7M03202 Журналистика

 

Білім беру бағдарламасы

7M03202 Журналистика

Білім саласы

7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

Дайындық бағыты

7M032 Журналистика және ақпарат

Білім беру бағдарламаларының тобы

M067 Журналистика және репортер ісі

Мақсаты

Ғылым және ЖОО-дағы білім салаларына төмендегідей істерді атқара алатын кәсіби кадрларды сапалы даярлау:

  • сыни тұрғыда бағалау және журналистика теориясы мен тәжірибесіндегі жаңа жетістіктерді түсіндіре алу;
  • зерттеу контексті аясында ақпараттық жүйедегі жаңа идеяларды ойлап табу және қолдана білу;
  • жаңа және беймәлім контекстердегі кәсіби және өзге де мәселелерді шеше білу;
  • кәсіби және ғылыми саладағы нәтижелерге әлеуметтік және этикалық жауапкершілік таныту;
  • шешендік өнердегі дағдыларды қолдана отырып халық алдында сөйлеуді жүзеге асыру және жоспарлау.

Оқыту тілі

орыс, қазақ, ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқытудың нәтижесі

  1. Журналистиканы білім саласы ретінде, оның пәнаралық қатынастарын, журналистиканың дамуындағы өзекті проблемалары мен преспективаларын талдау; оқу-ағарту, зерттеу мәселелерін шешу мақсатында журналистік және пәнаралық синтез бен трансформацияны қолдану;
  2. БАҚ-тың әртүрлі феномендерін, мәдениет, таным, қоғамдық өмір (мәтіндер, сюжеттер, шығармалар, жағдаяттар, үдерістер және т.б.) талдау;
  3. Түрлі жанр мен стильдегі журналистік мәтіндерге баға беру және түсіндіру;
  4. Журналистік мәселелерді бөлшектеу, тұжырымдау. Оны ғылыми-зерттеу әдістер және медиатехнология негізінде шешу;
  5. Ақпарат пен оқу-әдіснамасының негізінде зерттеу жобаларын жүзеге асыру сценарийін жобалау;
  6. Қолданбалы салаларда журналистика теориясын іске асыру; мемлекет саясатына қатысты жеке көзқарас білдіру және дәлелдеу; заманауи ақпараттық мәдениеттер жетістіктерін, заманауи әдістер мен журналистика саласындағы ғылыми танымды қолдана отырып ғылыми мәселелерді алға тарту, дәлелдеу, шешу;
  7. Интерактивті оқу әдістерін, заманауи компьютерлік технологияларды оқу орындарында қолдана отырып, кәсіби-тәжірибелік дағдыларды, масс-медианы оқыту шеберлігін жүзеге асыру; медиа саласындағы түрлі ақпарат көздеріне сүйене отырып оқу материалдарын қолдану;
  8. Магистрлік зерттеудің өзектілігін анықтау; зерттеу мақсаты мен міндеттері; зерттеуге сәйкес әдісті таңдау және негіздеу; алынған нәтижені бағалау және түсіндіру.
  9. Оқу және зерттеушілік пәнаралық жобаларды жасау: жүзеге асыру сценарийін жасау, дәлелді түрде нәтижелер мен қорытындыларды жобалау.
  10. Жоғары оқу орындарында журналистикадағы белгілі бір типтегі (зертханалық, тәжірибелік және семинарлық сабақтар) білім беру қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және енгізу бағдарламаларын жүйелі түрде ұсыну; журналистік пәндерді оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін және технологияларын көрсету.
  11. Инновациялық идеяларды қалыптастыру, тәуелсіз болжамдар жасау; кәсіби жетілдіру траекториясын қалыптастыру.
  12. Коммуникативтік және әлеуметтік-мәдени жағдайларды дамыту үшін болжамдық сценарийлер мен модельдерді әзірлеу; зерттеудің негізгі нәтижелерін және тұжырымдарын құрып, жұмыстың нәтижелерін ұсыну (баяндамалар, мақалалар, заманауи баспа және редакциялау құралдарын тарту арқылы); өз мүдделерін әлеуметтік және этикалық құндылықтармен, сондай-ақ топтың мүдделерімен байланыстыру; кәсіби біліктіліктің лингвистикалық параметрлерін еркін меңгеру.

Талапкерлерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1373

Академиялық қызметі

 

Ғылыми қызметі

 

Халықаралық қызметі

 

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)