Әбенов Болат Құсайынұлы Қазақстан Журналистер одағы мүшелігіне қабылданды

22-сәу-23

Көрулер: 424

Болат Құсайынұлы 4-5-сыныптарда, яғни мектеп қабырғасында оқып жүріп-ақ «Балқаш өңірі», «Орталық Қазақстан» газеттеріне заметкалар жазып бастаған және ешқашан қаламын тастаған емес. Қазір де университет пен факультет тіршілігі жайлы – ұжымның білім беру ісіндегі, ғылым мен мәдениет, спорт салаларындағы жемісті жеңістері мен толағай табыстарын – «Қазақ университеті», «Алматы ақшамы», «Президент мен халық», «Ана тілі» сияқты басылымдарда, «Игілік» республикалық отбасылық журналында,  «ҚР ҰҒА Хабарлары. Физика-математикалық сериясы» журналдарында жариялап келеді.

Оның теледидар арқылы және газет-журнал беттерінен айтылатын рухани құнды материалдары да зиялы жұрт көкейіне қонып, көңілінен шығып жүр.