамандар дайындау.
  4. Жалпы білім беру пәндері мен тілдерді үйретудің технологиялары.
  5. PhDтың докторантурасының магистратурасының бiлiм беретiн бағдарламаларының iске асыруы 5 дөңгелек стол - зерттеушi университеттiң қызмет құрайтын маңызды..
  6. Дөңгелек үстел: «PhD-докторатурасының, магистратураның білім беру бағдарламаларының іске асырылуы-зерттеу университетінің маңызды қызметі.
  7. Сандық Workshop.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша,ағылшынша.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 28.11.2011 – 03.12..2011

05.12.2011

  • ҚазҰУ-да «Швецария ғылымы» атты көрме өз жұмысын бастады
  • ҚазҰУ-да «Тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл дамуындағы мәдениеттанулық ғылым: мәселелер, ізденістер, шешімдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
  • ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде нәсілдік кемсіту мәселелері қаралды
  • ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы Есберген Алауханов Еуразиялық халықаралық телевизия және радио академиясының вице-президенті және Академияның академигі болып сайланды
  • ҚазҰУ-дың филология факультетінде Исрайл Сапарбаймен кездесу өтті
  • ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Қазақ радиосының 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика және бизнес жоғары мектебінде «ҚазҰУ өз түлектерін ұмытпайды» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті
  • ҚазҰУ-да «Ақиқат» журналының 90 жылдығына арналған жиын өтті
  • Имидждік материалдар
  • ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл
  • ҚР Тәуелсіздік құрдастары
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 21.10.2011 – 26.11.2011

05.12.2011

  • ҚазҰУ-да «Веб-рейтинг: қазақстандық университеттер үшін жаһандық тұжырым» халықаралық сеимнары басталды
  • ҚазҰУ-да Оразалы Сәбденнің «Экономика» көп томдығының тұсаукесері өтеді
  • ҚазҰУ-да «Мемлекеттік тілдің құзыреттілігі: инновация және модульдік оқыту» атты конференциясы өтті
  • ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде «Жаңа медианың жаңа мүмкіндіктері» атты медиа-тренинг өтті
  • ҚазҰУ-да Оразалы Сәбденнің «Экономика» көп томдығының тұсаукесері өтеді
  • ҚазҰУ-да Оразалы Сәбденнің «Экономика» көп томдығының тұсаукесері өтті
  • Имидждік материалдар
  • ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 14.10.2011 – 19.11.2011

05.12.2011

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы АҚШ-тағы зерттеу университеттерінің қызметтерімен танысуда
  • ҚазҰУ-да «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2011 байқауының ақтық кезеңі өтті
  • ҚазҰУ – БҰҰ білім бағдарламасының белсенді қатысушысы
  • Колумбия университеті мен ҚазҰУ әріптестік меморандумына қол қойды
  • ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов АҚШ-тағы іссапары аясында бірнеше кездесу өткізді
  • 17 қараша – халықаралық студенттер күні
  • ҚазҰУ-да флеш-моб акция өтті
  • ҚазҰУ-да «1-курс ТАЛАНТТАРЫ» көркемөнерпаздар байқауының гала-концерті өтті
  • ҚазҰУ-да филология факультетінің түлегі Жаңабек Жетіруовпен кездесу өтті
  • ҚазҰУ-да Исраил Сапарбаймен кездесу өтті
  • Имидждік материалдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 07.11.2011 –12.11.2011

05.12.2011

  • ҚазҰУ-да «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2011 байқауының ақтық кезеңі өтеді
  • ҚазҰУ-да «Зерттеу университеттерін дамыту және ҚР дамуындағы олардың орны» халықаралық форумы өтті
  • ҚазҰУ-да “Қазақ телевизиясы» атты энциклопедиялық кітап жарық көрді
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Байқау профессор-оқытушылар құрамы арасында білім үдерісінде инновация аясында

05.12.2011

Қазақстан Республикасының 20 жылдық тауелсіздігіне атап өтуге байланысты 11 желтоқсан Білім куні деп жарияланады. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы арасында білім үдерісінде инновация аясында номинациялар бойынша байқау жарияланады. Байқау 5-9 желтоқсан 2011ж аралығында өтеді. Жеңімпаздар дипломдар және сыйлықтармен марапатталады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Жастар күні «Ашық кафедра» жаңа инновациялық жобаның алғашқы тыңдармандары дипломдармен марапатталды.

05.12.2011

Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» атты 20 жұлдызды күндер шеңберінде 3 желтоқсан «Жастар» күні деп жарияланды. Осы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінің мәжіліс залында «Ашық кафедра» жаңа инновациялық жобаның алғашқы тыңдармандарын дипломмен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай

03.12.2011

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттеріне бөлінген

«Қазақ халқының дара тұлғаларының» арналған кештер аясында

«Биология және биотехнология» факультетінде

Жаратылыстану ғылымдарының Қазақ Ұлттық Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының профессоры Жұбанова Ажар Ахметқызына арналған «Ұлылардың жалғасы» атты кездесу өтті

Ары қарай оқу >>

«Болашақ біздің қолымызда!» атты Тәуелсіздік құрдастарының Республикалық Жастар форумы өтті

03.12.2011

Астанада Қазақстан Жастар Конгресінің ұйымдастыруымен «Болашақ біздің қолымызда!» атты жастар форумы өтті. Форумға әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің белсенді жастары арнайы қатысып қайтты.

Еліміздің бас қаласы Қазақстан жастарының әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру мен Тәуелсіздікте жеткен жетістер мен белестерді нығайту оны мық бекіту форумның басты мақсаты болды. Форумда белгілі болғандай енді қазақстанда «3 желтоқсан – Жастар күні» болып жарияланды

Еліміздің елеулі оқиғасы –Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған жастар форумында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған көшбасшылар арасында ҚазҰУ-дың үлкен делагациясы айрықша көзге түсті. Секция жұмыстарында түрлі ой айтып, пікір алмасып, ұсыныстар жасаған қазұулықтар басқа өңірден келген жастарға үлгі болды.

Ары қарай оқу >>

ARCADE ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН СҰРАНЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ АШЫЛДЫ!

02.12.2011

Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері, ұстаздары мен қызметкерлері!

ARCADE, академиялық мобильді халықаралық жобаға қатысушылар Erasmus Mundus еурокомиссиясының бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған бұл жобаға академиялық мобильді бағдарламаның әр түрлі ұзақтығы негізінде, яғни университетте ұзақтығына байланысты курсқа қатысатын қатысушылар қатысады.

Сонымен қатар, қатысушылар назарына өзіндік бағдарламалар ұсынылады, яғни дәрежені және академиялық алмасу бағдарламаларды алу үшін бағытталған.

Оқуға бағытталған тақырыптар:

Ары қарай оқу >>

«20 жылдыққа – 20 инновация» жобасын қортындыланады

02.12.2011

5 желтоқсан сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен химия және химиялық технология факультетінде «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына – 20 инновация» атты халықаралық форум аясында «Егеменді Қазақстан: жетістіктері мен стратегиялық дамуының басым бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Форум және конференция жұмысына дипломатиялық мектеп, шетелдік университет ғалымдары, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, ҚР Білім және ғылым министрлігі аппаратының өкілдері, халықаралық қорлар мен ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының, ғылым мекемелерінің басшылары және оқытушы-профессорлар құрамы қатысады.

Конференцияның мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерін, ғылыми-инновациялық, әлеуметтік және қоғамдағы индустриалды-техникалық модерницациясын насихаттау және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «20 жылдыққа – 20 инновация» жобасын қортындылау.

Ары қарай оқу >>

Профессор Вульф Лапинстің «Ауғанстан – Орталық Азия: сын көзқарас пен перспективалар» атты көшбасшылық дәрісі өтеді

02.12.2011

Профессор Вульф Лапинстің «Ауғанстан – Орталық Азия: сын көзқарас пен перспективалар» атты көшбасшылық дәрісіне халықаралық қатынастар мамандығының студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушыларын және қатысуға ниет білдіргендердің барлығын шақырамыз.

Дәріс ҚР-ның тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылып, Орталық Азия мен Қазақстандағы тұрақсыздық және қауіпсіздік мәселелеріне арналады.

Дәріс 2011 жылдың 6 желтоқсанында, сағат 14.10, биология факультетінің үлкен акт залында басталады.

Ары қарай оқу >>

«Келді ғой, замандастар, бізге кезек» атты ақындар айтысы өтті

02.12.2011

Жақында ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай қазақ әдебиетінің тарихы және әдебиет териясы кафедрасы жанынан құрылған «Жәдігер» клубының ұйымдастыруымен «Келді ғой, замандастар, бізге кезек» атты ақындар айтысы өтті.

Бүгінгі қазақ айтысының азулы арыстандары шыққан филология және журналистика факультеттері осы өнердің алтын бесігі десек артық болмас. Айтысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты да осы дәстүрді студенттер арасында қайта жаңғырту, насихаттау болатын. Көпшілік асыға күткен айтыста ақындардың еркін тақырыпта көсіліп айтуларына мүмкіндік берілді. Бүгінде айтыс өнерінің көркін қыздырып, қара сөзден қамшы өріп жүрген Балғынбек Имашев, Мұхамеджан Тазабеков, Дәулеткерей Кәпұлы сынды ақындар тәлім алған факультеттердегі дәстүрдің жандануына бұл айтыстың қосар үлесі мол. Додаға журналистика факультетінен Рауан Қайдаров, Орынбасар Бақытбекұлы, Амангелді Сейітхан секіді талантты ақындар сөз сайысына шықса, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің намысын Манас Қайыртайұлы, Дәмелі Біләлқызы, Салтанат Мінәйхан, Марғұлан Ақан сынды ақындар қорғады. Дайындық факультетінің тыңдаушысы Қали Сапаұлы да айтысқа жиналған көрерменнің көзайымына айналды. Жас та болса елдің сөзін көркем оймен кестелеп, алды үлкен сахналардан көрініп жүрген ақындардың айтысына филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиеті тарихы және әлем тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Өмірхан Әбдиманұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қанипаш Мәдібай, журналистика факультетінің аға оқытушысы, белігілі ақын Мұрат Шаймаран және осы білім ошағының аға оқытушысы, жазушы Қойшыбек Мүбәрак төрелік етті.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ дипломаты - Нәзір Төреқұлов»

02.12.2011

30 қарашада халықаралық қатынастар факультетінде «Дипломатиялық миссия» студенттер ұйымы және 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Қазақ дипломаты - Нәзір Төреқұлов» атты ұлы тұлғаны еске алу кеші өткізілді.

Кешке халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушылары мен 2,3,4 курс студенттері белсене қатысты.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздігіміздің 20 жұлдызды күндері аясында «Ашық кафедра» жобасының салтанатты марапаттауы өтеді

02.12.2011

3 желтоқсан күні сағат 11:00-де, ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің мәжіліс залында «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» атты 20 жұлдызды күндер шеңберінде «Ашық кафедра» жаңа инновациялық жобаcының алғашқы тыңдармандарына дипломмен салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Туризм кафедрасына - 15 жыл!

02.12.2011

1 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы және туризм кафедрасының 15 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті. Мерекелік шараларды 4 курс студенттері мен туризм және спортты дамыту «ЖасТур» жастар клубы ұйымдастырды.

Салтанатты кеште география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы г.ғ.д., профессор В.Г.Сальников, туризм кафедрасының негізін құрушы г.ғ.д., профессор С.Р.Ердаулетов және кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент А.М.Артемьев құттықтау сөздерін жеткізіп, лебіздерін білдірді. Кеште емтиханды жақсы тапсырған студенттер GDS Abacus International халықаралық сертификатымен және фирма сыйлықтарымен марапатталды. Abacus Central Asia директоры П.Н.Спицин ҚазҰУ-мен, соның ішінде туризм кафедрасымен ынтымақтастық өте жемісті және табысты жалғасып келе жатқандығын ерекше атап өтті.

Ары қарай оқу >>

«ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі

01.12.2011

30.11.2011 / 18:26

Қазіргі жастардың зерттеу жұмысымен айналысуға мүмкіншіліктері мол - Гүлжан Айжолова

АЛМАТЫ. 30 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жаһандану үрдісі барысында ұлттық экономиканың дамуында бірқатар мәселелер туындауда. Индустриалдық-инновациялық іс-әрекет пен өндіріс бәсекелестігінің деңгейін көтеруде жас ғалымдардың рөлі зор. Біз осыған орай ой-пікірімен бөлісу үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, География және табиғатты пайдалану факультеті студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетекшісі Гүлжан Айжоловамен шағын сұхбат құрған едік.

- Гүлжан Ролланқызы, қазір жастарды ғылыми-ізденіс жұмыстарға тарту қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл туралы өз ой-пікіріңізбен бөліссеңіз?

Жас ғалымдарды еліміздің ғылыми мүкіншіліктерін дамытуға тарту үшін қазіргі таңда мемлекетіміздің тарапынан үлкен жұмыстар жүргізілуде. Мәселен өзім жұмыс жасайтын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жас ғалымдар Кеңесі, Студенттік ғылыми қоғам мен тағы басқа да түрлі ғылыми орталықтар тұрақты түрде өз қызметін атқарып келе жатыр. Студенттердің және жас ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандыру белсенді шығармашылық іс-әрекетке тартудың маңызды формасы болып табылады. Жоғары кәсіби мамандарды даярлауда оның рөлі өте зор. Сондықтан студенттерге құқықтары мен міндеттері туралы кеңес беріп, ғылыми үйірмелер мен кафедралардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының өткізілу механизмі жайлы ақпарат беріледі. Ал олардың ғылыми ізденіс жұмыстары жыл сайын арнайы құрастырылатын жоспар бойынша жүргізіледі.

Ары қарай оқу >>

Дөңгелек үстелде «Зерттеу университетіндегі шығыстанудың рөлі мен орны» талқыланды

01.12.2011

30 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Зерттеу университетіндегі шығыстанудың рөлі мен орны» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

«16-желтоқсанға 16-күн қалды»

01.12.2011

Тəуелсіздіктің 20-жылдық мерекесі қарасаңында «16-желтоқсанға 16-күн қалды» атты тақырыпта Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің қолдауымен Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы б.ғ.к. А.Т. Мамурованың кураторлық топтарының (ЭКО105,106) ұйымдастыруымен акция түрінде ашық эдвайзерлік сағат өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік топтың белсенділері мен топ басшылары!

01.12.2011

2011 жылдың 3 желтоқсанынды сағат 13.15-те университетіміздің оқу істері жөніндегі проректоры Г.Т.Балақаевамен үстіміздегі жылдың оқу үдерісіне қатысты мәселелер бойынша кездесуге шақырамыз.

Өткізілу орны: ГУК-6 Биология факультетінің үлкен акт залы (БАЗ).

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіз елім – Қазақстан!» атты жыр-кеші өтті

01.12.2011

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өткізіліп отырған «Тәуелсіздік күнделігі» бойынша 2011 жылғы 30 қараша «Келісім» күні болып белгіленген. Осыған орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен университетте білім алатын өзге ұлт өкілдері студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіз елім – Қазақстан!» атты жыр-кеші өтті.

Ары қарай оқу >>