Біріңғай уақыт белдеуіңе ауысу.

 

      Ақпан айының 2 жұлдызында «Геодезия және картография» мамандығының 3 курс студенттері «Біріңғай уақыт белдеуі» тақырыбында тәрбие сағатын өтті.

      Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілетін болды. Бұған дейін ғалымдар мен сарапшылардың қызу талқысында болған мәселеге Сауда және интеграция министрлігі нүкте қойды. Қазір тиісті түзетулер жобасы дайындалды. Енді 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.

      1 наурыздан бір уақыт белдеуіне көшеміз. Еліміздің бар аймағында бір уақыт жүреді. Неге? Бұл басты сауал. Екінші сауал: салыстырмалы түрде вертикаль – тігінен орналаспаған, шығысынан батысына дейін 3мың шқырымды құрайтын ұланғайыр жеріміздің сол шығысы мен батысында тұратын адамдардың денсаулығына, тіршілігіне әсері қандай? Қазақстанда қазір ресми түрде UTC+5 және UTC+6 сағаттық белдеулері қолданылады. Салдарынан, батыс өңір мен басқа аймақтар арасында 1 сағат айырмашылық қалыптасты. Ғалымдардың «UTC+6 аумағындағы тұрғындар өзінің географиялық уақытынан шамамен 1 cағат 20 минуттай алда өмір сүреді, тиісінше биологиялық ритмдар бұзылып, созылмалы аурулардың пайда болуына ықпал етті»,- деп дабыл қаққаны да сол. Тіпті, хронобиология ғылымында, медицина саласында «Әлеуметтік сағаттық белдеулер ауысуы синдромы» деген термин пайда болған. Сарапшылар елдегі табиғи уақыттың сәйкес келмеуі адам ағзасына теріс әсерін тигізетінін айтады. Сондықтан мамандар тұтас ел бойынша уақытты бір сағатқа ауыстыруды жөн санайды.

Басылым күні :  05.02.2024