Жаңалықтар

Еуропарламент депутаты ҚазҰУ-ға келіп қайтты

31.05.2010

29 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Еуропарламент депутаты Альфред Рубикс болып қайтты. Аталмыш кездесу жақында Астанада өткен «Қазақстан Республикасы – Еуропа одағы» атты Парламент әріптестігі комитетінің ІХ отырысы аясында өтті.

Ары қарай оқу >>

Ғаламдық ойдың адамы

28.05.2010

«Егеменді Қазақстан - әлемнің эпицентрі» - жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен студенттер қауымы мен белгілі қоғам қайраткері, жазушы Олжас Сүлейменовтың бас қосуы осылай аталды.
Аталмыш бас қосуда ҚазҰУ-дың қабырғасында өтетін дәстүрлі дәрістеріне айналды. Осы жолғы кездесу Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан тәуелсіздігінің дамуы мен қалыптасуына арналды.

Ары қарай оқу >>

Жапониялық атомдық энергия агентствосының профессорларының дәрістері

27.05.2010

Жапон елінен қонақтап келген профессорлар Козо Кавасаки және Тошиюки Танака екі апта бойы ҚазҰУ-дың физика факультетінің студенттеріне арнап дәріс оқыды. Жапон елі ядролық реакторларды шығаруда тәжірибесі мол, сондықтан аталмыш бас қосу болашақ қазақстандық ядролық физиктерге аса құнды болды. Аталмыш шарада ғалымдар ядролық реакторларды шығару жұмыстары мен ядролық физика бойынша алға қойылған талаптарды жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 17.05.2010 – 22.05.2010

27.05.2010

  • ҚазҰУ Мұражай күнін атап өтті.
  • ҚазҰУ-дың филология факультетінде Ақанов оқулары өтті.
  • ҚазҰУ студенттерінің жыл сайынғы ректормен кездесуі.
  • «TWMS Journal of Pure and Applied Mathematics» математиктерге арналған бірінші журнал жарық көрді.
  • ҚазҰУ жайлы.
  • ҚазҰУ Мұражайы туралы.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
  • Студенттердің жарияланымы.
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы.
  • Біздің сарапшылар.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 10.05.2010 – 15.05.2010

27.05.2010

  • ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде «Қазақ әдебиетіндегі жыршылық дәстүр» семинары аясында «Мәделіқожа» кітабының тұсаукесері өтті.
  • «Қазақстан Республикасының президенттік институты: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
  • ҚазҰУ-да республикалық әскери-патриоттық әндер байқауы өтті.
  • ҚазҰУ-дың филология факультетінде «Абай және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
  • ҚР-ғы Бельгияның құрметті өкілі Даниэль Парисс ҚазҰУ-дың Ұлттық нанотехнологиялық лабораториясында болып қайтты.
  • ҚазҰУ мұражайында «Ерлік сабағы» өтті.
  • Имидждік жарияланымдар.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
  • Студенттер жарияланымы.
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы.
  • Біздің сарапшылар.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

Ары қарай оқу >>

Алматыдағы студенттік субұрқағы

27.05.2010

Субұрқақтар күнін атап өту ҚазҰУ студенттерінің дәсүрлі мерекесіне айналған. Сұбұрқақтың бұл жылғы ашылымына қазұулық жастар кең көлемді мерекелік шара әзірледі. Сонымен қатар көктемнің шырайлы мерекесі үздік университеттік оқу жылындағы емтихан кезеңінің аяқталуымен тұспа-тұс келіп отыр.

Ары қарай оқу >>

Зеректердiң үркерi

24.05.2010

2010 жылдың 17 мамырында алматы мектептерінен 92 оқушы «Уркер» төске тағатын белгіге ие болды. Дәл осы оқушылар республикалық және халықаралық олимпиадада ең үздік болып саналды. Байқап өту керек, солардың арасынан 22 қатысушы «Әл-Фараби» Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып саналады. Департамент директоры Г.Т. Балакаева дарынды оқушыларға мақтау сөздерін айтты.

Ары қарай оқу >>

«ЭКОЛОГИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ»

21.05.2010

Сіздерді «Экологияның қазіргі кездегі мәселелері және қоғамның тұрақты дамуы» халықаралық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз!

Конференция 30 қыркүйек – 01 қазан айында 2010 жылы аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ің биология факультетінде өткізіледі.

Конференцияға қатысу үшін 2010 ж. мамыр айының 30 дейін материалдарды жіберу керек.

Ары қарай оқу >>

Көшбасшы сертификаты – түлек мүмкіндігі

21.05.2010

ҚазҰУ-дың оқудағы және қоғамдық жұмыстағы үздік түлектері “көшбасшы сертификатына” ие болу керек. Бұл сертификат маманның жұмысқа қабылдануы үшін альма-матер тарапынан берілетін негізгі ұсыныс құжаты болмақ. Аталмыш бастама университет әкімшілігі мен студенттер тарапынан қолдау тапты.

Ары қарай оқу >>

Корейтану кафедрасы сайтының презентациясы

21.05.2010

2009 жылдың тамыз айында National Information Society Agency атты корей қоғамының Korea Internet Volunteers еріктілері Хюн Дэ Вон мен Чо Хенг Сок Қазақстанға арнайы келіп, корей бөлімінің мұғалімдері мен студенттеріне IT семинарлар өткізді. Соныменбірге IT мамандарына ақпараттық қолдау көрсетіп, оргтехника құралдарымен қамтамасыз етті.

Ары қарай оқу >>

Ақпараттық хабарландыру

18.05.2010

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы американдық жазушы Анна Кастийомен кездесуге барлығыңызды шақырады.

Өтетін жері: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы, 2-ші қабат, филология факультетінің оқу залында.

Өтілу уақыты: Сәрсенбі, 19 мамыр, 15:30-17:00.

Конақтар: Ана Кастийо.

Роб Лэйн, Консулдың бас қызметін орындаушы Эльмира Киреева,

Ақпараттар орталығының директоры Елена Видуц, аудармашы.

Байланыс тел.: 1272, 1276.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық музей күні

18.05.2010

18 мамырда әлемнің барша музей қызметкерлері өздерінің кәсіпқой мерекесін атап өтеді.
Халықаралық музей күні болып 1977 жылы ICOM (International Council of Museums) – Халықаралық музей Кеңесінің кезекті отырысында атаулы күн ретінде қабылданды. Бүгінгі таңда Халықаралық музей күнін әлемнің барлық музейлері тойлайды, бұл күн әлемнің 150-ден астам елінде ресми мереке ретінде атап өтіледі.

Ары қарай оқу >>

Қазақстандағы Бельгия Әмірлігінің құрметті өкілі Даниэль Парисс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың нанотехнологиялық лабораториясында болды

17.05.2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлының арнайы шақыруымен 2010 жылдың 11 мамырында Қазақстандағы Бельгия Әмірлігінің өкілі Даниэль Парисс ҚазҰУ-дың нанотехнологиялық лабораториясын көріп қайтты.

Ары қарай оқу >>

Қазақ ұлттық университеті бәсекеге сай мамандарды дайындау мақсатында «Зерде» холдингімен меморандум жасады

13.05.2010

Қазақ ұлттық университеті бәсекеге сай мамандарды дайындау мақсатында «Зерде» холдингімен меморандум жасады.
Келісімнің мақсаты – ақпараттық технологияларды дамыту және инфокуоммуникация саласындағы мамананддарды дайындаудың сапасын жоғарылату, және де Қазақстандағы бәсекеге сай кадрларды дайындау, - деп «Зерде» холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Искандер Алиев айтып кетті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 03.05.2010 – 08.05.2010

13.05.2010

  • ҚазҰУ ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ресейдің корпоративті кітапхана жобалары» атты дәрісі өтті.
  • ҚазҰУ-да «Интеллектуалдық ұмтылыс: жастар, ғылым және инновациялар».
  • ҚазҰУ-да «Абай институтының Хабаршысы» жаңа басылымы жарық көрді.
  • ҚазҰУ студенттері «POSKO» қорының (Оңтүстік Корея) шәкіртақысын иемденді.
  • ҚазҰУ және Оңтүстік Кореяның жетекші банкі «Шинхан Банк» АҚ арасында келісім орнатылды.
  • ҚазҰУ студенттері арасында Ұлы Жеңістің 65-жылдығына арналған жеңілатлетика бойынша эстафета өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері «POSCO» қорының шәкіртақысына ие болды

12.05.2010

2010 жылдың 7 мамырында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 20 студентіне Т. Дж. Пак атындағы ПОСКО комбинаты (Оңтүстік Корея Республикасы) қорының шәкіртақы сертификаттары берілді. Осы орайда Алматыға ПОСКО қоры бағдарламасының директоры Хон Дэ-Сунг (Hong Dae-Sung) мырза арнайы іс-сапармен келген болатын.

Ары қарай оқу >>

Мұнай өндіру өнеркәсібіндегі ғылыми-технологиялық және экологикалық мәселелердің математикалық моделі

12.05.2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, ҚР Ұлттық инженерлік академия, РҒА СБ Есептеу технологиялар институты, М.А. Лаврентьева атындағы гидродинамика институты РҒА СБ, Қазақ-Британ техникалық университеті 2010 жылдың 27-30 қыркүйек аралығында Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті негізінде VII Қазақстан –Ресей халықаралық ғылыми -әдістемелік конференциясын өткізеді, тақырыбы «Мұнай өндіру өнеркәсібіндегі ғылыми-технологиялық және экологикалық мәселелердің математикалық моделі».

Ары қарай оқу >>

Вычислительные и информационные технологии в науке, технике и образовании - 2010

12.05.2010

Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Национальная инженерная академия Республики Казахстан, Институт вычислительных технологий СО РАН, Новосибирский государственный технический университет, Новосибирский государственный университет в период с 4 по 6 октября 2010 года будут проводить Международную конференцию «Вычислительные и информационные технологии в науке, технике и образовании» (ВИТ–2010)

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ биология факультетінің жас ғалымдары INSPIRE атты халықаралық проектің сертификаттарымен марапатталды

11.05.2010

2010 жылдың 30сәуіріндеBritish Council-да өткен INSPIRE атты халықаралықжобаның негізінде, тағлымдық семинар өтті. Семинарға Қазақстанның 11 қаласынан жас ғалымдар келіп қатысты барлығы 25 қатысушыныңқатарында ҚазҰУ биология факультетінің 2 жас ғалымы да бар, олар б.ғ.к., микробиология кафедрасының оқытушысы А.С. Кистаубаева және PhD докторант А.Кабдуллина. Семинардың мақсаты жас ғалымдарға Халықарылық ғылымдықжобаны ұтымды жазуды үйрету. Семинар соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ – ДЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ INSPIRE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАНЫҢ СЕРТИФИКАТТАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

11.05.2010

2010 жылдың 30 сәуірі күні Британдық кеңесте Қазақстанның жас ғалымдары үшін INSPIRE халықаралық жобаның аясында білім жетілдіру семинары өтті. Бұл семинарға Қазақстанның 11 қаласынан 25 жас ғалымдар шақырылды.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан және Корея Республикасы: қарым-қатынас орнатудың жаңа нышаны

08.05.2010

6 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Шинхан Банк» АҚ вице-президенті Чжо Ёнг Бёнг (Корея Республикасы) келіп қайтты. Бас қосудың басты мақсаты - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Шинхан Банк» АҚ (Сеул қ.) арасындағы қарым-қатынас орнату жөніндегі меморандумды қабылдау.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ дайындық факультетінің құрылғанына 25 жыл!

08.05.2010

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің құрылғанына 25 жыл толуына байланысты «Жер – біздің ортақ шаңырағымыз» атты ХХV студенттік-ғылыми конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 26.04.2010 – 01.05.2010

08.05.2010

  • «ҚазҰУ Аруы – 2010».
  • «Қазақстан Республикасының президенттік институты: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
  • Астанада Еуразия қауымдастығының ХІ Съезді өтті.
  • ҚазҰУ түлегі академик Қ. Құлажанов студенттер шәкіртақысын тағайындады.
  • ҚазҰУ Ұлы Жеңістің 65-жылдық мерейтойын тойлады.
  • ҚазҰУ-ға «КампюсФранс» оқу бағдарламасының менеджері Жак-Люк Ито-Паж (Франция) қонақтап қайтты.

Ары қарай оқу >>

Берлин физикасының тарихы

08.05.2010

2010 жылдың 5 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетінде Қазақстандағы Германияның жылына байланысты «Берлин физикасының тарихы» атты «дөңгелек үстел» өтті. Дәрісті физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Петер Эндерс оқыды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Б.Т. Жұмағұловтың студенттермен дәстүрлі кездесуі

07.05.2010

2010 жылдың 15 мамыр күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Б.Т. Жұмағұловтың студенттермен дәстүрлі кездесуі өтеді. Кездесуге Университеттің проректорлары, департамент директорлары, факультет декандары, деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, белсенді студенттер және студенттік ұйымдардың жетекшілері қатысады. Кездесудің алдында ҚазҰУ-дың студенттік ұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, Жеті муза қоғамының «ZEREK» байқауының қортындысын шығару жоспарланған. Кездесу барысында өз бағыттары бойынша студенттік өзін-өзі басқарудың дамуы мен болашағы, ағымдағы оқу жылында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ҚазҰУ Студенттер сенатының төрағасы Асфендияр Кушеновтың, «Сұңқар» студенттер кәсіподағының төрайымы Арайлым Өмірбекованың, Жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі Назира Болдурукованың баяндамалары тыңдалады. Сонымен қатар, Бақытжан Тұрсынұлы студенттердің алдын ала жолдаған хаттарына және кездесуге қатысып отырған белсенді студенттердің сұрақтарына жауап береді.

Кездесудің уақыты: 2010 жылдың 15 мамыры.

Басталуы: сағат 11.00.

Өтетін орны: ректорат, 15 қабат, конференц зал.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Б.Т. Жұмағұловтың студенттермен дәстүрлі кездесуі

07.05.2010

2010 жылдың 15 мамыр күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Б.Т. Жұмағұловтың студенттермен дәстүрлі кездесуі өтеді. Кездесуге Университеттің проректорлары, департамент директорлары, факультет декандары, деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, белсенді студенттер және студенттік ұйымдардың жетекшілері қатысады. Кездесудің алдында ҚазҰУ-дың студенттік ұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, Жеті муза қоғамының «ZEREK» байқауының қортындысын шығару жоспарланған. Кездесу барысында өз бағыттары бойынша студенттік өзін-өзі басқарудың дамуы мен болашағы, ағымдағы оқу жылында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ҚазҰУ Студенттер сенатының төрағасы Асфендияр Кушеновтың, «Сұңқар» студенттер кәсіподағының төрайымы Арайлым Өмірбекованың, Жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі Назира Болдурукованың баяндамалары тыңдалады. Сонымен қатар, Бақытжан Тұрсынұлы студенттердің алдын ала жолдаған хаттарына және кездесуге қатысып отырған белсенді студенттердің сұрақтарына жауап береді.

Кездесудің уақыты: 2010 жылдың 15 мамыры.

Басталуы: сағат 11.00.

Өтетін орны: ректорат, 15 қабат, конференц зал.

Ары қарай оқу >>

«Химиктер күні»

06.05.2010

Құрметті достар және әріптестер! Сіздерді химиктердің төл мерекесіне шақырамыз! Биыл «Химиктер күні» мамырдың 29 жұлдызында сағат 1100 ҚазҰУ-дағы химия факультетінің жаңа ғимаратында малахит залында өтеді.

Ары қарай оқу >>

Кітап көрмесі

04.05.2010

2010 жылы 23-ші сәуірде Студенттер сарайында Ғылыми кітапхана «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Президенттік институттың ролі» атты халықаралық ғылыми конгресске арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>