«Ыбырай Алтынсарин – ұлы дала ағартушысы» тақырыбында ашық кураторлық сағат

1-сәу-21

Көрулер: 1939

«Ыбырай Алтынсарин – ұлы дала ағартушысы»

тақырыбында ашық кураторлық сағат 

 

Өткізілген күні: 01.04.2021 ж., 16.00

Іс-шараның мақсаты: Студенттерге қазақтың ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбегін жан – жақты таныстыра отырып,студенттердің өз бетімен білім алуына жетелеу.

Іс-шара ұйымдастырушылары: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 2 курс, АҚЖ-19-6 тобының студенттері және топ куратор-эдвайзері Усманова А.М

 

Бірінші болып топтың куратор-эдвайзері Усманова А.М ашық сабақтың тақырыбын жариялау, ашық сабаққа бастау берді.

          Келесі сөз кезегі іс-шараның жүргізушісі Ерланова Анель берілді. Анель ұсынылған презентацияға сәйкес Ы.Алтынсариннің дара жолы туралы қысқаша мәлімет берді.

Келесі сөз кезегі топ студенті Ақылбек Парасат берілді. Парасат Ыбырай Алтынсарин өз өмірінің бәрін келешек ұрпақ үшін арнағаны жайлы,оның шығармалары жас ұрпаққа әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу үшін арналғаны жайлы айтып береді

   Қорытынды сөзді топ студенті Мыңбай Санжар алып, студенттердің ұсынған материалдарының мақсаты және құндылығы туралы қорытындымен ашық сабақты аяқтады.