Кафедраның тарихы

Картография және геоинформатика кафедрасының қалыптасуы мен дамуы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің геоморфологиялық ғылыми мектебімен тығыз байланысты. Кафедраның негізін құрған, аты аңызға айналған геоморфолог, геолог, географ және картограф ғалым Мұқатай Жандаевич Жандаев.

1974 жылы Қазақстан Республикасының ғылымға Еңбегі сіңген қайраткер, г.ғ.д., профессор М.Ж.Жандаев геоморфология кафедрасын ашты. Ол Қазақстандағы геоморфология кафедрасының ең алғашқы меңгерушісі болып сайланды (1974 -1988), кафедра 2002-2011 жылдары геоморфология және картография кафедрасы, 2011 жылдан бастап картография және геоинформатика кафедрасы болып аталды. 

Әр жылдары кафедра меңгерушілері болып мына профессорлар қызмет жасады:

Веселова Л.К. (1988-2000 жж.);

Медеу А.Р. (2000 – 2001жж.);

Қуанышбаев С.Б. (2002-2004 жж.);

Бексеитова Р. Т. (2004-2008 жж.);

Керімбай Н.Н. (2008-2012 жж.);

Касымканова Х.М. (2012 – 2020 жж).

2020 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін кафедраның меңгерушісі PhD, доцент м.а. Асылбекова Айжан Асылбекқызы.

Осы жылға дейін кафедра жүздеген геоморфологтарды, картографтарды, геодезистерді, геоинформатиктерді дайындап келеді. Бұл мамандыққа ие болғандар мемлекеттік басқару ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында, жоғарғы оқу орындарында және т.б. үздік еңбек етіп келеді. Кафедра мамандықтарына ие болғандардың ішінен әр жылдары мына жетекші қызметтерде жүргендер бар: География Институтының директоры, география ғылымдарының докторы А.Р.Медеу, Арқалық университетінің ректоры, география ғылымдарының докторы С.Б.Қуанышбаев.

Жоғарғы мектептің педагог қызметінде жүргендер және ірі ғалым деңгейіне ие болған кафедра бітірушілері Бексеитова Р.Т., Көшім А.Г., Қуанышбаев С.Б., Ақпанбетова К.

Қазіргі уақытта кафедра «6B07301– Геодезия және картография» және «6B07302 – Геоинформатика» мамандығы бойынша бакалаврларды, «7М07301 – Геодезия», «7М07302 – Геоинформатика», «7М07303– Картография», «7М07306 – Геоинформатика» (екідипломды бағдарлама),   «7M05210 – Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандықтары бойынша магистрлерді, «8D07301 – Геодезия», «8D07302 – Геоинформатика», «8D07303 – Картография» және «8D05206 – Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандығы бойынша докторанттарды дайындайды. Бұл мамандықтар бойынша кафедрада 429 студент қазақ және орыс бөлімдерінде білім алып жүр.

Кафедрада оқу лабораториялары, геоинформаициялық картографиялау ғылыми-зерттеу лабораториясы, ГАЖ технологиялары және ЖАЗ орталығы бар, сонымен қатар кафедраның жас ғалымдарына арналған ГАЖ Орталығы және ҚазҰУ-нің аймағында орналасқан оқу геодезиялық полигоны қызмет көрсетеді.

Қазіргі заманның талабына сәйкес оқу үдерісіне инновациялық технологияларын енгізу мақсатында кафедраның оқу лабораториялары, жоспар бойынша сандық және электронды геодезиялық аспаптармен, ғаламдық навигациялық ғарыштық жүйелер аспаптарымен, кеңістіктегі мәліметтерді өңдеуде бағдарламалық өнімдермен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта кафедра картография, геодезиря салаларындағы сандық және тақырыптық картографиядағы теориялық, қолданбалы мәселелер зерттеліп, өңделуде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының халықшаруашылық саласындағы басқаруларда геоинформациялық жүйелерді пайдалану қарастырылуда.

Кафедраның ғылыми-техникалық және әдістемелік базасы қазіргі уақытта жоғарғы және білікті білім беру орындарында қызмет істейтіндерге, сонымен қатар геодезия, картография және геоинформатика саласында қызмет ететін өндіріс қызметкерлеріне арналған біліктілік деңгейін көтеру курстарын ашуға толықтай мүмкіншілігі бар.