ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ.

 

       Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 17-қараша Халықаралық студенттер күніне орай “Біз - Жаңа Қазақстан жастарымыз” атты студенттер арасындағы жас таланттар байқауы өткен болатын. Байқауға барлық факультет студенттері, шетелдік студент-жастар қатысты. Осы байқауда факультетіміздің дарынды студенттері топ жарып, бірнеше номинациялар бойынша Бас жүлде, І және ІІ орындармен марапатталды.

       Факультетіміздің атынан дүбірлі додаға қатысқан жастардың ішінде Картография және Геоинформатика кафедрасының студенттері ерекше белсенді болып, өз үлестерін қосты. Кафедрамыздағы “Геодезия және картография, “Геоинформатика”, “Табиғи техногенді қауіп-қатер” мамандықтары бойынша жобаға белсенді қатысқан студенттеріміз : Аманова Жаннұр, Демеген Бекзат, Длимов Мирзалы, Жунусов Райымбек, Кәрім Жазира, Қуандық Бақдаулет, Құттымұратова Назерке, Максутов Шахнияр, Тажадин Диас, Торехан Әділ, Болатов Елхан, Балпейсов Нұрдаулет, Жұмаділда Дінмұхаммед, Қуандық Жансая, Ботан Ақбота.

 

Басылым күні :  18.11.2023