7M02103 Баспа менеджменті және типографика

 

Білім беру бағдарламасы

7M02103 Баспа менеджменті және типографика

Білім саласы

7M 02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Дайындық бағыты

7M021 Өнер

Білім беру бағдарламаларының тобы

M036 Полиграфия

Мақсаты

Баспа жобаларын басқару, мәтіндік, графикалық және мультимедиалық материалды ресімдеу дағдыларын меңгерген баспа менеджменті мен типографиканың салааралық бейіндерінің тоғысында мамандар дайындау.

Оқыту тілі

орыс, қазақ, ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқытудың нәтижесі

  1. ON1 Тілдер мен мәтіндер туралы жаңа ғылыми теориялар мен тұжырымдамалар тұрғысынан баспа менеджменті мен типографика салаларының тоғысында кәсіби қызметті жүзеге асыру.
  2. ON2 Корпоративтік (логотиптер мен брендинг), редакциялық (кітаптар, газеттер, журналдар), навигациялық, веб-дизайн және т.б. салалардағы интегративті процестердің нәтижесі ретінде баспа қызметі тұрғысынан типографиканың бағыттарын әзірлеу.
  3. ON3 Типографиканы эстетика, экономика, психология, әлеуметтану, философия және т.б. әсерінен тарихи қалыптасқан дүниетанымдық және шығармашылық қызмет әдісі ретінде, ал баспа ісіндегі құқықтық менеджментті баспаның ұйымдастырушылық моделі ретінде талдау.
  4. ON4 Отандық графикалық және электронды өнімдердің әр қилы түрлерін жасау кезінде ұлттық графика дәстүрлерін, түпнұсқа қаріптерді қолдану.
  5. ON5 Графикалық дизайн негізі ретінде баспа мен типографика үндесуінде ғылыми дизайнды әзірлеу; баспа парадигмасының өзгеруі жағдайында баспалардың ұйымдастырушылық мәдениетінің принциптері.
  6. ON6 Семиотиканың түрлі бағыттары контексінде мәтіндік және визуалды материалды контент-талдау әдіснамасын пайдалана отырып, баспа ісі және графикалық дизайн салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу.
  7. ON7 Кәсіби деңгейде графикалық бағдарламаларды қолдана отырып, медиа мазмұнды өңдеу: CorelDraw, Adobe Illustrator, Adobe Photoshop, Adobe InDesign: кітап, газет-журнал, жарнамалық басылымдар, цифрлы құжаттар мазмұнын шығаруға дайындық.
  8. ON8 Медиа мен аудиторияның өзара әрекеттесуінің негізгі тенденцияларын, редакциялық менеджмент пен типографиканың бағыттарын болжау.
  9. ON9 Баспа-полиграфиялық және дизайн жобаларының құқықтық базасын дамытудың ғылыми тұжырымдамасын модельдеу.
  10. ON10 Электронды баспа жағдайында жаңа кәсіби ақпаратты контекстке келтіру.
  11. ON11 Кітаптану ғылымы, полиграфия мен дизайн шығармашылығын дамытудағы келешегі бар бағыттарды жүйелеу.
  12. ON12 Баспа менеджменті мен типографиканы мәтінді безендіру өнері ретінде оқытудың заманауи әдістерін, магистрлік диссертациядағы, ғылыми жарияланымдарды, педагогикалық қызметтегі синтездеу.

Талапкерлерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/2115

Академиялық қызметі

 

Ғылыми қызметі

 

Халықаралық қызметі

 

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)