ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласы заң консультанттары палатасы төрағасының заң факультетінің студенттерімен кездесуі

27.02.2023

2023 жылы 28 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Алматы қаласы заң кеңесшілерінің төрағасы Г. А. Бердібекова мен 1 курс студенттерінің «Қазақстан Республикасындағы Парламент сайлауы. Студенттерді сайлау мәселлері бойынша ақпараттанлыру» тақырыбында кездесу өтті.

Бұл кездесудің ұйымдастырушылары мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары Баймаханова Д.М. және Құсайынов Д.О.

Гүлнар Әуелбекқызы сайлау заңнамасындағы жаңалықтар туралы презентациямен студенттер алдында сөз сөйледі.

Ары қарай оқу >>

Университеттің үздік жас маманы-2022

13.12.2022

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының маманы Набиева Малика «Үздік жас маман-2022» байқауының жеңімпазы ретінде дипломмен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Д. А. Қонаев атындағы Қордың марапаты

07.12.2022

Заң ғылымдарының докторы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының кеңесшісі Е. Е. Дүйсенов көрнекті мемлекет қайраткері Д. А. Қонаевтың 110 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық медальмен марапатталды.




Ары қарай оқу >>

Әкімшілік сот ісі: теория және тәжірибе

01.12.2022

2022 жылдың 1 желтоқсанда «Құқықтағы әділеттілік» ғылыми қоғамдастығының шеңберінде кафедра профессоры з.ғ.д. Н. Калишеваның жетекшілігімен, Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот судьялары Алдабек Ержан Әбдіразақұлы мен Кузетаева Динара Зарыкбекқызының жетекшілігімен « әкімшілік талап-арыздар: теория және тәжірибе» тақырыбында дәріс өтті.

Ары қарай оқу >>

Әлем чемпионатының жүлдегерімен кездесу

08.11.2022

8 қараша, 2022 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Заң факультетінде мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Ибраева Алуа Саламатовнаның бастамасымен факультет деканы, з.ғ.д., профессор Байдельдинов Даулет Лаиковичтің және деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., профессор Ахатов Уалихан Акыпбековичтің, сондай-ақ факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен 2022 жылдың 14-16 қазаны аралығында Арменияның Ереван қаласында 24 мемлекеттен 500-ден аса балуандары қатысқан самбодан кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдерегі заң факультетінің 2-ші курс студенті (ҚТ-201 / куратор: з.ғ.к., доцент Турсынкулова Динара Ахановна) Әбдімажит Серікпен кездесу өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінде кафедра оқытушыларына "Ерен еңбегі үшін" медалі табысталды

27.10.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінде факультет оқытушыларына "Ерен еңбегі үшін" медалі табысталды. Марапатты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж.К. Түймебаев атынан заң факультетінің деканы з. ғ. д., профессор Д. Л. Байдельдинов табыс етті.

Ары қарай оқу >>

Республика күні құрметіне «Егемендік - елдігім, тәуелсіздік - теңдігім» атты мерекелік іс-шара

19.10.2022

2022 жылдың 19-шы қазаны күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 25-ші қазан - Республика күні құрметіне «Егемендік - елдігім, тәуелсіздік - теңдігім» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға Заң факультетінің 1-2 курс студенттері белсене ат салысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Ары қарай оқу >>

Әкімшілік құқық бойынша көшбасшылық дәріс профессорлар Подопригора Р. А.

13.10.2022

2022 жылы 13 қазанда оқу барысында белгілі қазақстандық әкімшілік қызметкер, Каспий қоғамдық университетінің "Әділет" Жоғарғы Құқық мектебінің директоры, заң ғылымдарының докторы, Подопригора Роман Анатольевич профессорының "Әкімшілік рәсімдер: жаңа формат" тақырыбында әкімшілік құқық бойынша көшбасшылық дәрісі өтті.

Ары қарай оқу >>