Республика күні

       Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде екінші рет аталып өтіліп жатыр. Былтыр 29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған еді. Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып белгіленді. 

       Осы мерекеге сәйкес Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универститетінің Жоғарғы құқықтық тәртіп сақтау жасағының ұйымдастыруымен спорттық жарыс өтті.Сайыс әртүрлі салмақтағы қол күресінен, гір көтеруден,арқан тартыстан тұрды.Әртүрлі факультеттен студенттер жиналып,бақтарын сынады.Соның ішінде “География және табиғатты пайдалану”факультетінің студенттері жүлделі орындарға ие болды.Қол күресінен Бектемиров Ақжол 3 орынға ие болса,Өмірбек Дархан жүлделі 1 орынды иемденді.Арқан тартыстан факультетіміз 1 орын алып алдыңғы қатардан көрінді.Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

  

Басылым күні :  27.10.2023