Тұрақты дамудың САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ мақсатын дәріптеу аясында “Геодезиядағы жаңа заман аспаптары” тақырыбында ғылыми семинар.

 

       Желтоқсан айының 5 жұлдызында к

артография және геоинформатика кафедрасының 4 курстарымен кафедрамыздың оқытушысы Құрманбаев О.С. “ГеоМастерА” ЖШС-ында “Геодезиядағы жаңа заман аспаптары” атты семинар өткізді.

       «ГеоМастерА» ЖШС – геодезиялық аспаптарды жеткізу саласындағы серпінді дамып келе жатқан компания. 2015 жылдан бастап геодезиялық аспаптардың кең ассортиментін шығаратын SOUTH GOODGEING & MAPPING INTRUMENT өнімдерінің Қазақстан мен Орталық Азиядағы ресми дистрибьюторы болып табылады:GNSS қабылдағыштары, жалпы станциялар, теодолит, нивелир,қашықтық өлшегіш,радио модемдер, және т.б. Семинар барысында South NTS-362R6 аспабымен таныстық.

       South NTS-362R6 жалпы станциясында үлкен, кеңейтілген әріптік-цифрлық пернетақтасы, екі жақты СКД дисплей (орыс мәзірі), екі осьті компенсатор және кіріктірілген инженерлік-геодезиялық бағдарламалардың базалық жиынтығы бар. Біз жасаған жұмыстар:

 

1) Тахеометрді центрлеу

2) Нүктелердің шартты координаталарын анықтау

3) аумақты түсіру

4) екі белгілі репер бойынша кері есеп функциясы арқылы тахеометрдің орнын анықтау

5) белгілі координаталар бойынша нүктелерді бөлу жұмыстары

6) Жұмыс режимі: шағылыспайтын және шағын призма. Дәлірек бақылау үшін биіктігі 0,1 м минипризма қолданылды

 

       Семинар өте қызықты әрі пайдалы ақпараттарды алдық. Жаңа технологиялармен бәрі жеңіл екеніне тағы көзіміз жетті.

 

Қосымша

https://www.instagram.com/reel/CzYJ22aAN56/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.facebook.com/share/v/qbNUSEx8vFPcMKBc/?mibextid=7TVuMX

Басылым күні :  06.12.2023